1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ



бет7/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170489
1   2   3   4   5   6   7   8

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ


      37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

      1. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгiлiк шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жiбередi.


      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті көзделуге тиіс.
      5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларында көзделген жағдайларда өнiм беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсті түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушінiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiкті ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiкті таңдауға құқылы.
      Шарт бойынша мiндеттемелері толық орындалғанға дейiн өнім берушінің енгiзiлген кепiлдiкті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Тапсырыс берушінiң өнім беруші енгiзген кепiлдiкті ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
      6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
      2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;
      5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетілу, берілу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
      8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
      10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
      11. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-бапты 11-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
      13. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан


               жалтару

      1. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.


      2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
      1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алуға теріс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не


               жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері

      1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:


      1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
      2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
      3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
      1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;
      2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;
      4) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;
      5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;
      6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
      7) мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейіннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;
      8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол берiледi.
      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет