1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —



бет1/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Биотех читать


1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары.
Биотехнология — (био…bios-тіршілік +thechne, (грекше) — өнер, шеберлік және logos — ғылым) — тірі ағзалар (организмдер) мен биологиялық әрекеттеді өндірісте пайдалану.
•Биотехнология терминін алғаш рет 1917 жылы венгер инженері Карл Эреки енгізді. Карл Эрекидің пікірінше, «биотехнология — бұл тірі организмдер көмегімен белгілі бір өнімдерді өндіру жөніндегі барлық бағыттардағы жұмыстар» болып табылады.



    • •Қазіргі кезде бұл терминге төмендегідей анықтама береді: Биотехнология — биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды заттарды өндіру мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымын шығарумен айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты. Биотехнология - биология мен техниканың мүмкіндіктерін біріктіретін өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және адам қызметінің басқа да салаларында биологиялық процестер мен жүйелерді пайдалану, ғылыми бағыт. Бұл тірі организмдерді, олардың жеке компоненттерін (ДНҚ, микроорганизмдер, жасушалар және олардың бөліктері) немесе олардың қалдықтарын өнімді өндіру және техникалық мәселелерді шешу үшін пайдалану болып табылады.

Биотехнологияны дамытудың перспективалық бағыттары:

    • гендік инженерия (адамға арналған гормондар, вакциналар, трансгенді өсімдіктер мен жануарлар);

    • біріншілік және екіншілік метаболиттерді алу (аминқышқылдары, дәрумендер, интерферондар, вакциналар, антибиотиктер және т. б.);

    • Инженерлік энзимология (ферменттер, биосенсорлар және биочиптер);

    • өсімдіктердің жасушалық және тіндік инженериясы (каллус және өсімдіктердің суспензиялық дақылдары);

    • Экологиялық биотехнология (қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтар).





Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару.


Биотехнология – бұл спецификалық (өзіндік) заттар алу үшін метоболизм мен биологиялық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, бактерия, жануарлар, өсімдіктер жасуша дақылдарын пайдалану. Фармацевтік өндірісте биотехнология гормондар, ферменттер, интерферондар, антибиотиктер, амин қышқылдар, витаминдер, алкалоидтар, полисахаридтер және басқа биологиялық белсенді заттар синтезін, вакциналардың өңдеуін қамтиды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет