Дивидендтердің Дивидендтер
Пайдаға = Пайда
қатынасы
Пайданың Дивидендтер
меншікті капиталға = МК
қатынасы
CAMEL жүйесі бойынша капиталдың рейтингісін жүргізудің жалпы принциптері мынадай:
1 – рейтинг (тұрақты):
- банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттері (k1, k2) белгіленген минималды белгілерден екі немесе одан көп есе жоғары болса, яғни 12% және 24%-ға тең немесе жоғары;
- банктің меншікті капиталының корсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда жоғары;
Осы рейтингтегі банктер сәйкесінше капитализацияланған және болашақта жақсы капитализацияланған деп есептелінеді.
2 – рейтинг(қанағаттанарлық):
- k1, k2 коэффициенттері 8%- пен 14%- ға тең;
- банк капитал корсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең бір жақсы банктердің бірі болып табылады;
- инспекциялаудың нәтижесі бойынша банктің активтерінің сапасы қанағаттандырылған немесе орташа.
Бұл деңгейдегі банктер қазіргі кездегі капиталдарды жеткілікті және оны болашақта да сақтайды деп айтуға болады.
3 – рейтинг (орташа):
- k1, k2 коэффициенттерінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерге сәйкес, яғни 6% және 12%- ға тең;
- капитал көрсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең аз дегенде орташа жағдайда орналасатын банктер;
- инспекциялық тексерулер нәтижесінде анықталған активтердің сапасы орташа банктер.
4 – рейтинг (шекті):
- белгіленген нормативтердің (k1, k2) ең болмаса біреуін орындап жүрген немесе капитал жеткіліктілігі көрсеткіштері 6% және 10%- ға тең банктер;
- банктерді капитал көрсеткіштері бойынша салыстыру тобында соңғы орындардың бірінде орналасқан банктер;
- инспекциялық тексерудің нәтижелері бойынша әлсіз немесе активтердің сапасы жағынан проблемалары бар банктер.
Бұл рейтингтегі банктердің капиталы жеткіліксіз және оның жағдайы банктің өмір сүруі төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.
5 – рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
- капитал жеткіліктілігінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерден төмен немесе теріс көлемді капиталы бар банктер;
- банктерді капитал көрсеткіштері бойынша салыстыру тобында нашар банктердің қатарына жататын банктер;
- инспекциялық тексерудің қорытындылары бойынша активтерінің спасы шекті немесе қанағаттанарлықсыз болған банктер.
Бұл рейтингтегі банктерге акционерлер немесе басқа да қолдау көздері жағынан жедел жәрдем жасау талап етіледі.Қаржылық және басқа да әлсіз жақтары банктің төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.
Активтердің сапасы. Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты болып банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі мен құны дұрыс көрсетілгенін анықтау.Тәуекел деңгейін анықтауда активтердің әр деңгейдегі тәуекелінің бар екенін ескеру қажет. Белгілі бір активтердің түрлері тәуекелмен ешбір байланыссыз болады. Мысалға, касскдағы қолма - қол ақша немесе Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қалдық. Бұл активтерге қарама – қарсы 100% тәуекелі бар активтер бар. Мысалы, оларға банктен берілетін несиелер жатады.
Активтердің сапасын талдау барлық активтердің түрлерін, сондай – ақ баланстан тыс активтер мен проблемалы активтердің негізгі бөлігі ретінде несие портфелін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдау көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі принципі несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады. Біріншіден, инспектор келесі жақтарына көңіл аудару керек:
несиені өтеу келісімшартқа сәйкес жүргізіліп жатыр ма, әлде төлемдер кешіктірілген бе?
қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты ма, әлде қаржылық жағдайы нашарлап қалды ма?
қарыз алушы несиені қайтара алмаған жағдайда банктің несиенің орнын жабу үшін қосымша қамтамасыз ету қаражаттары немесе несиені қайтарудың басқа түрлері бар ма?
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелуіне дейінгі сомасынан алынып тасталынады.
Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердің орташа құны мен банк капиталының қатынысына негізделеді. CAMEL жүйесі бойынша активтердің сапасын бағалаудың негізгі принциптері 5 – кестеде келтірілген.
Активтер сапасын бағалау принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |