Ұ. Б. Смаилова


«Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Сөйлеуді дам2

1. «Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны. Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан 
қай жануар дыбыстап жатқанын табады. Бірге қайталайды. 
Дауыстарын салады. 
2. «Төлдерді енесімен қос!». Суреттен үй жануарлары мен олардың төлдерін 
сәйкестендіреді. Үй жануарлардың аттарын айтады, сызық арқылы қоса отырып, енесіне 
қалай дыбыстап баратынын айтады. 
Балалармен артикуляциялық жаттығу жасау «М-м-м мөөө», «м-м-м мәәә» 
3. Рефлексия. 
Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтып үйренеді. 
Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді.
 
№ 10 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Мысық. 
Мақсаты:
Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан 
түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. 
Міндеттері: 
а) Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту. 
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: мысық туралы 2–3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра білу дағдысын; 
түсінеді: мысық туралы; 
қолданады: мысықтың қалай дыбыстайтынын. 
Көрнекіліктер: сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары. 
Сөздік жұмыс: мысық. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезең. 
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды. 
Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де, 
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге! 
Балалар қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды. 


21 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет