2-сұрақ Эритроциттер мен тромбоциттерге морфо-функционалдық сипаттама беріңіз. Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл жасушасы. Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада оның пішіні сопақ болып келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні сопақ болып келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен байланысады, карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып, қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады. Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсы денелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады. Эритроциттер ядросы жоқ қызыл түсті қан жасушалары. Олар ортасы қысыңқы тегершік пішінді болады. Бұл эритроциттің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдар қозғалысына неғұрлым бейімдірек келеді.Эритропоэз жамбас сүйектерінің, бас сүйектерінің, қабырғаларының және омыртқаның қызыл сүйек миында, ал балаларда — қол мен аяқтың ұзын сүйектерінің соңында сүйек миында жүреді. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы — 3-4 ай, бұзылуы (гемолиз) бауырда және көкбауырда жүреді. Қанға шықпас бұрын, эритроциттер қан түзудің қызыл өскіні — эритрон құрамында пролиферация мен саралаудың бірнеше сатыларынан өтеді.Тромбоцит (thrombocytes, грек, thrombos - тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады.Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу фазасы Коагуляция фазасы Ретракция фазасы
Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі
•грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.•протеин, май, көмірсулар жатады.Құстардың жұмыртқа жасушаларында ұрықтың дамуына қажет трофикалық қосындылар сарыуыз түрінде коп мөлшерде жинақталған. Май қосымдылары — май жасушалары — липоциттерде (адипозиттер) қорланады. Өте ұсақ май тамшылары организмнің көптеген жасушаларында кездеседі. Көмірсулар жануарлар организмі жасушаларында негізінен гликоген (полисахарид) түрінде қорланады. Гликоген, әсіресе, бауыр жасушаларында, ет жасушалары мен талшықтарында көптеп кездеседі. Гликоген цитоплазма матриксінің құрамына да кіреді.Трофикалық қосындылар — қоректік заттар қоры және энергия көзі.[1]Тромбоциттер сүтқоректілерден басқа жануарлардың көпшілігінде қан клеткаларынан түзілетін, ұсақ, дөңгелек не ұзынша келген, тығыз ядролы және әлсіз базофильді, цитоплазмалы клеткалар түрінде кездеседі. Сүтқоректі жануарлардың қанында Тромбоциттердің орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді, т.б.) ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі. Қан табақшаларының құрамында арнайы 4 түйіршік: (дельта түйіршіктерінде азенозин екі фосфор және аденозин үш фосфор қышқылы, серотонин, кальций иондары; альфалықта – қан ұюына қатысатын, қабыну, иммунитет және бүлінген тіндердің қалпына келтіретін өсу факторы; лизосомалықта гидролиздік ферменттер; пероксисомалықта –каталаза ферменттері) болады, сондай-ақ митохондрия табақшалардың жылжуын қамтамасыз ететін микротүтікшелер, гликоген түйіршіктері, кейде рибосома айқындалады. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі ірі клеткалар – мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары 8 – 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |