1. 1-тақырып. Зерттеу қызметін ұйымдастыру. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру



бет1/2
Дата13.03.2024
өлшемі22.99 Kb.
#495319
  1   2
1 тапсырма ғылыми


1.1-тақырып. Зерттеу қызметін ұйымдастыру.
Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.
Талқылынатын сұрақтар:

  1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

Ғылымның мақсаты - қоғам және табиғаттың даму белгілерін тану, олардың логикалық және абстрактілі ойлау арқылы жүзеге асатын заттар мен құбылыстарға әсер етуі, олардың ерекшеліктері мен қатынасын айқындау. Ғылымның танымдық үрдісі ұғымдар, категориялар және критерийлер арқылы жүйелілік және жалпылауға жататын фактілердің жинақталуын ескереді. Ғылыми білім табиғат және қоғамның заңды даму үрдісін бейнелейтін бір-бірімен арақатынастағы ұғымдардың жүйесі ретінде көрінеді. Ғылыми білімнің жүйелік дамуы, оның жүйеленуі, апробациясы және кемелдендіруі ғылыми зерттеулер арқылы жүзеге асады. Қазақстанда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды ғылым туралы заңы реттейдi. Бұл заң бойынша зерттеуші ғалым ретінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және ғылымитехникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адамды қарастырады1 . Ғылым - бұл қоғам тәжірибесінің даму мақсатына тәуелді, адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да нақты ғылым деп тек қоршаған орта туралы білімнің жиынтығы ғана емес, нақты ғылыми түсініктермен және ойпікірлер көмегі арқылы көрсетілген, табиғат заңдары мен қоғамның өзара байланысы нақты тұжырымдалған білімдер жүйесін де айта аламыз. Ұғымдар мен пайымдаулар ғылыми әдістер арқылы алынса (эмпирикалық, теориялық) және тәжірибелік тексеру кезінде дәлелденсе, олар ғылыми тұжырымдар болып саналады. Нәтижесінде, ғылым – адам және қоғам, табиғат туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу әрекетінің бір саласы болып табылады.

  1. Ғылыми шығармашылық.

Кез–келген ғылымның мақсаты ақиқатқа жету, ал оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады. Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинап, өзінің дамыған эксперименттік ғылыми-әдістемелік аппаратын қалыптастырды. Алайда осы эксперименттік фактілердің көп болуы кейде психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуына тежеу болуы мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті-алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары мен ұстанымдары анықталуы керек. Ғылыми психологиялық зерттеу мәнін тереңірек түсіну үшін, осы зерттеу барысында пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер жүйесін жан-жақты талдау қажет. «Шығармашылық» сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау. Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары. Шығармашылық іс-әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажетіні ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес. Кез-келген шығармашылық іс-әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын – ала көру жатыр. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту үшін негізгі іс-әрекеттерінің (оқу-танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық) тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан-жақты даярлығының деңгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айқындалады. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс-әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, сондықтан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол оқушының бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет