023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады



Дата14.09.2023
өлшемі18.82 Kb.
#477628
жолдау


2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауында елді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттің ішкі сыртқы саясатында өз бағыты болуына ерекше мән берілген. Сонымен қатар, кейбір қолбайлау болып отырған мәселелер көтеріліп, оның шешімін табу жайы нақты сараланған. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу міндеттер дәйекті түрде шешілетінін айтып өтті .
Ерекше өскелең ұрпақ пен еңбек адамға назар аударылды. Қазақстандық балалар үшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады - бұл білім сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу туралы айтылды .
Сонымен қатар Президентіміз 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 000 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2026 жылға қарай IT қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу жөнінде міндет қойды. Бұған әрине, ірі шетелдік IT компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу арқылы қол жеткізуге болады.
Орта білімнің сапасы - табысты ұлт болудың бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.
Сол үшін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы қолға алынды. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалынады. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады” деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында.
Мемлекет басшысының Жолдауының кейбір тұстарына ғана қысқаша тоқталып, ең бастысы, Елбасы атап өткендей: «…Бізде болашақтың айқын бейнесі бар: біз Әділ Қазақстан - тең мүмкіндіктер және прогресстер елін құрып жатырмыз». Менің ойымша, бұл жаңа Жолдаудың негізгі идеяларының бірі - Қазақстанды дамытудың нақты векторлары бар құжат.

Мемлекет басшысының жолдауда айтқан сөзі :
Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыз осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек. Басқа жол жоқ.
Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.
Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыл болса, алынбайтын асу жоқ.
Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.
Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды.
Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз.
Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын.
Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет