1 – қосымша
«Достық» жалпы білім беретін мектеп» КММ-дегі
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
Осы ереже мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды дамыту мен оқытудағы мәселелерді шешу және ерекшеліктерін зерттеуге кешенді ықпалды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (бұдан әрі - ППҚ) мамандары мен білім беру процесінің қатысушыларының өзара әрекеттесуінің тұрақты қызмет ететін формасы болып табылады.
ППҚ – білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет.
ППҚ қызметі мектеп директорының бұйрығымен құрылады және ППҚ төрағасымен үйлестіріледі.
ППҚ қызметі өз әрекетінде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенция, «Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтарындағы №4 бұйрығы», «Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтарындағы №6 бұйрығы» Заңдарды және осы Ережені басшылыққа алады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты мен міндеттері
2.1.ППҚ қызметіәрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту барысында жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қолдау болып табылады.
2.2.ППҚ қызметінің міндеттері:
2.2.1.Білім беру процесінде оқушылардың жан-жақты дамуын, әлеуметтенуін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ППҚ қызметін жүзеге асыру;
2.2.2. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде ППҚ қамтамасыз етуді мектеп педагогтері мен мамандары арқылы жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |