1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Ақпараттық теле-қатынастық технологияны математикада оқытуда қолдану



бет35/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

46. Ақпараттық теле-қатынастық технологияны математикада оқытуда қолдану.
Қашықтықтан оқыту
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм
беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа
баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және
бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін
дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу
орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей
қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын
педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде
қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына
енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық
үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана
емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім
беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және
қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен
сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен
оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді
қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-
ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және
басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ құралдарының негізгі түрінің бірі
электрондық басылымдар болып табылады.
Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден
ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге
математикалық формулалар, математикалық өлшем бірліктер, графиктер, сызбалар
және суреттер т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері
меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық
техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың
толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық
құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану,
оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде
пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың

дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын


анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай
мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық
оқыту құралдары бере алады.
Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік
техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда
немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық
саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда
белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан
тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа
да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, математика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде
мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын
жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен
дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математика
саласы маманын педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ
мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден
тыс қалмағандары дұрыс. Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына
мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін
білдіреді.
Электрондық оқулықтар негізгі білім берудің электрондық басылымдары болып
табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде
жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын,
білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық
оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында
дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек.
Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде
шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.
Электрондық оқулық – ғылыми - педагогикалық құрал.
Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
- теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық
тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу
құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп
қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі
компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып
келеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі
оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен
заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының
қалыптасуына жол ашуы керек.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала
(университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары
ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің
аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік
техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске

асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және


аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде
әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің


нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент –
сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық
оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің
технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде
кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға,
бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен
белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны
мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай
мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер
де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіле ді. Дүниежүзіндегі дамушы
елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен
жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995
жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына
тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде
мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет