1 Қазақстанның минералды-шикізат ресутарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі268.5 Kb.
#133482
  1   2   3


Мазмұны





кіріспе..........................................................................................................

3

1 Қазақстанның минералды-шикізат ресутарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері.......................................................

5

1.1 Минералды-шикізат ресутарынынң Қазақстан территорисында таралуы......................................................................

5

1.2 Қалдықсыз өндірісті дамыту мәселелері...........................................................................................................

7

2 Қазақстанда минералды-шикізат ресурстарын кешенді пайдалану мәселелері................................................................................................

8

3 Қазақстан экономикасында минералды-шикізат ресутарының алатын ролі.............................................................

24

3.1 Қазақстанда өнеркісптің пайда болуы.............................................................

45

3.2 ²àçàºñòàííû» 2030 æûë¹à äåéií äàìó ñòðàòåãèÿñûíû» ýêîíîìèêàëûº º½áûëûñûндағы минералды-шикізат ресурстарының ролі.......................................................................................

58

3.3. Ñûðòºû ýêîíîìèêàëûº áàéëàíûñòû» ºàëûïòàñóû æ¸íå äàìóûндағы минералды шикізат ресурстарының ролі




қорытынды...............................................................................................

пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................

63

67




Кіріспе

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы­мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан­дық геология, кен ісі, металлургия са­ла­л­ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының минералды-шикізат ресутарына сипаттама бере отырып, оларды игерудің қоршаған ортаға әсері мен тиімді пайдалану мәселесін қарастыру.

Мақсатқа жету ұшін көптеген статистикалық мәліметтер мен карта-схемалар пайдаланылды. Қолданылған әдебиеттер саны:25


  1. Қазақстанның минералды-шикізат ресуртарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері

1.1. Минералды-шикізат ресурстарының Қазақстан территориясында таралуы

Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай

өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғарғы көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.

Мұнай мен табиғи газ қорлары бойынша республика әлем елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.

Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.

Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3 млрд. тонна, ал газдың анықталған қорлары

3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл аймақ Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда).( 13 сурет

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс рудаларын, алтын, фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.

Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын, геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.

Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау кезінде шығынды жан–жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым көп пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала береді .

Тау–кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан–жақты әсерін тигізеді .бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың пайда болуынан және тау жыныстарының құлауынани көрінеді.Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты суларының сулық режимінің жағдаййына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді.Пайдалы қазбалардың кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың геохмиялық жағдайына , техногендік аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді.

Өндіру және қайта өңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды–шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады.Технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал80-90% лақтырылатынымәлім болды.

Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрін білдіреді.Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына жуығы шлаққа айналады.

Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат көп жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы лақтырылып тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан эксплутациялау үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және барлық уақытта мүмкін бола бермейді.Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.

1.2. Қалдықсыз өндірісті дамыту мәселелері

Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.

Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:

  • пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;

  • бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;

  • пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;

  • қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;

  • тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.

Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі.

2. Қазақстан Республикасында минералды-шикізат ресутарын кешенді пайдалану мәселелері

Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл­ған орталықтың бірі – “Қазақстан Рес­публикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталы­ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.

Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет кәсіпорынның шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен кейін, сол пайдалы қаз­ба­ны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. Бұл не деген сөз?

Біріншіден, кен орнын пайдаланушы­лар руданы өндірген кезде үкімет белгі­леген норматив бойынша, руданы барын­ша толық (тек қана бай руданы емес) қа­зып алулары керек. Екіншіден, руданы өң­деген кезде оның құрамында бар элемент­терді мейлінше толық бөліп алу керек. Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс. Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет­ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс. Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмы­сын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өн­дірістердің көрсеткіштері мен ғылыми же­тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныс­тармен қамтамасыз етуге саяды.

Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қа­ра металлургия және түсті метал­лургия:

– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

Қазақстанда игеріліп жатқан кен орындарының барлығы дерлік көп ком­понентті кендер күйінде. Кезінде олардан кен өндіруге лизензиялар берілгенде сол кен орындарында пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделіп, ескерілмеді және лицензия оңды-солды бейберекет таратыла берген. Осынымыз жөн бе, жөн емес пе деп ойланбадық та. Мұндай жосықсыз тірліктің салдарынан көп ұзамай-ақ қо­лымызда шығынды ақтамайтын кен орын­дары ғана қалуы мүмкін.

Пайдалы қазбалары бар кен орында­рын игеруге лицензия беру рәсімі бұлың­ғыр күйде қалып келеді.

Шетелдік фир­малардың басқаруына берілген кен-метал­лургия комбинаттарындағы ұйымдастыру­шылық-технологиялық саясаттың жай-күйіне келсек, оның өндірілетін көп ком­понентті шикізаттың құрамындағы пайда­лы заттарды түгел қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін ғана алуға кө­бірек көңіл аударатынын көреміз.

Әлемдік тәжірибеде кен орындарын игеру әрқашан кешенді түрде, құндылығы бар заттарды түгел ескеріп және тауарлық металдар құндылығын үлес бойынша бөле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-шарттарымыздың ережелерін қайта қарауға тиіспіз. Құрамында құнды металы бар қалдықтар жеке кәсіпорындардың және шетелдік фирмалардың меншігінде емес, мемлекеттік монополияға жатқы­зылуы керек.

Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” туралы Заңы аталмыш операциялардың жария түрде жүргізілуін талап ететініне қара­мастан, мемлекеттің заңдары мен мүдделері коммерциялық құпияны сақтау желеуімен жаппай бұзылуда. Ал мұның өзі кен орындарының бақылаусыз қалып, олардың жыртқыштықпен жырымдалуына, жер қойнауындағы қорлардың рәсуа болуына, минералды шикізаттың шала-шарпы, бір жақты болуына әкеліп соғып отыр.

Жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттің, қоғамның мүдделерінің ке­реғар келетін тұстары да аз емес, коммер­ция­л­ық құпия іс жүзінде мемлекет мүд­делеріне қарсы бағытталған әрекеттерді бүркемелеуші бетпердеге айналған десек қателеспейміз. Сондай-ақ бюджетке түсетін салық көлемін белгілейтін өнімнің өзіндік құны да жаңағы айтылған коммерциялық құпияға жатқызылуда. Аталмыш құпияға не жатуға тиіс екенін айқын да дәл бел­гілейтін кез келді. Сондай-ақ мемлекет пен табиғат ресурстарын пайдаланушылардың кен өндіру және өңдеу салаларындағы қарым-қатынасын нақты реттейтін заңнама әлі жасалмаған. Соның кесірінен табиғи ресурстарымыз тиімсіз жұмсалынып, еліміз қыруар шығынға батып отыр.

Бұл құбылыстың екінші жағын елі­міздің қасіреті деп айтуға болады. Сол то­лық пайдаланылмаған шикізаттың құра­мында көптеген улы заттар да бар, оларды залалсыздандыру ісі де дұрыс шешілмеген. Қазіргі кен пайдаланушылар кеңестік ке­зеңде жасалынған жобалардың көрсет­кіш­тері мен қол жеткізген экологиялық деңгейден артқан көлемде қоршаған ортаны ластауға жол беріп отыр. Оның себебі – біздің қоятын талаптарымыздың төмендігі, егер америкалык, еуропалық компаниялар өз елінде 1 тонна күкірт қостотығын ауаға шығарғаны үшін 48-100 доллар төлем төлесе, біздің компаниялар небәрі 7 цент төлейді. Тағы бір кілтипан, бұл корпорациялар жекеменшіктікі екені, оның сол кәсіпорын тұрған жердегі әрбір тұрғынға тікелей шығын келтіріп жатқанын ескеретін бірде-бір заң орны жоқ, тиісті бақылаушы мемлекеттік органдар да араласпайды.

Мемлекеттік мүліктен (кен орындары­нан) алынатын түсімдер ғылыми тұрғыдан негізделмеген, олар шенеуніктердің еркін­де, қасымыздағы Ресеймен салыстырғанда көп төмен. Әрбір металл саласында моно­полия бар, онымен қоса бұл корпорация­лар (қаржы-өнеркәсіп топтары) аумақтағы энергетика, басқа да стратегиялық шаруа­шылық бағыттарында негізгі қожайындар. Соның салдарынан бұл өңірлерде шағын және орта бизнес баяу дамуда. Әсіресе осы саладағы шағын және орта бизнестің өздері орындауы мүмкін жұмыстарға араласу мүмкіндігі болмай отыр.

Ресурстарды пайдаланушылардан өнді­ріліп алынған табиғи рента әлемдік рыноктағы шикізат бағасының құбылуына қарамастан ел бюджетін елеулі түрде то­лықтырып, ұлттық экономиканы инвес­тициялаудың өз қолымыздағы көздерін көбейте алады және көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешуге, минералды шикізат базасын ұдайы өндіруді мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған орай табиғи ресурстарға меншік проблемасын шешу тұжырымдамасын жасау маңыздылығы жоғары міндетке айналып отыр.

Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау табиғи ресурстарға экономикалық тұрғы­дан баға беру, табиғи рентаны меншік иелерінен өндіріп алу және пайдалану тетігін қалыптастыру жөніндегі қағидатты мәні бар шешімдер осы тұжы­рым­дама аясында қабылдануға тиіс. Рента өндіру мәселесін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жолымен де біршама деңгейде шешуге болады. Табиғи рентаға меншік құқығын нақты меншік иесімен байланыс­тыра қарау қоғамның шикізат өнеркәсібі саласында түзілетін абсолюттік және дифференция­лық рентаны иеленуіне мүмкіндік береді.

Біздің Ұлттық орталық сирек металдар рыногының болашағы туралы зерттеулер жүргізді. Талдаулар сирек металдар өндірісінің және олардың қорларының тез өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 10-15 жыл көлемінде сирек металдың негізгі қорының бірнеше есе өскені және әлемде үлкен кен орындарының ашылғаны айқындалды. Тіпті кейбір металдардың 100 жылдық қорлары табылғанына қарамастан, металдар рыногында ауық-ауық тапшылық сезіліп тұрады. Көптеген сирек метал­дар­дың құны бірнеше есе өсіп отыр. Соңғы он жыл шамасында германий, индий, галий, ванадийге деген тапшылықтар байқалды, осыған орай кейбіреуінің құны ондаған есеге дейін өсті. Мысалы, гер­маний металының бір килосының құны 350-ден 2000 АҚШ долларына дейін жет­кен. Сонымен бірге Америка, Жапония се­кілді елдер бұл металдарды ішкі пайда­ла­нуынан бірнеше есе жоғары сатып алуда.

Сирек металдар өндірісі – жаңа техно­логиялардың шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Айта кететін жәйт, бұрын Қазақстан өндірісінде шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған жөн. Бұл металдар электроника, аэроға­рыш, мәшине жасау, т.б. салалардың негізін қалайды. Бүгінде ашылып жатқан даму институттарын пайдалана отырып елімізде өндіріс саласын, соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болар еді. Бұл елімізде дамыған индустриялық металл алу өндірісін кеңейту, құрал-жабдықтарды, тұрмыстық заттар, мәшине жасауға қажет балқымалар алуға мүмкіндік берер еді.

Басты мәселелердің бірі – страте­гиялық сирек металдар өндірісін дамы­тудың мемлекеттік бағдарламасын жасау. Бүгінгі таңда бұл сала металлургия класте­рін дамытудың негізгі бөліктерінің бірі ретін­де қаралып, мемлекет қолдауында болуы керек.

Сирек металдар шикізаты басқа индус­триялық металл өңдейтін кәсіпорындардың рудасының құрамында кездесетін болған­дықтан, олардың қызметіне еріксіз арала­суға мәжбүрміз. Металдарды өңдеу бары­сында кейбір металдарды босқа шығын қылмас үшін экономикалық реттеу тетік­терін пайдалану керек. Пайдалы қазба­ларды кешенді пайдалану ережесін қатаң сақтау мәселелері де қаралуы керек.

Қай мемлекеттің болмасын өз атын әлем­ге паш ететіндей бетке ұстар саласы бар. Жапондықтар робот жасаудың өнді­рісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер байланыс құрал-жаб­дықтар шығару жөнінен әлемге танымал. Белгілі бір өндіріс саласының әр елде өсіп өркендеуі кездейсоқ емес. Қазақстанның индустриялық-инновациялық өркендеуі де өздігінен туындамайтыны анық. Бұл үшін бұрын нарықта басым орын алған өндіріс салаларын дамыту, осы салаларды қамта­масыз ететін ғылыми күштер мен маман­дарды сақтау, елде бар бәсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Біздің ойымызша, жер қойнауындағы сирек ме­тал­дар сол бастаудың қайнар көзі ретінде пайдаланылуы тиіс. Бұл ойды іске асырсақ халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан болар едік.

Мұнай

1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.

Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше метр құрап отыр.

Министрлік мұнай-химия сала­сын дамыту мақсатында да бірталай шаралардың басын шалып үлгеріп­ті: бұл сала бүгінде 2004-2010 жыл­дарға арналған салалық бағдарлама негізінде жұмыс жасап жатыр. Яғни, қазіргі кездің өзінде “Қаз­МұнайГаз” Ұлттық Компаниясы” акционерлік қоғамымен және мұнай - химия кәсіпорындарымен бірлесе отырып, шетелдің әлеуетті инвесторларын барынша көптеп тарту мақсатында нақты жұмыстар басталып кеткен. Мұнай-химия­ны дамыту мақсатында әзірленген бағдарлама 2 бағыт бойынша жұ­мыс жасап жатқан көрінеді: бірінші бағыт – қазіргі мұнай-химия өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету және қосымша құны жоғары өнім алу үшін жаңа өндірістерді құру; екінші бағыт – мұнай-химия өндірістерінің қызметін қайта жаңарту.

Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің энергетика және минералды русурстар саласының жұмысын бірізділікке салу үшін көрші мемлекеттердің озық тәжі­рибесі бойынша бірлесе жұмыс істеу жағы алдыңғы қатарға шығып отыр.

– Ресейлік “Лукойл” компаниясымен қуаты жылына 14 млрд. текше метр газ өңдейтін және болжамдық құны 3,6-3,8 млрд. АҚШ долларынан тұратын Каспий газ-химия кешенін салу жоба­сының әзірленуі осы мақсаты­мызды жүзеге асыруға жәрдемде­седі деген үмітте.

Мұнай мен газ қоры негізінен республиканың Батыс аймағында шоғырланған. Алғаш рет мұнай –1811жылы Доссор кен орынында өндірілді. 60–жылдардан бастап Маңғыстау түбегінде каспий маңы ойпатында Өзен, Жетібай, Қаражамбас,Қаламқас мұнай кен орындары ашылды.

Өзен және Жетібай кен орнынан мұнай 1250-2500 метр тереңдікте өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына жатады. Юра мен бор дәуірінде пайда болған. Құмары мұнайы негізінен 50-2400 тереңдікте өндіріледі. Жайық–Жем алабы жанғыш газға бай. Жанғыш газ көбінесе мұнаймен бірге өндіріледі.Дүние жүзіндегі қоры жөнінен ірі кен орнына жататын «Теңіз» мұнайын өндіріп өңдеуге американдық «Шеврон» компаниясы атсалысуда.

Қазіргі мұнай және газ конденсатын өндіру өткенмен салыстырғанда 8,5 пайызға артып 51,3млн тоннаға жетті. Яғни шикі мұнайды өндіру 7,7 райызға (45,3млн.тонна), ал газ конденсатын өндіру 16,8 пайызға (5млн.тонна) артып отыр. Анықталған мұнай қоры бойынша Қазақстан тоғызыншы орынға көтеріліп отыр. Каспийдің төңірегінде шешілмеген мәселе көп.

Теңіз жағалауындағы мемлекеттің басшылары да, сыртқы істер мекемесінің мамандары да, министрлерде кездесіп, мәселені шешу үшін барын салып жатыр. 1991 жылдан бері 13 жыл ішінде біраз келіссөз жүргізілді,алға жылжушылықта жоқ емес. Атап айтар болсақ,, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан позициясы бір–біріне жақындады. Айтуға оңай болғанымен, 3 елдің ұстанымын бір–біріне жақындастыру оңай болған жоқ.Әсіресе, ресей мен Каспийдің солтүстігі туралы жасалған келісім Қазақстан үшін үлкен стратегиялық жетістік болды. Өйтені, бұл келісім біздің елдің мүддесін толықтай ескеріп отыр.

Көмір - республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік пен металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден метуллургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.

Қазақстан көмірге өте бай. 1833 жылы шопан Аппақ Байжановтың Қарағанды өңірінен кездейсоқ тауып алған «отқа жанатын қара тасы» кейін аңыз емес, шындыққа айналды. 19ғасырда Қарағанды көмір алабы жылына 10 мың тонна көмір өндірілсе, қазір жылына 50 млн. тоннаға жуық көмір өндіріледі. Тас көмірдің сапасы жоғары кокстелінеді, көмір қабатының жалпы қалыңдығы  120 метр. Қарағанды көмірінен кем түспейтін Екібастұз көмір алабы бар.Екібастұз көмірі жер бетінде жақын жатқандықтан, мұнда көмір ашық әдіспен өндіріледі.

Жылу электр станциялары ( ЖЭС ) үшін калориялығы төмен,

күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық

әдіспен Қарағанды және Екібастұз алаптарында өндіреді. Майкүбі және Торғай көмір алаптары да игерілуде. Қарағанды көмір алабы - республикадаға ең ірі көмір кен орны . қазақстанда өндірілетін көмірдің 45%- ын осы қарағнады алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. т деп есептелді.

Қарағанды алабының көмірі аз ғана жерде ( 300 км ) шоғырлана. Қалың қабат түзе орналасқан. Көмір сапасы жоғары, өйткені оның құрамында күкірт пен фосфор аз. Бұл сапалы шойын балқыту үшін қажетті жоғары сапалы кокс алуға мүмкіндің береді. Соғыстан кейінгі дылдары Қарағанды алабының маңайында Саран, Шахан, Тентек,Топар, Абай сияқты көмір өндіретін жаңа аудандар пайда болды.

Маңызы жағынан Екібастұз көмір алабы екінші орын алады, Ол республика бойынша көмірдің жартысына жуығын береді. Екібастұз алабы Павлодардың оңтүстік- батысында 135 км жерде орналасқан. Көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. т. Алаптағы көмір қалың орналасқан. Көмір қабатының қалыңдығы 160-200 м.

Ресейдің Орал аймағында Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істейтін Рефтинск ЖЭС салынды.

Обаған - Торғай албында да қоңыр көмір өндіріледі. Бұлд топ Құсмұрын, Приозер, Егінсай, Қызылтаң көмір кен орындарын қамтиды. Екібастұздан 40 км жерде кен қоры мол Майкүбі қоңыр көмір алабы орналасқан.

Көмір әлі де көпке дейін Қазақстан өнеркәсібі үшін отынның негізгі көзі болыа қалады. Бұған себеп : көмір қорының молдығына және оның құнын арзанға түсіретін ашық әдіспен өндіруге байланысты.

Темір

Қазақстан темір рудасының қоры жөнінен дүние жү.зінде алдыңғы орынды иеленеді Ең негізгі кен орны - ЯҚостанай алабына кіретін Аят, Лисаков, Қашар, Соколов – Сарыбай.

Республикамызда темірдің 500 - ден астам кен орындары белгілі, олардың 30 – дан астам барланған, жетеуі аса ірі кен орындары қатарына жатады. Олар Қостанай облысындағы Торғай темір кен орындары атап айтсақ, Соколов – Сарыбай , Қашар, Лисаков, Аят кендері. Орталық Қазақстанның ұса шоқылы аумағында Қаражал, Атасу сияқты ірі темір кен орындары орналасқан. Темір кені әдетте марганец кендерімен ірі , ірі көмір алабына жақын орналасады.

Мыс

Қазақстан мысқа да бай ел. Жезқазған кен орны мыс өндіру жағынан екінші орынды иеленеді. Әрі оның мысыны ң сапасы жоғары бағаланады. Қоңырат, Бозшакөл кен орындарында мыс рудасы ашық әдіспен мыс кен орындарына Жезқазған , Қоңырат, Саяқ , Бозшакөл , Шатыркөл, Жыланды, Орлов, Сатпаев жатады. Олардың қоры мол. Аса ірі кен орындары Жезқазған ауданынды орналасқан. Жезқазған маңайынан мыстың жаңа кен орындары - жыланды тобы табылды. Ондағы мыс кенінің аса мол қоры жер бетіне жақын орналасқан. Жезқазған ауданындағы мыс пен кен орындары дүние жүзі бойынша ең ірілерінің біріне саналады. Осы кен орындары базасында Жезқазған комбинаты – тазартылмаған және тазартылға мыс пен түсті прокат шығаратын аса ірі кәсіпорын бой көтерді. Үлкен Жезқазған қазіргі кезде Оралдың барлық мыс қорытатын зауыттары шығарғаннан артық мыс өндіреді. Мыс балқыту комбинаты, кеніштер, алып шахталар ең жаңа автоматтандырылған және механикаландырылған техникамен жарақталған. Жезқазған комбинатында мыс кеніндегі барлық серіктес элементтер ( олар 21 ) айрып алынады. Бұл айырып алынатын элементтердің құны негізгі өнім - мыстың құнынан асып кетеді.

Аса ірі Жезқазған мыс қорыту комбинаты қайта құру кезеңінді тым ауыр экономикалық жағдайға тап болды. Экономикалық байланыстардың үзілуі оны өнім өткізетін рыноктан айырды. Өзара төлем қабылетсізідігінен айналым қаржысы орнына келмеді. 1995 жылы Оңтүстік Кореялық «Самсунг » корпарайиясы «Жезқазған түсті метал » АҚ акцияларының бір бөлігіне ие болып кәсіпорын едәуір инвестиция салды. Компания жаңа жетілдірілген жабдықтар мен техникамен өндірумен мыс балқытуды екі есе арттырды. Зауыт қазірдің өзінде жылына 200 мың тонна катод мысын гығаралы. Мұндай мыстың бір тоннасы дүнеи жүзілік рынаокта 2,5 мың доллар тұрады.

Қоңырат пен Саяқ мыс кен орындары базасында аса ірі Балқаш кеен металлургия комбинаты салынды.

Полиметал рудасының қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орында тұр. Полиметал рудасы құрамында бірнеше металдыр ( қорғасын, мырыш, мыс, мыс қоспасы, алтын, күмыс т.б ) кездеседі. Кенді Алтайдағы Лениногор , Зырян кен орындарында өндірілетін руда қорғасын миырышқа бай. Оңтүстік Қазақстанда полиметал рудалары Текелі, Ащысай, және Мырғалымсай кен орындарына өнідіріледі.

Хром және никель

Хром және никель кен орындары Мұғалжар тауыь аймағындағы Кемпірсайдан табылған. Хром рудасы ашық әдіспен «Қазақстанның 40 жылдығы», « Оңтүстік » кен орындарында өндіріледі. Бұл жердің рудасы сапасы жағынан өте жоғары құрамында 45% дейін хром бар. Никель кен орындары Жезқазған Семей маңынан ашылды. Дүние жүзіндегі хром кенінің жалпы қорының жартысына жуығы Қазақстан жерінде шоғырланған.

Алюминий

Қазақстанда алюминий кенінің мол қоры бар. Қазақстан алюминий өндіруде алдыңғы орындардың бірінде. Боксит (алюминий өндіретін шикізат ) кен орындары негізінен Торғай үстірті мен Қазақтың ұсақ шоқысында орналасқан. Бокситтердің барланған қоры 200 млн. т . Ал өнеркәсіп орындарының қалдықтарныда одан да көп, Бірақ ол әзіоше пайдаға жарамай отыр. Бокситтерден басқа да алюминий өндіретін шикізат бар.

Бұрынғы КСРО басшылары Павлодарда ( алюминий оксидін алу үшін ) алюминий кенін байытатын зауыт салып, оны Алюминий зауыты деп атады. Ал шындығында Павлодарға глинозем алу үшін боксит кені жеткізілген. Бұл процесс суды ( Ертіс өзенінң суы ), электр энергиясын ( Екібастұз МАЭС - 1, МАЭС - 2 және т.б ) көп қажет етеді. Өндірілген глинозем Ресейдің Сібірдегі зауыттарына жіберіліп, өңделіп таза алюминий шығарылатын республика үкіметі мен кейбір шетелдіңк компаниялар арасында келісімге қол қойылып, Қазақстанда өзіндік алюминий өнеркәсібін құру жөніндегі зор жоба іске асырыла бастады. Жобада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін болмаған шикізатты өндіруден бастап жоғары сапалы алюминий прокатын жасауға дейінгі барлық процесс қамтылды. Жобаны іске асыру ұшін мықты да сенімді шикізат базасы қажет. Осы мақсатпен Қостанай облысында жаңа боксит кеніші құрылды. Павлодар қаласындағы бұрынғы глинозем зауыты қайта жабдықталып, кеңейтілді. Дәл осы зауыттың қасында қауты одан үлкен глинозем өндіретін зауыт салынады. Ал келесі кензеңдерде алюминий прокатын өндіруге қажет бірінші алюминий, одан алюминий прокаты алынады. Көп уақытқа дейін алюминий негізінен ұшақ жасауға пайдаланып келсе қазір электроникада , көліктік машина жасауда, құрылыс саласында, ауыл шаруашылығанда қолдануда.

Марганец

Республикадағы марганец ірі кен орындарының бірі - Жезді.Ұлы Отан соғысы жылдарында, Орал мен Сібір зауыттарына жіберілген марганец 60% осы Жездіде өндіріледі. Марганец кен орындарының Қаражал шоғыры темір кен орындарының ( Қаражал, Үшқытай, Үлкен Қытай ) ауымағында жатыр. Металлургия өнідірісі үшін кенді емес шикізаттың едәуір қоры кездеседі.

Фосфор

Қазақстан дүние жүзіндегі ең көп фосфор өндірілетін мемлекет. Жамбыл облысындағы Қаратауда фосфорит кен орындарының ( Шолақтау, Ақсай, Жаңатас ) жалпы қоры 2,6 млрд. тонна деп есептелінеді. Ақтөбе облысындағы Алға, Қандыаағаш фосфорит кен орындарының фосфорының жалпы қоры 1,5 млрд. т көлемінде. Фосфор - ең бағалы тыңайтқыш.

Алтын

Алтын халықаралық валюта металы - алтының маңызы зор. Алтын

кен орындары Солтүстік , Орталық Қазақстан аудандарында орналасқан. Түсті металлургия кәсіпорындарында негізі металды қорытып шығару кезінде едәуір алтын алынады.

Қазақстанның көп жерлерінде алтын кендері кездеседі. Алтын шығатын ірі кен орындары Алтайдағы Үлбі, Бұқтырма , Күршім өзендері алабында , сондай - ақ Майқайың , Жітіқара кен орынлдарынан да алтын өндіріледі.

Қазақстан ірі алтын өндіретін аймақ болғанымен өзінің алтын қорын тек өзінің ұлттық валютасын шығарғаннан кейін ғана жасай бастады. Республикада алтын мен алмасты іздестіріп, өндіріп, өңдеуге рұқсаты бар. « Алтын тас » бірлескен кәсіпорны құрылды. Республика аумағында атап айтқанда , Қазақтың ұсақ шоқысынан да алтын мен зергерлік өнім өңдеуге сапалы алмастың 300 - ге жуық кен орындары белгілі. Сонымен қатар сирек металдар сияқты асыл металдар да едәуір мөлшерде негізгі металды ( мыс, қорғасын, мырыш және т.б. ) балқыту кезінде де алынады. Өскемен қорғасын мырыш комбинатында алынатын алтын мен күміс халықаралық Лондондық аттестациядан өтіп жоғары сапалы деген таңба алды. Қазір Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі осындай халықаралық көлемде болған үшінші ел.

Республиканың тау – кен кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел компаниялары сирек және асыл металдар Қазақстанның қарамағында қалатынын біледі.

Қазіргі кезде Егемен Қазақстан Республикасының тұрақты алтын қоры бар.Асыл металдардың ішінде рений сияқты сирек метал да кездеседі, ол дүние жүзілік рынокта басқа сирек металдардан жүз есе, ал күмістен елу есе қымбат бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет