1 балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым қатынас мәселелерін теориялық зерттеу



бет4/8
Дата05.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#179158
1   2   3   4   5   6   7   8

Нәтижені талқылау.

Біздің нәтижелеріміз балалардың психологиялық қасиетінің мінез-құлықтық проблемаларды талдаудағы эмпирикалық гипотезаларды дәлелдейді.

П.Фрик көрсеткендей, құлықтық проблема көрсеткіші өссе, онда баланың қобалжушылық, деңгейі де өседі.

Сондай-ақ, спецификалық емес қорқыныштар, социофабия және шектен тыс қобалжушылық, шкалалары ішкі фактор ретінде делинквентті мінез-құлық көрсеткішіне әсер етеді. Шектен тыс қобалжушылық көрсеткішінің төмендеуі деликвентті мінез-құлық индексінің көбеюімен байланысты және делинквентті мінез-құлық көрсеткіші екі әдістемеде де тікелей әлеуметтік жағдай дамуының немесе жеткіншектің психикалық статусының эффектерін көрсетеді.

«Әлеуметтенудің қиындығы» көрсеткіші мінез-құлық бұзылыстары бар жеткіншекте табылған әлеуметтік таным ерекшеліктерімен байланысты. Яғни, бұзылыстарды клиницистар дефицитарлық бұзылыстар деп атап, оны жеткіншектің әлеуметтік қатынас кезіндегі ақпаратты кезектеп интерпретациялай алмауымен, шешім қабылдауда қиындықтармен және агрессивті реакцияға икемделумен сипаттайды. Кейбір авторлар, бұндай дефицитарлықты - жеткіншектің өмірді қауіп төндіруші орта деп қабылдауға итермелейтін жанұядағы жайсыздық жағдайымен байланыстырады.

Осындай позицияны жеткіншек жанұядан, басқа тұлғааралық қатынас әрекеттерінде көрсетеді. Жансыз, эмоциясы жоқ балалар басқаша механизмге бейім; инструменталды агрессияға; яғни тұлғааралық немесе басқа да әлеуметтік ситуацияны түсінушілік жетіспеушілігінің жоқтығы мен сипатталады, агрессия оның өз материалдық немесе табылады. Сондай-ақ көңіл аударатын жәйттің бірі жеткіншектің әлеуметтік дезадапция көрсеткішіне ішкі жағдай факторларының әсері дамыған да болады .

«Ойлау проблемасы» да - әлеуметтену проблемасына әсер етуші фактор болады. Мұндағы интеллектінің төмендігі диспозициялық фактор ретінде, анти әлеуметтік мінез-құлықтың туындауына әкеліп соғады.

Әлеуметтік экологияның бұзылысы, қатал қарым-қатынас факторлары психологиялық жайсыздық көрсеткіштеріне әсер ететін диспресстер болып табылады.



Нәтиже:

1. Жеткіншектің мінез-құлқындағы бұзылыстар әр түрлі генезбен анықталады. Олар психотикалық факторлармен, сондай-ақ, психикалық девиоцияны анықтайтын сыртқы даму жағдайымен байланысты.

2. Сыртқы жайсыздық (әлеуметтік) фактордың ішінде жеткіншектің ішкі психологиялық жайсыздық көрсеткішке көп әсерін тигізген қатал қарым-қатығыс болып табылады.

3. Жанұядағы жайсыздық факторы - баланың әлеуметтенуіне және делинквентті мінездің туындауына әсерін тигізеді.


2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты

оқшаулану себептері

Теориялық көзқарастарының әр түрлілігіне қарамастан, бұл ғылымдарды бір мақсат біріктіреді: балалардағы әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу, олардың пайда болу механизмдерін анықтау, сонымен қатар балалардың болашақта адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайтын қиыншылықтарды болжай білу. Осы айтылған проблемаларды талдау алдында ең басты авторлардың теориялық көзқарастарымен танысайық.

Зертеудің теориялық негіздері.

1. Мінез-құлықтың әлеуметтік эмоционалдық реттеуші моделі ( К.Рубин ұсынған ). Бұл теорияның негізін баланың сыртқы ортамен қарым-қатынас кезінде туындайтын қиыншылық проблемалары құрайды. Бұл модельге сәйкес баланың әлеуметтік эмоционалдық дамуы интериндивидуалды, интроиндивидуалды және макрожүйелік күштердің өзара әрекетімен түсіндіріледі.

Интериндивидуалды күштер бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың сенімділігімен және сенімсізділігімен сипатталады. Ал интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процестері бойынша баланың темперамент ерекшелігімен сипатталады. Интериндивидуалдық күштердің сенімділік жағдайында ата-аналар баласының сезімін, ойын, қажеттілігін елеусіз қалдырмай, оның өзіне деген сенімділікпен қарауын қолдайды.

Осының нәтижесінде балада өмірге деген сенімділік арта түсіп, әлеуметтік ортаны ең алдымен үлкен адамдармен, кейін келе өз қатарымен танып білуі күшейеді. Ал сенімсіздік қарым-қатынаста ата-аналар баласының жан-күйін түсінбей, тіпті оны жақсы көруден де қалады. Балада өмірге деген сенімсіздік пайда болып, бұл сенімсіздік оның дамуына негативті әсерін тигізеді, яғни балада өзіне деген баға, танымдылық белсенділік төмендеп, қоршаған ортадан өзін оқшаулай бастайды.

Ата-ананың балаға өз құрбыларымен қарым-қатынас процесінде жүргізетін шектен тыс бақылауы, қамқорлығы (гипеопека) - балаларда үлкендерге деген тәуелділікті, жаңа жағдайлар мен проблемалар алдында қорқыныш сезімін туғызады.

Макрожүйелік күштер - бұл жанұяның экономикалық жағдайы , ата-ананың білім деңгейі және қарым-қатынастың сипаты (эмоционалды тұрақтылық деңгейі, ұрыстар және дағдарыстар, т.б.). Бұл күштер ата-ананың балаға деген адекватты емес қатынасының пайда болуына алып келеді.

Егер әрбір сала тиімді күйде жүзеге асатын болса, онда баланың дұрыс дамуына қолайлы жағдай туады. Біреуінің бұзылуы гармониялық әрекетті деформациялайды. Осылайша жанұядағы дау - жанжалдар ата - ананың балаға деген қарым -қатынасын негативті бағытқа қарай өзгертуі мүмкін. Балада қорқыныш сезімін, шектен тыс қозғыштықты, тынышсыздықты, тағы басқа қиыншылықтарды қамқорлық және ілтипаттылық қарым - қатынаспен жеңуге болады.

Мотивациялық теория (Дж. Эйсендорф ұсынған).

Бұл теория бойынша әлеуметтік дамудағы балалардың түрлі ауытқуларыныың пайда болуы жақындау немесе алыстау мотивтерінің механизмдері арқылы жүзеге асуы қарастырылады. Бұл мотивтердің өзара байланысының бұзылысы қарым - қатынаста қиыншылықтардың пайда болуына алып келеді. Дж. Эйсендорф мұндай бұзылыстардың 3 түрін көрсетеді. Бірінші бұзылыс жақындау мотивациясының төмендігімен сипатталады. Егер бұл мотивация жоғары жаста шектен тыс айқын көрінетін болса, онда ол балалардың әлеуметтік қарым - қатынас сферасында ауытқушылықтардың барын көрсетеді.

Екінші түрі жақындау және алшақтау мотивациялары арасындағы дау - жанжалмен байланысты. Бұл жағдай белгілі бір себептерге байланысты баланың басқа адамдармен, әсіресе, жаңа жағдайларда араласа алмайтындығымен сипатталады. Дау -жанжал белгілі бір ымыраға (комплеске) алып келеді. Мысалы: басқаларды алыстан бақылау, құрбылар тобына жақындау жерде жекеше ойнап отыруы. Мұндай конфликтке басынан өткізіп жатқан балалар сақтығымен, ұялшақтығымен, тұйықтығымен ерекшеленеді.

Мотивтер арасындағы дау - жанжалдардың пайда болуы баланың биологиялық табиғатына да, тәрбие жағдайына да қатысты. Мотивтер арасындағы қарым - қатынастың ауытқуының үшінші түрі әлеуметтік жақындау мотивінің жоғарлауымен және алшақтау мотивінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай мотивациалық профилі бар балалар әлеуметтенгіш болады, бірақ олар қарым - қатынаста өзіне шек қоя алмайды. Осындай балалар агрессивті мінез - құлыққа ие. Құрбылармен қарым-қатынас - баланың әлеуметтік және жекелік даму факторы ретінде.

Құрбыларымен қарым-қатынас балаларда мінез-құлықтың әлеуметтік-эмоционалдық реттеу мүмкіндігін ашады. Осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: белгілі бір себептерге байланысты өзінің құрбылармен қарым-қатынасқа түсе алмайтын баланың дамуындағы әлеуметтік изоляцияның нәтижесі қандай?

Әлеуметтік оқшалану әртүрлі түрлерге ие. Соның бірі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт. Осыған жақын түсінік - «Ұстамдылық мінез» - бала өзін адамдарға (танитын, танымайтын) жақын ұстайды, бірақ олармен қарым-қатынасқа түспейді, тек сырттай әрекеттерін бақылаумен шектеледі. Мұның негізінде жақындау және алшақтау мотивтері жатыр. Ол аз сөйлейтін балаларға да қатысты.

Ендігі кезекте зерттеулерден алынған эксперименттік материалдарға тоқталайық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болады.

А./ Темперамент және мінез құлықтың әлеуметтік регуляциясы.

1. Зерттеулер нәтижесінде балалар темпераментінің екі типі анықталған. Олар бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ белгілі болады. Оның біреуі жаңа жағдайда балада қорқыныш сезімінің жоқтығымен сипатталатын стресстік жағдайдағы баланың фрустрациясы. Бұл топтағы балалар жаңа жағдайларға жақсы бейімделу қабілетіне ие. Ал келесі темперамент типі қарама-қарсы белгілерге ие: аналарының берген сипаттамасына қарағанда бұл балалар беймаза және күйгелек. Сонымен қоса, бұл екі типті темпераментті ажыратудың физиологиялық индикаторы табылды. Ол - жүрек ырғағы. Бірінші топтағы балалар жүрек ырғағының күшті көрсетуімен, бейімделу қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

2. Баланың темпераменті мен оның анасына бауыр басу арасындағы байланыс саласы арасындағы қатынас.

3. Нәрестенің темпераменті мен ерте шақта мінезінің тежелуі арасындағы байланыс.

Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты емес, керісінше темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Б./ Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасы және әлеуметтік изоляция.

Бұл мәселені зерттеу үшін К. Рубиннің басшылығымен құрылған «Ватерлоо Лангитюдты проекті» алынған. Зерттеуде келесі мәселер шешіледі:

1. Балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынасы кезінде әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу.

2. Баланың әлеуметтік изоляциялық жағдайда дамуына ерте әлеуметтік изоляцияның әсерін анықтау.

3. Баланың әлеуметтік дамуы үшін ерте әлеуметтік изоляцияның прогностикалық күштерін анықтау.

К.Рубиннің зерттелінген жобасының күшті жағы болып зерттеуде әдістемелік тәсілдерді кеңінен қолдану және зерттенушілердің мінезін бағалау мен бақылаудың шкалаларын тиянақты құрастыру болып табылады. Экспериментте бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата - аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата - аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата - ана мен бала арасынлдағы қарым - қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылады.


2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу

себептері

Балалардағы изоляцияның ерте формалары. Әлеуметтік изоляциялану проблемасын талдау кезінде балалардың өз құрбыларынан оқшауланудың алты формасын бөліп көрсетуге болады.

1. Кемеліне жетпеген сенсоматорлық және функционалды ойын - қанағат алу үшін қайталанатын жай моторлық белсенділік.

2. Конструктивті ойын - белгілі бір нәтижеге жету үшін заттармен әрекет жасау.

3. Жекелік ойын - драматургия - басқа адамдардың қатысуынсыз арнайы жүргізілетін ойынның бір түрі немесе элементі.

4. Зерттеуші әрекет - белгілі бір объект, оны зерттеу.

5. Бақылаушы әрекет - бала ойнап жатқан балаларға жақын жерде жүріп, оларға қосылмай сырттай бақылайды.

6. Еркіндік - қатысусыз еш пайдасыз уақыт құрту.

К.Рубин жекелік белсенділік ойынды импульсивтілікпен, кемеліне жетпегендікпен және де агрессивті мінез - құлық көрсетуге бейімділік сияқты бала психикасының сипатымен байланыстырады.



Мектеп оқушылар арасындағы конфликттер. В.Воронин халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты конфликтердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: оқушы - оқушы; оқушы - мұғалім; оқушы -ата-ана; оқушы - әкімшілік; мұғалім - әкімшілік; мұғалім -мұғалім; мұғалім - ата-ана; ата-ана - ата-ана; ата-ана -әкімшілік; әкімшілік - әкімшілік. Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар арасындағы конфликтіні қарастырайық.

Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы конфликтер барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген XIX ғасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, адам аяғы баспаған аралдар қалып қойған бір топ балалардың оқиғасы болсын (И.Кон).

Оқушылар арасындағы болатын конфликтердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова сияқты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік -барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектенде көбірек өзінің қатарластарына қатыгездік көреді.

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с. (В.Лозоцева).
2 Бөлімнің қорытындысы

Диплом жұмысымыздың екінші бөлімінде балалар ұжымында оқшауланған балалардың шеттелу себептерін анықтау мақсатында эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, топтан изоляциялану себептерін анықтап талдау жасау міндеті қойылған болатын. Сондықтан біз жүргізген социометриялық әдістеріміздің көмегімен мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушылары арасынан оқшауланған балалар іріктелді. Балалар ұжымынан оқшауланған балаларды анықтау ең бірінші кезекте олардың өзара қарым-қатынасы мен бір-біріне деген жұғысуы мен алшақтауын аңғарудан басталады.

Оқшауланған баланың себептері түрлі болатындығын біздің зерттеулерімізден аңғаруға болады. Бірінші кезекте әлеуметтік оқшаланудың бір түрі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.

Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартуға тырысушылық зерттеулер көрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, әрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Оқушылар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс қалуына әсер ететін тағы бір фоктор -конфликтер. Оның ішіндегі конфликтілердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова сияқты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау -топтан тыс қалудың немесе оқушылардың конфликтілі балалармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтынын көрсетеді.

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Әлеуметтік дефектісі балалардың қарым-қатынасында проблема тудырып, оның топтан оқшаулануын тудыруына әбден ықтимал. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты дағдарыстарының негізі - топтан оқшаулануының да бір себебі болып табылады.

Қорытындылай келе, сыныптан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады. Біздің екінші тарауымыздағы материалдар бұл міндетті шешудің бірден-бір жолы деп сенеміз.

3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары

Балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мәселеге тереңірек тоқталайық.

Психологиялық конфликтінің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай конфликтілерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмысты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.

Зерттеу негізінде балалардың психологиялық конфликтісін шешу міндетті түрде сол ойынның барысында жүзеге асыру қажеттігі тиімді.

Үлкендердің балаға берген бағалық қатынасы олардың конфликтіні шешуіне біршама әсер етеді. Көп жағдайда мақтау, яғни әлеуметтік-психологиялық бағаның орны ерекше.

Конфликтіні шешуде балалардың басқа балалар алдында беделін көтеретін жағдайларды қарастырған жөн. Коррекция кезінде тек қолдаумен ғана шектелуге болмайды, ол баланың басқа балалармен бірге ойнауында серіктестік ролінде сәйкестенетіндігіне көзін жеткізу қажет.

Мұғалімдер, тәрбиешілер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.

Тағы бір методикалық тәсіл - ойынға қосымша тағы бір материал қолдана отырып, балалардың бірлескен ойынын ұйымдастыру.

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын конфликттерін түгелдей болдырмауы мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы конфликттердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын -тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқшауланған оқушының басқа оқушылармен араласуы қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан конфликттерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, конфликттерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

Мектеп оқушыларына олардың қарым-қатынасын жақсартуға арналған арнайы оқылатын бағдарламалардың оқшауланған баламен жұмыс жүргізуде үлесі зор. Ендігі кезекте осы бағдарлама туралы айта кетейік.

Мектеп жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепте философияны оқыту програмаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады: «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау (Липман,1995).

Конфликтіні түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж.Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында конфликтіні шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет дейді. Сұрақтар, бір шетінен, конфликттіні пайда болуымен, ал екінші жағынан конфликттерді алдын-алумен, шешумен және оны басқару мен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте конфликттінің түсіндірмесінін айқындалуынан және әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтарының сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай конфликтінің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын комуникация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. лардың конфликттік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, конфликтіні шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рольдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, т.б. қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі).

Леви мысал ретінде төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен.

Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы)

1. Конфликттер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы конфликттер күнделігін толтырады. Олар конфликтіге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім конфликтіге түсті? Конфликт не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: конфликтің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша конфликттерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте конфликттермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан конфликтіге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?

2. Конфликтіні шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рольдері қарастырылады.

3. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады.

Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.



3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу

ерекшеліктері

Эмоцианолды қозғыштығы тым жоғары адамдарға, басқаларға қарағанда әрекеттің түрлі эмоциогендік бұзылысының байқалуы тән, басқаша айтқанда, ол тек ұяң болып қана қоймай, түрлі жағдайларда қорқынышқа, тұрақсыз көңіл күйге тез берілгіш болады. Осындай адамдарға негізінен емделіп, өзінің эмоционалды-еріктік сферасын түрлі қырынан, әсіресе, эмоционалды моторлық сферасын жаттықтыру қажет.

Ұяңдықпен күресу үшін адамдармен түрлі қиын өзара қарым-қатынаста болатындай жағдайларда жаттығу керек.

Балалық шақтан бастап ұжымға тез бейімделіп, ұжымда жұмыс істегенді ұнататын адамдарда ұяңдық мүлдем болмайды немесе әлсіз байқалады.

Кейбір ата-аналар балалары олқылықтарға жаман әрекеттерге бармауы, ортасынан жаман әдеттерді үйренбеуі үшін оларды ұжымнан тыс ұстайды. Кейін балалары ұялшақ және көпшіл емес болып өскенде түсінбей де қалады. Сондықтан да ата-ананың ең басты мақсаты баласын ұжым ішінде өмір сүріп және жұмыс істетіп үйрету, өз құрбыларына дұрыс қарым-қатынас жасап басқа адамдар да оған дұрыс қарайтынына көзін жеткізу керек.

Кейде ересек адам өзін ұжымда ұстай алмай, тәрбиесіздігінен, білмей қалуынан дұрыс емес қадам жасайды. Содан соң жағдайды тым ауыр қабылдап, өз қателіктерін өзіне кешіре алмай қалады. Осыдан кейін оның ұяңдығы одан бетер жоғарлап кетеді. Сондықтан да ұжымда мінез-құлықтың негізгі ережелерін біршама жақсы білу де ұяңдықпен күресудің бір жолы бола алады.

Ерекше назар аудартатын, ол - өтпелі, яғни жыныстық жетілу кезіндегі пайда болатын ұяңдықпен күресу. Осы мәселе әлі де болса дұрыс орынға қойылып, дұрыс жыныстық тәрбие беруге жөнді көңіл бөлінбей келеді. Осылайша ұяңдықтың туу себептерін қарастыра отырып, оның күресу жолдарын да табуға болады.

Ал ол жолдар барлық уақытта да индивидуалды сипатқа ие болады. Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті. Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп аталатын бұл құбылыс мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемалары бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде өте маңызды бола бастады.

Мамандар оқушылардың делдалдық іс-әрекеттерге дағдылану туралы оқытылуының көрсеткіштері оңды болуына және делдалдылықты мектеп өміріне тәжірибе ретінде еңгізуіне өзара жарысады. Д. және Р.Джонсондар пікірінше оқушыларға конфликтіні конструктивті басқаруын үйрету қажеттілігінің маңызды аргументтері болып үш түрлі жағдайды көрсетеді. Бұл алдымен мектептердің жағымды да тыныштықта білім беруге қызығушылығы. Екіншіден, конфликттің потенциалын қолдана отырып, зейінді қолдау, оқуға деген мотивацияны күшейту, интеллектуалды қызығушылықтарын тудыру, жұмыстың сапасын жоғарылату және проблеманы шешу барысында шығармашылық жолдарды дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Үшіншісі -болашақ үрпақты өз өмірінде, отбасында, жұмысында, қоғамда, ұлттық және халықаралық жағдайларда туындайтын конфликттерді конструктивті басқара білуіне дайындау.

Конфликттіні оқушылар конструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, конфликттіні шешу процедуралары қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі. Авторлардың пікірлері бойынша конфликттерді шешу жолдарына мектептегі оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқуы қажет (Johnson D. and R., 1994).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет