2.3 Баспасөз тілі мен радио тілінің ерекшелігі
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын өз ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстары да бірдей бола бермейтіні түсінікті. Әсіресе бұл орайда электронды ақпарат құралдарының мерзімді басылымдар тілі өзіндік өзгешеліктерін сақтайды. Соған орай тыңдаушылар мен оқырмандардың да ақпаратты қабылдауы әр-түрлі жағдайда болады. Баспасөзді оқырманның асықпай отырып, санаға сіңіріп немесе түсінбеген жерлерін қайталап оқуына мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мағынасы ауыспалы сөздермен, астарлы сөйлемдер мен ұғу үшін уақыт өзінің билігінде болмақ. Тіпті қажет жағдайда терминдердің де түсініксіз болған мәнін сөздіктерден қарап анықталуына болады. Ал осыған керісінше радио хабарларын тыңдап отырған адам түсінбеген жайларын 2-ші қайтара естуі мүмкін емес. Себебі, эфирдегі сөз қорға жазылып алынып қалмаса, қайталап берілмейтіні белгілі. Міне осы орайда радиоматериалдарда тыңдаушы психологиясы өте тығыз түрде және әдеттегіге қарағанда асығыстау түрде сезіледі. Соған байланысты Радио текстер өзінің жанрлық ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстарымен бірге ақпарат құралы ретіндегі материал беру айырмашылықтарын да сақтай білу.
Мәселен: хабар жанрына жататын әдеби публицистикалық бейнелеу суреттеулер көркемдіктің барлық шарттарына жауап беруі тиіс. Бұл орайда әдеби драмалық хабарлардағы радиопьесалар, әр түрлі инценировкалар және радиоқойылымдардың жанрлық ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстары көркемдік бояуды арттыруды қажет етеді.
Мұнда теңеу, эпитет сөздердің тапқырлықпен қолданыста болуы міндет. Осы ретте очерк немесе фельетон кейіпкерлерінің біреуін жағымсыз тұрғыда, екіншісін ұнамды тұрғыда бейнелеу талабы туындайды.
Ал мұндай жағдай творчествода жақсы шығу үшін тағы да сол тілдің көркемдік бояуларын барынша ізденістермен қолдану.
Біздің журналистикадағы әдеби қырынан көрінетін мұндай жанрлардың сайып келгенде тыңдаушы үшін айтылып жүргендей тартымды болуын ескеру екені түсінікті. Әсіресе психологиялық көңіл күй эпизодтарында сол тілге жүгінетіміз аян. Музыкалық очерктерде бұрынғы өткен әйгілі өнер шеберлері және олардың шығармалары туралы, өмірбаяндары туралы баяндалатын болса әрине тіл қолданыстары да тартымдылықпен барынша суреттеліп берілуі тиіс. Өйткені алынып отырған объект те және айтылмыш мәселе де бұл орайда құрғақ тіл қолдануды көтермейді. Демек, хабарлардың да, жанрлардың өз ерекшеліктеріне байланысты тіл қолданыстары аз, немесе көп бояулары қолданылатыны осындай мәселелерге қатысты болып келеді. Тағы бірайтар нәрсе радиохабардың түрлері пішіндері және жанрлары бар екенін ескеру керек. Бұлардың да тілдік қолданыстары өзіндік айырмашылықтармен белгілі. Бұл орайда пішіндерді қолданатын радиожурналдар, радиодиспуттар, радиоүндесу, радиовикториналар, радиойындар әрқайсысы өзіне тән тілдік және стильдік қолданыстарды олардың табиғатына сай пайдалану мәселесін туындатады. Радио тілі – халықтың бай сөйлеу тіліне негізделеді. Бұл орайда радиохабарларының газет тілінен айырмашылығын ескеру керек. Айталық газет тілінде жазба тіл қолданылған болса, электронды ақпарат құралдарында олай емес, себебі микрофон арқылы және есту арқылы қабылданатын дыбыстық сөзбен негізделетін хабарлар өзіндік ерекшелігімен қолданылады. Кейінгі кездерде ғалымдардың тоқайласқан пікірі осыған саяды.
Мысалы: радио тіл стилін зерттеуші ғалымдардың бірі Шнейдер былай дейді, «радиода газет тілі емес, кітап тілі емес сөйлеу тілін қажет етеді», - дейді.
Демек, радио тілі ауызекі тілді қолдана отырып күнделікті тұрмыста қолданылатын кейбір тұрпайы сөзді ақпарат құралы болғандықтан қайталанбауы тиіс. Яғни ауызша тілдің сұрыпталған, іріктелген сипаты пайдаланылуы керек. Сондай-ақ, радиохабардың түрлеріне байланысты және жанрларына байланысты тіл стильдері өзіне тән ерекшеліктермен қолданылады.
Мәселен, жаңалықтар мен соңғы хабарларда тіл қолданыстарын бояумен қабылдатпай қолдану қажет, яғни қысқа ақпарат үшін нақты, дәл, анық, аз сөзбен көп мағына беретін сөз тіркестерін, фразаларды қолдану қажет.
Ал әдеби драмалық хабарларда тілдің көркемдік бояуларын барлық сипатында пайдалану керек. Бұл орайда тілдің көркемдік мәселелесіне аса назар аудару қажет. Халықтың немесе тыңдаушының радио мен теледидардан берілетін хабарларды қабылдауына радио және теледидар журналистері ең бірінші кезекте мән беруі тиіс.
Мәселен, көрінбейтін сөз арқылы берілетін радиохабарларды тыңдаушы қауымның ойша бейнені, образды түсінуі мен көңілінде елестетіп қабылдауына мүмкіндік туғызу керек. Радио журналистер осындай шарттарды толық меңгере отырып өзінің хабарларын қызықты да тартымды шығуына күш салады. Радио хабар көбінесе сөздердің монолог және диалог тілдері көп қолданылады.
Монологта – радионовелла, радио хат сияқты жанрлық формалар пайдаланылады. Монологтың тағы бір табиғаты жеке адамның немесе репортердің өзінің сөйлеуі арқылы қажетті ақпараттық мәселелерді тыңдаушыға жеткізуі, кейде іштей өзіне-өзі айтқан сөз шеберлігін ұқыпты пайдаланып тыңдаушының ұғымына қиындық туғызылмауы тиіс.
Ал диалог сөзерде болатын болса екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі, әңгімелесуі арқылы сұрақ-жауаптар түрінде хабар ұйымдастырылады. Ол қасиет радиоға да, теледидарға да тән болып келеді. Осындай жағдайларға байланысты радиожурналистің хабар жасаудағы әдіс-тәсілдері туындап электронды ақпарат құралдарды журналистердің алдында өмірге тән жаңа міндеттер туындап отырады.
Ақпарат және көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесіне келсек, радиохабарларда берілетін түрлеріне байланысты өзіндік тіл кестелері ерекшелікпен қарастырылу абзал. Бұл жағдайда радионың хабарлама жанрлары немесе заметка түріндегі материалдар басқа жанрларға қарағанда әжептәуір айырмашылықтармен қолданылады. Бұл ретте осындай қысқа хабарлардың тіл бояуы аса қалыңдатылмауы керек.
Себебі, ақпарат хабарларының ерекшеліктеріне сай тек баяндау, хабарлау мәні ғана болатынын ескерген жөн. Айталық жаңалықтар мен соңғы хабарларда тек бірен саран ғана фактілер мен жекелеген оқиғалар өзек болатыны белгілі. Сондықтан мұндағы тіл қолданысы ойды шұбалаңқылыққа ұрындырмайтындай және сөйлем сөздердің шашырандылығына жол берілмейтіндей болу керек. Бұл жерде қысқа тұжырымды оймен, қысқа түйінді сөздерді пайдалану талап етіледі. Сонымен бірге мұндай хабарлардың стильдік айырмашылығын да ескеру қажет. Яғни мұндағы стильдер де күрделілікке соқпай, телеграфтық стиль болса артық емес. Десек, жанрдың табиғаты да осыны қажет етеді. Сондай-ақ, көркем жанрларға келетін болсақ, тіл бояуларының барлық және жан-жақты бояуларын қолдануға тура келеді. Радиопублицистиканың көркем жанрлардың ішінде радиоочеркке, радиофельетонға өзгеше қарау керек. Яғни, бұл екі жанрдың да көркемдік түрге табиғаты ақпараттық шағын жанрларға қарағанда күрделі әрі толымды болуы тиіс, себебі мұнда әдебиет шығармаларындағыдай тілдің қанық бояулары қолданылып отыратыны айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |