1. Арнайы эталон дегеніміз - шама бірлігін ерекше жағдайда жанғыртатын эталонды атайды.
2. Метрология – МӨЖ ғылыми негізі. Метрология – өлшеулер, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем (греч.), «логос» - үйрету (греч.).
3. Өлшеу бірлігі – өлшеу жағдайы, сондай-ақ олардың нәтижелері заңдандырылған бірліктердегі көрінісі, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайды.
4. ұзындық бірлігі – метр – жарық вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде өтетін жол ұзындығы;
5. салмақ бірлігі – килограмм – килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса;
6. уақыт бірлігі – секунд – (анықтамасы №1 дәрісте жоғарырақ келтірілген);
7. электрлік ток күші бірлігі – ампер – айнымас тоқтың күші, ол бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта 2*10^-7Н күші пайда болуы керек;
8. термодинамикалық температура бірлігі – Кельвин градусы – судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі (Цельсий шкаласын пайдалануы мүмкін);
9. зат мөлшері бірлігі – моль – жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0,012 кг көміртегі 12 нуклидинде;
10. жарық күші бірлігі – кандела – көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі 540*10^12 Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/ср^2
. Стерадиан -ср- денелік бұрышын өлшеу бірлігі.
11. Өлшеу - өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі.
12. Өлшеу принципі – өлшеудің негізі болатын физикалық құбылыстардың жинағы.
13. Өлшеу әдісі – өлшеу құралдарын және принциптерін қолдану тәсілдерінің жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |