Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет34/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Сауда-саттық рəсімі. Қазақстан Республикасының шекарасында 
орналасқан 
нысандардың 
мердігерлік 
саудасы 
саудаласу 
ұйымдастырушысының орналасу орны бойынша жүргізіледі.
Сауда-саттық саудаласу ұйымдастырушысының ресми жариялаған 
уақытында жəне орнында өтеді.
Саудаласуды өткізу тəртібі өзгерген жағдайда, бұл жайлы ескертілуі 
қажет барлық тұлғалар сауда-саттық жайындағы жарнама қалай жүргізілсе, 
сондай əдіспен міндетті түрде хабардар етілуі тиісті.
Барлық тіркелген оферталар сауда-саттықтың өтетін орнына 
уақытылы жəне жабық конвертте жеткізілуі тиісті.
Конверттерді ашу үшін тендерлік комитет төрағасымен арнайы 
комиссия құрылады, комиссия мүшелері келіп түскен ұсыныстары бар 
барлық конверттерді ашады, сауда-саттықтың барлық қатысушыларын 
жəне өтініште көрсетілген мердігерлік жұмыстар құнын, сонымен қатар, 
тендерлік құжаттамада қарастырылған қосымша ақпаратты жариялайды 
жəне қарастырады. 
Талап етілген ақпарат пен құжаттар тексерісінен жəне барлық 
ресмилік сақталғаннан кейін сəйкес хаттама толтырылады.
Хаттамада оның жарияланғандығы жəне дұрыс деп танылғандығы 
көрсетілуі қажет. Хаттамаға барлық комиссия мүшелері қол қояды. 
Талаптарға сай емес немесе сауда-саттыққа жіберілмеген ұсыныстар 
хаттамада қабылданбау себебі көрсетілген жеке тізімде көрсетіледі.
Барлық ұсыныстар ашылған соң, олардағы ұсынылған мердігерлік 
жұмыстарының бағасы жарияланған соң, ешбір қатысушыға қандай да бір 
өзгертулер енгізуге рұқсат берілмейді.
Саудаласу затының қиындығына байланысты тендерлік комитет 
оферталарды қарастыру уақытын белгілейді, ол конверттердің ашылу 
уақтынан алты айдын аспауға тиісті.
Қарастыру 
мерзімі 
сауда-саттықтың 
бірінші 
отырысында 
жарияланады.


65 
Тендерлік комитет келіп түскен ұсыныстарды қарастыру кезінде 
үміткерлерге түсіндірме жасауы үшін, олардан қосымша ақпарат жəне 
құжаттар сұрастыруға шақыруына құқы бар. 
Ұсыныс жіберген үміткерлер комиссия жұмысының аяғына дейін өз 
ұсыныстарын кері шақырта алмайды, бұл қадам ниетінің байсалдылық 
кепілін бұзады.
Тендерлік құжаттарды тексеру барысында анықталған қателіктер бар 
болған жағдайда, тендерлік комитет үміткерге құжаттарға түзетулер 
енгізуге рұқсат беруге немесе басқа да шешім қабылдауға құқы бар. 
Саудаласу затының мəнін толығымен өзгертетін қателіктер 
анықталған кезде, бұндай оферта қарастыруға жатпайды. Егер тендерлік 
комитет үміткерге елеусіз жетіспеушіліктерін түзетуге жəне офертаны 
тендерлік құжаттама талаптарына сай қалыпқа келтіруге мүмкіндік берсе, 
үміткер оны тендерлік комитет орнатқан мерзім ішінде жүргізуі тиіс, 
əйтпегенде, оферта қарастыруға жатпайды.
Ұсыныстарды бағалау жəне саудаласу жеңімпазын анықтау.
Оферталарды бағалаумен сол үшін арнайы құрылған бағалау 
комиссиясы айналысады.
Бағалау комиссиясын тендерлік комитет құрады. Бағалау 
комиссиясының құрамына, əдетте, тапсырыс беруші (немесе оның өкілі), 
сауда-саттықты ұйымдастырушы, жобалаушы жəне т.б. кіреді. 
Қатысушылар ұсыныстарын бағалай отырып бағалау комиссиясы 
келесі шарттар теріне көңіл аударады: 
 ұсыныстардың техникалық деңгейі; 
 капиталды жəне пайдалану шығындарының деңгейі; 
 нысанды іске қосудың ерте немесе кеш өткізілуінің қаржылай 
салдары; 
 білікті мердігерлер мен жеткізушілерді тарту мүмкіндігі; 
 үміткермен ұсынылған төлем шарттары; 
басқа да коммерциялық, техникалық жəне ұйымдастырушылық 
басымдылықтары. 
Оферталарды бағалау кезінде тендерлік комитет (бағалау 
комиссиясы) дұрыс деп тапқан кез келген əдістемелер мен өлшемдер 
қолданылуы мүмкін.
Мердігер сауда-саттығын өткізу тəжірибесінде əр түрлі əдістемелік 
амалдар қолданылады: жеңімпазды бір өлшемге (ұсынылған минималды 
баға немесе минималды құрылыс ұзақтығы) байланысты анықтаудан 
интегралды бағалау əдістерінен баллдық бағалауға дейін.
Құрылыс экономикасы институтымен оферталарды бағалауға 
бірнеше ұсыныстар тізімі жасалған.
Офертаның техникалық бөлігін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі 
келесідей: 


66 
 оференттің міндеттемелерін орындауының уақытша параметрлерін 
сипаттайтын көрсеткіштер (жұмыстардың басталу жəне аяқталу мерзімі, 
нысанды пайдалануға беру уақыты жəне т.б.); 
 оферентпен көрсетілген өнімдер мен қызметтердің сапа 
көрсеткіштері (бас жоспар шешімдерінің сапасы, қала салу, сəулет, 
кеңістіктік-жоспарлаудың жобалық конструктивті шешімдері, негізгі жəне 
қосымша нысандар; инженерлік-зерттеу, құрылыс-жинақтау, іске қосу 
жəне басқа да жұмыстарды орындау сапасы, жеткізілетін технологиялық 
жəне инженерлік жабдықтардың сапасы; көрсетілетін қызметтердің сапасы 
жəне т.б.); 
 оферентпен қауіпсіздік шаралары, жұмысшылардың денсаулық 
сақтау жəне қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ұйымдастыруын 
сипаттайтын көрсеткіштер; 
 оферентпен жобалауды, құрылысты немесе кешенді жұмыстарды 
жүргізуді жүзеге асыру жəне дайындау процесстерін басқаруды 
ұйымдастыру, жұмысшылар жəне əкімшілік басқару қызметшілерінің 
біліктілік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер (басқарудың заманауи 
əдістерін, ақпаратты өңдеудің автоматты жүйелерін, өндірісті басқарудың 
прогрессивті құрылымын қолдану); 
 оферентпен жұмыстарды орындау үшін қолданылатын өндіріс 
құралдарының 
техникалық 
деңгейін 
сипаттайтын 
көрсеткіштер 
(көліктердің, механизмдердің, технологиялық процестердің сапалы 
деңгейі); 
 шетел мердігерлерімен жəне де басқа өңірлерден келген 
мердігерлермен жергілікті қорларды қолдануды сипаттайтын көрсеткіштер 
(аймақта жұмыспен толық қамтылмаған мамандықтар бойынша жергілікті 
жұмыс күші, жергілікті өндіріс өнімдері); 
 оферентпен кепіл мерзімі ішінде анықталған кемістіктер мен 
бітпеген жұмыстарды тегін жою техникалық жəне мүліктік кепілдерді 
сипаттайтын көрсеткіштер; 
 əрбір нақты жағдай үшін тапсырыс берушімен анықталған 
офертаның техникалық бөлімінің басқа да көрсеткіштері. 
Офертаның коммерциялық бөлімін бағалау көрсеткіштеріне жатады: 
 мердігер сауда-саттық затының (құрылысты жүзеге асыру, 
жұмыстар кешенің орындау, қызмет көрсету, өнімді жеткізу) қай валютада 
жəне қай мерзім бағасында есептелгені көрсетілген оферентпен ұсынылған 
бағасы; 
 орындалған жұмыстар, инфляция үрдісін ескере отырып 
бағалардың өзгеруі үшін есептеулерді жүргізу кезінде оферентпен 
ұсынылған есеп əдісі; 
 мердігерлік жұмыстарды қаржыландыру жəне несиелендіру тəртібі 
мен шарттары жайлы оференттің ұсыныстары. 


67 
Егер оферент жобаны жақсартатын баламалы ұсыныс жасаса, 
тендерлік комитетпен орнатқан тəртіпте қосымша балдармен бағаланады.
Оференттер ұсыныстарын қарастыру нəтижесінде офертаның 
техникалық бөлігі бойынша мəтіндік шешім жəне тендерлі комитетке 
ұсыныстар, сонымен қатар, балдық бағалау кестесі (егер бағалану жүзеге 
асса) кіретін əрбір оферта бойынша есеп жасалады.
Шешімге бағалау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды жəне 
арасынан жеңімпазды таңдап алу үшін жəне олардың оферта ұсыныстарын 
тереңірек талдауға жататын екі-үш оферентті таңдауды қарастырады. 
Офертаны бағалау нəтижелері бойынша ақпарат бағалау рəсіміне 
ресми қатысы жоқ тұлғаларға берілмейді.
Тендерлік комитет, бағалау комиссиясының мүшелері жəне 
тартылған сарапшылар бұл ақпараттың заңнамалық тəртіпте хабарлануы 
үшін жауапты.
Келісімшарт жасалғанға дейін офертаның техникалық бөлімі 
бойынша барлық ескертулер қарастырылады жəне тендерлік комитет 
талаптарына сай шешім қабылданады.
Тапсырыс берушінің оференттермен немесе басқа тұлғалармен 
саудаласу заты жайлы саудаласу жүргізу жайлы ақпараттың хабарланған 
уақытынан бастап саудаласу нəтижесі бекітілгенге дейін қандай да бір 
келіссөздер жүргізуге құқы жоқ.
Саудаласу жеңімпазын таңдау шешімін тендерлік комитет 
қарапайым тендерлік комитет отырысында бар мүшелердің көп дауысы 
арқылы қабылдайды. «Иə» жəне «қарсы» дауыстарының тең болған 
жағдайында тендерлік комитет төрағысының дауыс берген жағы жеңіске 
жетеді.
Тендерлік комитет шешім қабылдаған соң, үш күн ішінде сауда-
саттықта жеңіске жеткен оферентке ресми хабар жіберуі керек. 
Тендерлік комитетпен қабылданған шешім негізінде сауда-саттық 
жеңімпазының атауы, тендерлік комитет құрамы, дауыс беру нəтижесі, 
оферталардың құрама кестесі жəне жеңімпазбен келісімшарт жасасу 
мерзімі көрсетілген хаттама толтырылады.
Тендерлік комитет үміткер алдында өз шешімін дəлелдеуге міндетті 
емес. 
Тендерлік комитет отырысының хаттамасына оның төрағасы жəне 
хатшысы қол қояды. Сауда-саттық нəтижесі көрсетілгенбұл хаттаманы 
тендерлік комитет сəйкес шешімді қабылдаған соң үш күндік мерзім 
ішінде бекіту үшін саудаласудың ұйымдастырушысына береді.
Осыдан кейін сауда-саттық ұйымдастырушысы бір апталық мерзім 
ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады жəне саудаласу нəтижесін 
бекіту жайлы шешім қабылдайды. 
Саудаласу нəтижесі бекітілмеген жағдайда ұйымдастырушы дəлелді 
шешім қабылдап, оны тендерлік комитетке жібереді.


68 
Сауда-саттық ұйымдастырушысы тендерлік комитет отырысының 
хаттамасын қарастырады жəне келесі шешімдердің бірін қабылдайды: 
 алдағы келіссөздерді жүргізу мақсатында тапсырыс беруші жəне 
оферент арасында ниет жайлы келісімге қол қою; 
 тапсырыс беруші жəне оферент арасында келісімшартқа қол қою; 
 саудаласуды қайта өткізу. 
Егер саудаласу жеңімпазымен келіссөздер жүргізу барысында 
тендерлік комитет пікірі бойынша қисынсыз талаптар қойса, онда 
тендерлік комитет тапсырыс берушінің келісімімен екінші немесе одан 
кейінгі орын алған үміткерлермен келіссөз жүргізуге құқы бар.
Саудаласуды өткізген соң тапсырыс беруші немесе сауда-саттық 
ұйымдастырушысы саудаласу жеңімпазы жарияланған күннен бастап 
белгіленген мерзім ішінде (бес банкілік күн) оференттің қалдырған алдын 
ала төлемі қайтарады. Саудаласу жеңімпазы тапсырыс берушімен оның 
офертасында көрсетілген шарттарға сай, егер тендерлік құжаттама сəйкес 
жасалса, келісімшартқа отыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет