Комплекснометрия әдісінің индикаторлары
•Металл-индикаторлар – металл иондарымен боялған қосылыс түзетін әлсіз протолиттік қасиеті бар органикалық бояғыштар.
•Комплексонометрия индикаторлары 2 топқа бөлінеді:
1. Комплексонометрияда арнайы реактивтерді қолданады, олар талданатын иондармен боялған қосылыстар түзеді. Бұларды кейде металл-индикатор деп атайды. Өзі түссіз, ал комплексі түсті болатын металл-индикаторлар, мысалы: салицил қышқылы - түссіз, ал Fе3+ ионымен қызыл түсті комплекс түзеді, тайрон - түссіз, Fе3+ ионымен жасыл түсті комплекс түзеді, Bi3+ үшін тиомочевина (сары) және тағы басқалар.
2. Құрамында хромофорлы топтары бар органикалық қосылыстар, олар металлохромды индикаторлар деп аталады және жиі пайдаланады.
•Көп қолданатын индикаторлар: қара хромоген ЕТ- ОО (С20Н13О7N3S); мурексид (С8Н6N6О6); кальмагит; күлгін пирокатехин (ПФ), хром көгі (К) және т.б.
Металл-индикаторлар келесі талаптарға сай болуы тиіс
•Қажетті рН шамасында индикаторлар металл иондарымен М:Ind = 1:1 қатынасында тұрақты комплекс түзуі керек. Ол комплекстің тұрақтылық константасы ЭДТА комплексінің тұрақтылық константасынан кіші болуы керек: βMІnd < βMY . Металдың индикатормен комплексінің беріктігі металдың титрантпен комплексінің беріктігінен 10-100 рет кем болуы қажет.
•Индикатордың металл ионымен түзетін комплексі кинетикалық лабильді (ауыспалы) болып, ЭДТА әсерінен оңай бұзылуы керек.
•Индикаторлар металл иондарымен сезімтал және селективті реакция беруі қажет.
•Индикатордың өз түсі МеInd комплексінің түсінен өзгеше болуы тиіс.
•Титрлеудің соңғы нүктесінде түс өзгерісі айқын болуы керек.
Комплекснометрия әдісінің индикаторлары
•Комплексонометрияның қарқынды дамуы металлохромды индикаторлардың ашылуымен байланысты. Бұлар металл иондарымен әрекеттескенде боялған қосылыстар түзеді, бірақ комплексонаттарға қарағанда беріктігі нашарлау, әлдеқайда тұрақсыз комплекстер түзетіндіктен, трилон Б–мен титрлегенде металдардың иондары комплексонмен байланысып, индикатор бос күйінде бөлінеді де, оның түсі индикатордың металмен түсінен (қызыл) өзгеше түс (көк) береді. Яғни металл иондарының белгілі бір концентрациясында өздерінің түстерін өзгерте алатын заттар. Индикатор түзген комплекстің түсі MeInd, бос индикатордың НInd түсінен өзгеше болады
Бос индикаторлар мен олардың комплекстерінің түстері әртүрлі және бұл комплекстердің тұрақтылығына сәйкес комплексонаттардың тұрақтылығынан кем болуы тиіс.
•Титрлеуге дейін:
Достарыңызбен бөлісу: |