3-тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңіндегі ақын-жазушылар шығармашылығы. Нұржан Наушабаев (1855-1919). Шәді Жәңгіров (1855-1933).
Нұржан Наушабаевтың діни-ағартушы бағыттың көрнекті өкілі екендігі. Жазба әдебиеттің қалыптасуына қосқан үлесі. «Манзүмат қазақия», «Алаш» кітаптарының ХХғ.б. әдебиетіндегі орны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны. Нұржан «назымдарының» дарынды ақынның өзіндік ізденістері екендігі. Шығармашылығының өнбойына діндарлығының арқау болатындығы. Н.Наушабаев шығармашылығындағы жетістіктер мен кемшіліктердің ара салмағы.
Шәді Жәңгіров – шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір», «Назим Шоһир дәуіріш», «Қисса Болғәм Бағур», «Хайбар қиссасы», «Халифи һәрун Рашит») мән-мазмұны.
Шәдінің өзіндік төлтума шығармаларының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хүкмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Келіннің бетін ашатын терме», «Хикаят Орақ- Күлше», «Қарынның жер жұтқан отағасы», т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғас жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы айға», «Бірмолдаға», т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Шәді шығармашылығының ХХғ.б. әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |