Қ.Қ. Комбаев метрология, стандарттау және сапаны басқару



бет1/8
Дата14.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#134429
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.Қ.Комбаев

МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ САПАНЫ БАСҚАРУ
Техникалық мамандықтары бойынша оқитын

студенттерге арналған оқу құралы

Өскемен

2009


УДК 006

ББК 30.10

Комбаев Қ.Қ. Метрология, стандарттау және сапаны басқару: Қазақстан Республикасының ҚР МЖМБС 3.08.348 – 2006 негізінде «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында: 5В071200 – Машинажасау; 5В090100 – Тасымалдауды, жол қатынасын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары; 5В071600 – Приборлар жасау; 5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар; 5В072200 – Полиграфия мамандықтарында оқитын студенттерге арналған оқу құралы / Қ.Қ.Комбаев / ШҚМТУ. – Өскемен, 2009 ж.–123 б.


Оқу құралында «Метрология, стандарттау және сапаны басқару» пәні бойынша, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау үшін материалдар берілген.

Оқу құралында стандарттаудың, метрологияның және сертификаттаудың осы заманғы жағдайы, мәселелері және жетілдіру бағыттары қарастырылады.
МжКФ әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген
___________2009 ж. № ______ хаттамасы

Пікірберушілер: ШҚМТУ доценті Туленденова Н.Қ.

т.ғ.к., профессор Дудкин М.В.

т.ғ.к., профессор, кафедра меңгерушісі Лопухов Ю.И.


© Д.Серікбаев атындағы

Шығыс-Қазақстан

техникалық университеті, 2009


МАЗМҰНЫ

1

1.1



1.2

1.3


1.4

1.5


1.6
1.7

1.8
1.9

1.10

1.11


1.12

1.13


1.14
1.15

2

2.1



2.2

2.3
2.4


2.5

2.6


3

3.1
3.2

3.3

3.4


3.5

3.6


3.7

3.8


3.9

3.10
3.11


3.12

3.13
3.14


3.15

3.16


3.17



АЛҒЫ СӨЗ

Стандарттау

Кіріспе

Стандарттаудың қысқаша даму тарихы

Стандарттау туралы негізгі түсініктемелер

Техникалық шарттар нормативті құжат ретінде

Ұйымның стандарттары

Стандарттау және техникалық регламенттер бойынша құжаттар туралы ақпараттар

Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі

Мемлекеттік стандарт және сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын бұзу жауапкершілігі

Өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлемесі

Стандарттау органдарының және қызметтерінің жүйесі

Мемлекеттік стандарттау жүйесі

Өнім және қызметті растау жүйесінің сипаты

Халықаралық және аймақтық стандарттау

Стандарттарды енгізу. Стандарттауды таңбалау. Өнімдерді таңбалау

ТМД стандарттау

Сертификаттау

Өнімдерді сертификаттау. Сертификаттау туралы түсінік

Сертификаттау сұлбалары

Сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу

Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде міндетті сәйкестікті растау формалары мен сұлбаларын таңдау

Халықаралық сертификаттау

Міндетті сертификаттаудың қатысушылары

Метрология

Метрологияның мәні мен қолданылуы.

Метрология және олардың құраушылары

Сынақ жүргізу кезіндегі өлшемдер.

Техникалық процестер мен өндірісті басқару кезіндегі өлшем тиімділігін қамтамасыз ету шарттары

Өлшем және физикалық шамалар

Физикалық шамалар

Физикалық шаманың бірлік жүйесі

Эталондар және стандартты үлгілер

Өлшем межеліктері


Өлшеу құралдарының түрлері

Өлшем жүргізу әдістері

Өлшеу құралдарының топтастырылуы және метрологиялық сипаттамалары

Әртүрлі жұмыс түрлерінде метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері

Өлшеу құралдарын және сынақ жабдықтарын аттестаттау

Метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізі

Метрологиялық қызмет

Өнімдерді сынақтан өткізу.

Өнімдердің сапасын растау үшін сынақтар жүргізу

Сынақтың негізгі түрлері және олардың ерекшеліктері

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша А

9 қараша 2004 жылғы № 603-II Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Қосымша Б

Негізгі заңнамалық және нормативті құжаттар



5

6

6



7

9

16



18
19

20
21

23

24

25



29

31
41

42

44

44



46

48
49


52

55

59


59

60

61



62

62

64



66

67

68


69
75

82
83


84

85

87



88
122

АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу құралы метрология, стандарттау және сертификаттаудың теориялық курсы бойынша Қазақстан Республикасындағы алғашқы оқу құралының басылымы болып табылады. Оқу әдістемесін әзірлеу кезінде авторлар осы заманғы қол жеткізілген психология, педагогика және жетекшілік теорияларына сүйенді.

Студенттердің білімді дәрістердің конспектілерінен алынған оқу ақпараттарынан немесе өзге ақпарат көздерінен игеруі белгілі, алайда мұндай деңгейде «игерілген» білім маман тәжірибесінде жетекші бола алмайды. Пән туралы түсінікті, оның негізін, мәнің осылайша (еске сақтау тәсілімен) қалыптастыру кезінде сөздердің мағынасын түсіну мүмкін емес. Сөздермен бірге заттардың байланысы туындамайды. Осылайша сөздермен байланысты бейненің болмауы ойлауды жоққа шығарады.

Студенттердің ойлау қабілеттілігі адам өміріне қажет материалистік көзқарасты қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

Осы оқу құралының материалдарын жетілдіру кезінде авторлар таным формуласының саналы игерілуіне үміттенеді: түсіну, қабылдау, елестету, пікір, ой қорытындысы. Саналы деңгейде білімді игеруге әкелетін тиімді ойлау әрекеттері маманның өндірістік қызметінде жетекшілік етуі мүмкін.

Оқу құралы бойынша пәнді оқытудың негізгі міндеттері - бақылау және қолдану бойынша ғылыми негізделген дағдыны жаттықтыру, яғни машиналардың бөлшектерінің және өзге машина жасау салаларымен байланысты өндіріс технологиясын таңдау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттардың талаптарын орындау. Нарықты қатынас жағдайларында еліміздің экономикасының даму талаптарымен негізделген, себебі машина жасау өнімдерінің кемшіліктері өзара ауысымдылық негіздерінің және машина жасаудың сертификатталу мәселелерінің маман арқылы дұрыс шешілмеуімен негізделген.


1 СТАНДАРТТАУ
1.1 Кіріспе
Стандарттау, метрология және сертификаттау көпжақты сауда қызметінің маңызды аспектісі - өнім, жұмыс және қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Сапа проблемасы нарықтық экономикасының қаншалықты жетілгеніне қарамастан барлық елдерге көкейтесті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған Жапония мен Германияның өнім сапасын қамтамасыз етуге және бұл елдердегі экономиканың жаңа бастамасын беруге ықпал жасаған стандарттау және метрология әдістерін ұтымды пайдалануын еске алсақ та жеткілікті.

Бүгінде дайындаушы және оның саудалық делдалы сауда белгісінің беделін өсіруге, бәсекелестік күресте жеңуге, әлемдік нарыққа шығу мен стандарттың міндетті және ұсынылатын талаптарын орындауға қызығушылық танытуда. Бұл мағынада стандарттау осы заманғы кәсіпкерлік стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады. Оның әсері және талаптары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Осылайша өзара тиімді мәміле жасау үшін өндіріс және сауда мамандары білуі және орындауы тиіс «ойын ережелерінен» тұрады. Осыдан шығатыны стандарттау бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар дайындаушының, тапсырыс берушінің және саудагердің барлық басқару деңгейіндегі әсерлі серіктестігі.

Бүгін жеткізушіге прогрессивті стандарттардың қатаң талаптарын орындау жеткіліксіз, тауар шығарылымын, қауіпсіздік және сапа сертификаттарымен қызмет көрсетуді жетілдіру қажет. Тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасындағы көпшілік сенімді сапа жүйесіндегі сертификат тудырады. Ол сапаның тұрақтылығына, шындалған сапа көрсеткіштерінің шынайылығы мен дәлдігіне сенімділік туғызады, өнім өндіру процесіндегі және қызмет көрсетудегі жоғары мәдениеттілікті айғақтайды.

Келешекте тауар және қызмет көрсету қатары бойынша бекітілген талаптардың сәйкестігін растау тек сертификациямен ғана емес сонымен бірге өнім өндірушінің өзімен және қызмет көрсетуді орындаушымен бірге, яғни бірінші жақпен іске асырылады. Бұл жағдайларда ұйым басшыларының персоналмен стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін ұқыпты қолдануында жауапкершілігі және ролі арта түседі.

Коммерциялық қызметтің әртүрлі салаларында (саудада, банк қызметтерінде және т.б.) және өндірісте метрология ережелерін ұстану анықталмаған өлшем нәтижелерінен болатын материалды шығындарды минимумға әкелуге өз септігін тигізеді.

Отандық стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерінің халықаралық ережелермен үйлесімділігі алаңдатуда, себебі бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне маңызды шарт болып табылады және бұл еліміздің осы ұйым шеңберіндегі одан арғы қызметі. Үйлесімділік проблемасы осы уақытта техникалық заңнама облысындағы заңдарды қабылдау жолымен шешілуде.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 9 қараша 2004 жылғы №603-II Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» заңына қол қойды. Оның қабылдануы стандарттау және сертификациялау жүйесінің қайта ұйымдастырылуына бастау болды. Ол Қазақстанның ДСҰ кіруіне және саудада техникалық кедергілерді болдырмауға қажет.

Сонымен өзіндік бәсекелестігі бар еліміздің нарықтық экономикаға өтуі, тұтынушылар сенімін иеленудегі күрес коммерция мамандарының тауарлардың, жұмыс және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуі үшін стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін және әдістерін өз тәжірибелік қызметтерінде кеңірек қолдануларына әкеледі.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәнін оқытудағы мақсат сауда қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген аумақтардағы студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын қалыптастыру.


1.2 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Адамзат дамуымен қатар адамдардың еңбек қызметі де жетілдірілді. Бұл әртүрлі заттардың, еңбек құралдарының, жаңа еңбек тәсілдерінің пайда болуымен көрініс тапты. Мұнда адамдар қайталап қолдану мақсатында еңбек өнімділігінің сәтті нәтижелерін таңдап ала бастады. Ежелгі дүниеде бірыңғай өлшем жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс бұйымдарын, стандартты диаметрлі су өткізгіш құбырларын сол кезден қолдануы стандарттау саласының мысалдарын көрсетеді. Ол осы заманғы ғылыми тілде «көпшілік және көп реттік қолдануға арналған белгілі бір салада ережелерді қалыптастыру арқылы тиімді реттілік дәрежесіне қол жеткізу» деп түсіндіріледі.

Машиналық өндіріске өту кезеңінде стандарттаудың керемет жетістіктері орын алды, оған мысал ретінде 1785ж. француздық В.Н.Лебланмен құрастырылған алдын-ала қиюластырусыз бір уақытта дайындалған қарулардың кез келгені үшін әрқайсысы жарамды болған 50 қарулы құлыптар (өзара ауысымдылық және сыйымдылық жетістіктерінің мысалы); жаппай өндіріске көшу мақсатында Германияда корольдік қарулы зауытында қаруға деген стандарт бекітілген, ол бойынша соңғылардың калибрі 13,9мм болып анықталған; 1845ж. Ұлыбританияда бекітуші бұранда жүйесі енгізілді және сол уақытта Германияда теміржол колеясы стандартталды.

Халықаралық стандарттаудың бастамасы деп 19 мемлекет өкілдерімен 1875ж. қабылданған Халықаралық метрикалық келісімді және Халықаралық өлшем және салмақ бюросының бекітілгенін атауға болады.

Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте стандарттаудың даму бастамасы ретінде өлшем және салмақ метрикалық жүйесінің енгізілгенін қарастыру қажет. 1925ж. алғашқы стандарттау бойынша орталық орган – Еңбек және Қауіпсіздік Кеңес жанында стандарттау бойынша Комитет құрылды. Комитеттің негізгі міндеттері ретінде тізімдеме стандарттарын әзірлеу бойынша тізімдеме жұмысын жетекшілік ету ұйымы, сонымен қатар стандарттарды бекіту және жариялау болды. ОКС (Ортақ кеңестік стандарт) –стандарттар категориясы енгізілді. 1926ж. Комитет бидай сорттарына, шойынға, қара металдар илеміне және халық тұтынуына арналған кейбір тауарлардың алғашқы жалпы Кеңестік стандарттары әзірленді.

1940ж. стандарттау бойынша Жалпы Кеңестік комитет құрылды. ОКС және әртүрлі салалы стандарттар орнына мемлекеттік ортақ кеңестік стандарт (МСТ) категориясы енгізілді. Одан ары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Министрлер Кеңесінің жанындағы стандарттау бойынша Жалпы Кеңестік комитет өлшем және өлшеуіш құралдар стандарттары Комитетіне түрлендірілді.

1968ж. «Мемлекет ішіндегі стандарттау бойынша жұмыстарды жақсарту туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 11.01.65ж. Қаулысымен қабылданған алғаш рет әлемдік тәжірибеде мемлекеттік стандарттар комплексі «Мемлекеттік стандарттау жүйесі» (МСТЖ) әзірленді және бекітілді. 1.0-68 МСТ сәйкес стандарттардың төрт категориясы енгізілді: КСРО Кеңесінің мемлекеттік стандарты (МСТ), республикалық стандарт (РСТ), салалы стандарт (ССТ), кәсіпорын стандарты (КСТ).

Стандарттау дамуының белгілі бір жоғарғы сатысы болып 07.01.85 «КСРО стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы танылады. Бұл қаулыда стандарттаудың басты міндеті ретінде өнімге, ережелерге деген қарқынды талаптарды айқындайтын, оның әзірленуін, өндірісін және қолданылуын, сонымен қатар бұл құжаттаманың қолдану дұрыстығының бақылануын қамтамасыз ететін нормативті-техникалық құжаттама жүйесінің әзірленуі көрсетіледі.

25.12.90ж. КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысында №1340 «Стандарттау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру туралы» ел экономикасының нарықтық қатынасқа өту жағдайларындағы міндеттері және оның әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдастық етуі анықталды. Қаулыда концепциядағы мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері жүзеге асырылды, ондағы басты идея – ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық тәжірибеге келтіру. Негізгі ережелері болып табылады: стандарттарда өнім сапасына қойылатын – міндетті және ұсынылатын екі категорияның бекітілуі.



Міндеттіге қауіпсіздікті, экологиялық тазалықты, өнімнің өзара ауысымдылығын және сыйысымдылығын айқындайтын талаптар кіреді. Ұсынылатын талаптар болып талаптары ауыл шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын шет елдік халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану.

1992ж. бұрынғы Кеңес Одағының аумағындағы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бұл елдердің стандарттау, метрология және сертификаттау облысындағы жаңа ынтымақтастық формдарының ізденісін тудырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қатысушыларының мемлекет басшылары бұл облыста келісілген техникалық саясаттың жүргізілуінің қажеттілігін мойындай келе 1992ж. 13 наурызда стандарттау, метрология және сертификаттау облысында келісімді саясатты жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекет аралық кеңес құрылды, ондағы міндетке стандарттау (сонымен қатар метрология және сертификаттау) бойынша жұмыстарды мемлекет аралық деңгейде ұйымдастыру. Келісімге қол қою, ҚР мемлекеттік стандарттарының әзірленуі қазақстандық стандарттар жүйесінің қалыптасуының бастамасына әкелді.


1.3 Стандарттау туралы негізгі түсініктемелер
1.3.1 Терминдер және анықтамалар

Стандарттау - бұл келісімді бағаға сәйкес сапалы тауарларды алушы тұтынушылар құқығын, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігіне және ыңғайлығына деген құқықты қамтамасыз ететін талаптар, нормалар, ереже және сипаттамаларды әзірлеуге және бекітуге бағытталған қызмет. Шынайы іс-жүзіндегі, жобаланатын немесе әлеуметті міндеттердің шешімі үшін қалыптасқан ереже, талап және нормаларын кең және көп ретте қолдану арқылы қызметтің сол немесе басқа облыстардағы тәртіпке келтіру дәрежесін оңтайландыруға жеткізу.

Стандарттау - стандарттау объектісі және стандарттау облысы түсініктерімен байланысты.

Стандарттау объектісі - бұл өнім, процесс немесе қызмет үшін әзірленетін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер және т.с.с. стандарттау жалпы объектіге немесе оның жеке құрастырушыларына қатысты болуы мүмкін.

Стандарттау облысы - бұл өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы. Мысалы, машина жасау-стандарттау облысы, ал стандарттау объектісі ретінде машинаны жасаудағы технологиялық процестер, металды материалдар, қозғалтқыш түрлері және т.б.

Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымының (ИСО) және Халықаралық электротехникалық комитеттің (ХЭК) жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінде қабылданған келесі нормативті құжаттардың түрлері ұсынылады: стандарттар, техникалық шарттары бар құжаттар, ережелер жинағы, регламенттер (техникалық регламенттер).



Стандарт - бұл беделді органмен бекітілген және белгілі бір салада бірізділіктің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған консенсус негізінде әзірленген нормативті құжат. Стандартта жалпы және көп ретті қолдануға болатын, мазмұны әртүрлі қызмет түрлерінен және олардың нәтижелерінен тұратын ортақ принциптерді, ереже және сипаттамаларды бекітеді. Стандарттар ғылыми, техникалық және үздік тәжірибелер жетістіктерінің негізінде әзірленеді; олар өнім сапасының (және оны өндірудегі экономикалық тиімділікке) сонымен қатар оның өзара ауысымдылық дәрежесінің өсуіне кепілдік беретін көрсеткіштерге ие.

Техникалық шарттар құжаты өнімге, процеске және қызметке деген техникалық талаптарды бекітеді.

Ережелер жинағы әдетте жобалау процестерінде, жабдықтар және конструкциялар монтажында, техникалық қызмет көрсетуде немесе объектілерді, конструкцияларды және бұйымдарды пайдалануда әзірленеді. Құжаттағы техникалық ережелер ұсыныс сипатында жүреді. Ережелер жинағы жеке стандарт немесе жеке құжат сонымен бірге стандарттың бір бөлігі ретінде бола алады.

Регламент - бұл міндетті құқықты нормалары бар құжат. Регламент стандарттау органымен емес, билік органымен қабылданады. Регламенттер түрлері-техникалық регламент стандарттау объектісінің техникалық талаптарынан тұрады.

Стандарттау бойынша нормативті құжаттар Қазақстан Республикасында «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заңымен бекітілген. Мұндай нормативті құжаттарға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ); құқықтық нормаларға сәйкес қабылданатын халықаралық, аумақтық стандарттар, сонымен бірге стандарттау бойынша ережелер, нормалар және ұсыныстар; жалпы қазақстандық техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері; салалар бойынша стандарттар; кәсіпорын стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары. Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмейтін болса, таяу уақыттарға дейін бұрынғы КСРО стандарттары да қолданыста.

Стандарттардан басқа нормативті құжаттарға стандарттау бойынша ережелер - (СЕ), стандарттау бойынша ұсыныстар - (Ұ) және техникалық шарттар - (ТШ) кіреді.

Мемлекеттік стандарттар сала аралық сипатқа ие өнімге, жұмысқа және қызметке деген қажеттіліктерді әзірлейді. Бұл категориядағы стандарттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттары (Мемстандарты) қабылдайды, ал егер олар құрылыс, сәулет, құрылыс материалдар өндірісіне жататын болса, онда олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылысына (Мемқұрылысына) жатады. Мемлекеттік стандарттарда стандарттау объектісіне деген талаптарды орындауға міндетті талаптар және ұсынылатын талаптар бар. Міндетті талаптарға: өнім, қызмет, процесстің, адам денсаулығының, айналадағы ортаның және мүліктің қауіпсіздігі, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік және санитарлы нормалар; бұйымның техникалық және ақпараттық сыйымдылығы және өзара ауысымдылығы; бақылау әдістерінің тұтастығы және таңбалау тұтастығы. Тауарға деген қауіпсіздік талаптары ерекше көкейтесті, себебі тауар қауіпсіздігі – сәйкестену сертификатталуының негізгі аспектісі.

Стандарттарда қауіпсіздік талаптарына жатқызады: электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, жарылу қауіпсіздігі, радияциялық қауіпсіздік, химиялық және ластаушы зиянды заттардың шекті мөлшері, машина және жабдықтарға қызмет көрсетудегі қауіпсіздік; қорғаныс құралдарына және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шараларға талаптар (қоршау, машина жүрісін бәсеңдетушілер, бұғаттаушы құрылғылар, дабыл дыбыстары және т.б.).

Салалы стандарттар (ССТ) белгілі бір сала өніміне әзірленеді. Салалы стандарттардың талаптары мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына және сала үшін бекітілген қауіпсіздік ережелеріне және нормаларына қарсы болмауы қажет. мұндай стандарттарды мемлекеттік басқару органдары қабылдайды (мысалы, министрліктер), олар ҚР СТ міндетті талаптарына салалы стандарттар талаптарының сәйкес болуы үшін жауапкершілік алады. Салалы стандарттау объектілері: салаға жақын өнім, процестер және қызметтер; салалы стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру ережелері; салалы қолданысқа ие бұйымдардың типтік конструкциялары (техникалық құрылғылар, құралдар және т.б.); саладағы метрологиялық қамтамасыз ету ережелері.

Кәсіпорын стандарттары (КСТ) - кәсіпорынның өзі әзірлейді және қабылдайды. Бұл жағдайда стандарттау объектілері ұйымды және өндіріспен жетекшілік етуді құраушылар. Кәсіпорындағы стандарттау осы кәсіпорынмен шығарылатын өнімге де қатысты. «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заң мемлекеттік, халықаралық және аумақтық стандарттарды игеру үшін стандарттауды кәсіпорында қолдануды ұсынады.

Қоғамдық бірлестіктер стандарттары (ғылыми-техникалық бірлестіктер, инженерлік бірлестіктер және т.б.) - өнім, процестер немесе қызметтердің, үздік сынақ тәжірибелерінің тек жаңа түрлеріне ғана, сонымен бірге дәстүрлі емес және өндіріспен жетекшілік етудің қағидаларына әзірленетін нормативті құжаттар.

Шаруашылық қызметінің субъектілері үшін қоғамдық бірлестіктер стандарты алғашқы жетістіктер туралы маңызды ақпарат көзі болып табылады және еркін түрде кәсіпорын стандарттарын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Стандарттау бойынша ережелер (СЕ) және стандарттау бойынша ұсыныстар (Ұ) сипаты бойынша әдістемелік мағынадағы нормативті құжаттарға сәйкес келеді. Олар нормативті құжаттарды бекітуге, ҚР Мемстандартындағы салалы, қоғамдық немесе басқа да ұйымдардың қабылдаған стандарттары туралы ақпараттарды беруге, кәсіпорында стандарттау бойынша қызметтің құрылғандығына, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын орындауды қадағалайтын мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелеріне және т.б. байланысты болуы мүмкін.

Техникалық шарттар (ТШ) стандартты құру тиімсіз болған жағдайда кәсіпорын (немесе басқа шаруашылық қызметінің субъектісі) әзірлейді. ТШ объектілері: шағын топтармен шығарылатын бір реттік жеткізу өнімдері, көркемсурет кәсіпшілігінің туындылары және т.б.

Әлемдік тәжірибедегідей Қазақстанда да стандарттау объектісінің ерекшелігімен танылатын стандарттардың бірнеше түрлері бар: негіз құраушы стандарттар; өнімге (қызметтерге) деген стандарттар; жұмыс барысына (процестер) деген стандарттар; бақылау әдістеріне (сынақ, өлшем, талдау) стандарттар.

Негіз құраушы стандарттар ғылым, техника және өндірістің әртүрлі салалары үшін ортақ болып қаралатын ұйымдастырушылық қағидаларды және жағдайларды, талаптарды, ережелер мен нормаларды регламенттейді. Негіз құраушы стандарттарға мысалы үшін Қазақстанның Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша нормативті құжаттары жатады - ҚР СТ 1.0-2000 «ҚР МСТ. Негізгі ережелер»; ҚР СТ 1.4-2000 «ҚР МСТ. Фирмалық стандарттар»; ҚР СТ 992-96 «ҚР МСТ. Қызмет көрсету стандарты. Негізгі ережелер».

Өнім (қызмет көрсету) стандарттары - әзірлеу, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, жөндеу және кәдеге жарату сияқты нақты жұмыстарға талаптар бекітеді.

Бақылау әдістерінің стандарттары (сынақ, өлшем, талдау) өнім сапасына қойылатын міндетті талаптардың әділ бағалануын қамтамасыз ететін бақылау әдістерін қолдануды ұсынады. Бақылау әдісінің (сынақ, өлшем, талдау) әділдігінің басты құндылығы – нәтижелерді жаңғыртуда және салыстыруда.

Стандарттаудың көп таралған және тиімді түрі бірыңғайлау болып табылады.

Бірыңғайлау - бұл бірыңғай қызмет көрсететін объектілер санын тиімді қысқарту. Оны екі кезеңде жүргізеді:

1)бұйым құрылымын және олардың қолданысын талдау;

2)бұйымдардың құрылымын және өлшемдерін, олардың құраушы бөліктерінің ұқсастарын бірыңғай оңтайлы типтік құрылымға келтіру. Осылайша сапаның жоғарғы көрсеткіштерімен және толық өзара ауысымдылықпен сипатталатын минималды қажет, бірақ мейлінше қажетті бұйымдардың тип, түр және типті өлшемдер санын бекітеді. Егер де бірыңғайлау нәтижелерін стандартпен ресімдемесе, онда оны стандарттауға дейін жүзеге асыруға болады. Өнеркәсіптің бірнеше салаларында қолданатын стандарт әзірленетін болса, онда типті өлшемдердің көп саны рұқсат етіледі. Олардың одан арғы қысқаруы бұйымдардың типтік өлшемдерінің, олардың құраушы бөліктерінің және бөлшектерінің салалық немесе ішкі зауыттық шектеуші тізбесін құрау жолымен жүзеге асырылады. ИСО «бірыңғайлау» терминіне келесі анықтаманы ұсынады: бір құжатта екі немесе одан да көп құжаттардың (техникалық шарттар) бірлесе алатын стандарттау формасы және онда бұл құжаттармен регламенттелетін бұйымдарды қолданыс кезінде өзара ауыстыруға мүмкін болатындай есеппен қарастырылады.

Бірыңғайлаудың негізі жүйелеу және топтастыру.

Заттарды, құбылыстарды немесе түсініктерді жүйелеуде оларды қолданысқа ыңғайлы нақты жүйе құрайтын белгілі бір тәртіпке және бірізділікке ыңғайластыру көзделген. Мұнда жүйелеу объектілерінің өзара байланысын ескереді. Жүйелеудің ең қарапайым түрі объектілерді алфавитті жүйе бойынша орналастыру. Мұндай жүйені мысалы энциклопедиялық және саяси анықтамаларда, кітапхана жүйесінде және т.б. қолданады. Сонымен қатар жүйеленетін объектілерді реттік нөмірлеумен немесе оларды хронологиялық бірізділікпен орналастырады. Мысалы, МСТ Мемлекеттік стандарттар комитетінің нөмірлеу тәртібі бойынша тіркеледі. Әрбір стандартта нөмірден кейін қабылдау жылын көрсетеді. Мысалы, МСТ 16095-70 «1-ден 600мм дейінгі диаметрлер үшін метрикалық бұранда. Шақтамалар». Машиналардың параметрлерін және өлшемдерін, олардың бөліктерін және бөлшектерін жүйелеу үшін қажетті сандар қатары ұсынылады.

Жүйелеудің кең таралған түріне топтау да ие.

Жіктеу заттарды, құбылыстарды және түсініктерді олардың ортақ белгілеріне байланысты класқа, класс ішіне, разрядқа орналастыруды көздейді. Көп ретте топтауды ондық жүйемен жүргізеді. Оның негізінде өнімді Мемлекеттік жіктегіш құрылған. Әмбебап ондық топтау (ӘОТ) техникалық және гуманитарлық әдебиеттер индекстерін айдарлау халықаралық жүйесі ретінде қабылданған. Мысалы: ӘОТ 62-техника; ӘОТ 621-жалпы машина жасау және электроника: ӘОТ 621.3 - электр техникасы; ӘОТ 622- тау-кен ісі; ОӘТ 621.3. 622-тау-кен ісіндегі электр техникасы және т.б.

Симплификациялау - осы уақытқа сәйкес бар қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бұйымдардың түр мөлшерінің қажет санға дейін азаюына әкелетін стандарттау түрі. Симплификациялауда қажет болып табылмайтын бұйымдар түрлерін, олардың құраушы бөліктерін және бөлшектерін әдетте жоққа шығарады (немесе қажет деп саналған түрлерін қалдырады). Симплификациялау объектілеріне қандай да бір жетілдірулерді енгізбейді.

Конструкциялық бұйымдарды типтеу-бұйым және олардың құраушы бөліктеріне, бөлшектеріне ортақ конструктивті параметрлеріне ие типтік конструкцияларды әзірлеу және бекіту. Типтеу кезінде бұйымдарды, оларды құраушы бөліктерінің және бөлшектерінің тек таңылған типтерін және типті өлшемдерін талдап ғана қоймайды, сонымен қатар ғылым және техника жетістіктерін және өндіріс дамуын ескеретін жаңа түрлерін де әзірлейді. Мұндай жұмыстың нәтижелері болып жиі ретте сәйкес бұйымдардың,оларды құраушы бөліктер және бөлшектер қатарының бекітілуі табылады.

Технологиялық процестерді типтеу - біртипті бөлшектерді немесе біртипті құраушы бөліктерді жинау немесе бұйымның сол немесе басқа да классификациялық топтарын өндіру үшін технологиялық процесті әзірлеу. Біздің елімізде технологиялық процестерді типтеу кең таралған.

Агрегаттау қарастырады: әртүрлі орындауларды құрастырумен және негізгі типтері бойынша шығарылатын машиналар тізімдемелерін модификациялау арқылы ұлғайтумен жеке органдары (механизмдерін, бөлшектерін) жылдам ауыстырылатын машиналарды қолдану аясын кеңейту; бірыңғайланған өзара ауысатын агрегат және бөлшектерден әртүрлі қызмет атқаратын кейбір машиналарды (механизмдерді, жабдықтарды) жасақтау.


1.3.2 Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың түсініктемелері

Нормативті құжат (НҚ) - әртүрлі қызмет түрлеріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелерді, ортақ ұстанымдарды немесе сипаттамаларды бекітетін құжат. «Нормативті құжат» сөзі стандарттау бойынша стандарттар - ережелер, ұсыныстар, қалыптасқан тәжірибелер кодекстері, ортақ қазақстандақ классификаторлар және басқа да нормативті құжаттар туралы ұғымды қамтитын туыстық термин болып табылады.

Стандартта қолдану, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету процестерін сипаттау және жүзеге асыру ережелері, өнім сипаттамалары бекітіледі.

Стандарт сонымен қатар терминологияға, символға, орамаға, таңбалауға немесе этикеткаларға және оларды дұрыс орналастыруға қойылатын талаптардан тұруы мүмкін. 1.1 кестеде сәйкес объектілерге стандарт және техникалық регламент салыстырылады.



1.1 – кесте -Өнімге қойылатын техникалық регламент және стандарттың айрықша белгілері

Әлеуметтік рөл



Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету

Қолданылатын

мазмұн (реттеу аспектісі)



Өнім және процестер қауіпсіздігінің сипаттарына талаптар

Таңбалауға, қаптауға, ілеспе құжаттамасына талаптар



Барлық техникалық (тұтынушылық) сипаттарға талаптар

1. Өнім және процестер тізімі 2.Сәйкестендіру ережесі

3. Талаптар

4. Сәйкес болу бағасының ережелері мен нысандары


Техникалық талаптар

Қолдану сипаты

Міндетті

Ерікті

Реттеу объектісі

Өнім және процестер

Жұмыстың, қызметтің өнімдері және процестері

Мәртебе


Мемлекеттік заң (бекітудің негізгі заңды нысаны ретінде)

Стандарттау облысындағы құжат

Құжат


Техникалық регламент

Стандарт

Стандарттар ғылым, техника және іс жүзіндегі тәжірибелердің жалпылама нәтижелеріне негізделеді және қоғам үшін оңтайлы пайда әкелуге бағытталған.

Қызмет ету саласына қарай стандарттарды әртүрлі дәрежесіне және категориясына байланысты қарастырады: халықаралық стандарт, аймақтық стандарт, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (ҚР СТ), мемлекет аралық стандарт (МСТ), қоғамдық бірлестік стандарты, кәсіпорын стандарты.

Ұлттық стандарт - стандарттау бойынша ұлттық органмен қабылданған және көпшілік тұтынушылар қол жеткізе алатын стандарт.

Регламент - билік органымен қабылданған міндетті құқықтық нормалардан тұратын құжат.

Жіктегіш - жүйеленген жинақ атауларын және мамандандырылған топтамалар кодтарын және (немесе) мамандандыру объектілерін ұсынатын ресми құжат.



Жалпы қазақстандық техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктегіштер - мамандандырылуына (класқа, түрге және т.б. байланысты) сәйкес техника-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды үлестіретін және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды және ведомствоаралық ақпараттарды алмастыруды жасауда қолдану міндетті болып табылатын нормативті құжаттар.

Ережелер (Е) - қолдануға міндетті болып табылатын ұйымдық-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелерді, тәртіптерді, жұмыстарды орындау әдістерін бекітетін құжат.

Ұсыныс (Ұ) - кеңес немесе нұсқауға ие ереже. Стандарттауға қосымша бұл құжат еркін түрде қолдануға ұйымдық-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелерді, тәртіптерді, жұмыстарды орындау әдістерін қамтиды.

Норма - қанағаттандырылуы қажет мөлшерлі немесе сапалы критерилерді бекітетін ереже.

Қалыптасқан тәжірибе кодексі - конструкция немесе бұйым жабдықтарының тәжірибе ережелерін немесе жобалау, жасау, жинақтау, техникалық қызмет көрсету немесе қолдану процедураларын ұсынатын құжат. Бұл құжат стандарт, стандарттың бөлігі немесе жеке құжат ретінде бола алады.

Қалыптасқан тәжірибе кодексінің мысалы ретінде стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО) және Халықаралық электротехника комитетінің (ХЭК) ұсынысы - сәйкестендіру бағасы бойынша тәжірибелік қызметтің ережелер Кодексі ИСО/ХЭК (ИСО/ХЭК: 1994). Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретін елдердің басты басшылық ететін құжаты болып стандарттарды дайындауда, бекітуде және қолдануда қолданылатын әділетті тәжірибелік Кодекс танылады (ары қарай стандарттау бойынша Кодекс). Ол саудадағы техникалық тосқауылдар бойынша Келісімге қосымша ретінде көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет