І бөлім. Кіріспе. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, олардың интеллектісін дамыту



бет1/10
Дата19.12.2023
өлшемі285.58 Kb.
#487102
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Студенттің ғылыми зеттеу жұмысы ғылыми жоба



І бөлім. Кіріспе.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, олардың интеллектісін дамыту
Білім мен ғылым қазіргі қоғам дамуының ең басты факторларының бірі болып табылады. Тұлғалақ бағдарды бетке алған білім жүйесінің өзектісі де осы тұлғаны қалыптастырудағы әдіс-тәсіл, яғни оның мәні білім алушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып саналады. Бұл жерде методиканың (әдіс) түрлі амалдарын қарастырып жүргізген жөн.
"Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда— бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үшін таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономиқалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грек. методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.
«Интеллект» (лат. Intellectus) – ақыл, пайым, адамның ойлау қабілеті. қазақ тіліне аударғанда зиат, зиаткер. Адамдағы ақылдылық пен ойлау қабілетінің бастауы. Интеллектінің міндеттері: оқып үйренуге қабілеттілік, нышандармен негіздеу, белсенді түрде білімді меңгеру қабілеті. Кең мағынадағы адамның барлық таным қызметі, тар мағынада – ойлау.
Неміс ғалымы Шопенгауэр «Зиат дегеніміз ол мотивтер ортасы», өйткені ол қабылдаудың ең жоғарғы потенциясы сондай-ақ, адамның интеллектісі екі жүзді болып келеді, яғни ол пісіп жетілетін және абстрактылы танымдардан тұрады» деп анықтама береді. Зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тиісті мотивтер құрастыру қажет. Ол белгілі бір мінез-құлыққа итермелейтін және иқажеттіліктерді қанағаттандыратын оъектілерді сомдайтын бейне; жеке тұлғаны өмірдің белгілі бір жақтарына бағыттау; қажеттілік пен ниеттен тұратын қиын психологиялық білім беру.
Интеллект таным арқылы дамиды. Таным дегеніміз не? Гносеология айналадагы әлемді тану туралы философиялық ғылым, Таным теориясы немесе гносеология (грек. gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет