1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы



бет1/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология


Дәріс материалдары
1- дәріс
Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе
Сұрақтары:

  1. Психофизиология пәні.

  2. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы.

  3. Жүйке жүйесі дамуының эволюциялық деңгейі



Психофизиология жалпы психология ғылымының саласы. Психофизиология термині 19-шы ғасырдың басында француз философы Н.Массиастың ұсынысымен енгізілді және алғашында нақты физиологиялық әдістерге негізделген психикалық зерттеулерде қолданылды. Психофизиология немесе психикалық физиология психология мен генетикалық физиология ғылымдары негізінде қалыптасқан. Психофизиологияның зерттеу пәні: адамның психикалық әрекеті мен мінез-қылықтарының физиологиялық негізі. Зерттеу объектісі – жеке адам және оның орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий), ортаңғы ми, мишық, аралық ми(таламус және гипоталамус), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриапаллидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады. Пәннің мақсаты: адам психикалық функцияларының нейрондық және физиологиялық механизмдері жайлы қазіргі білімдерді меңгеру. Психофизиологияның басты ерекшелігі – бастапқы теорияның негізі мен тәжірбиелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында.
Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әр түрлі болып, әралуан іс- әрекетті меңгереді. Мидың әрекеттік асиметриясы екі жағдайда байланысты:
1) екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуы;
2) адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуы. Ми сыңарларының өзара қатынасы симметрия мен доминанта қасиеттеріне негізделген.
Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, әрекет- қимылына, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептеледі. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралады. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді. Оң ми сыңары нақтылы іс- әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.
Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарының жекеленген анық әрекеттік мамандылығы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу болады [6]. Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс- әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. Ми сыңарларының асcиметриялық ерекшеліктерін көру түйсігінің айырмашылықтарынан байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет