Сигналдарды тасымалдау бағыттары.
Коммутациялық телефондық байланыс бағыттары. СБЖ пайдаланылатын СВЧ антенналары – жер үсті стансалары беретін радиосигналдарды қабылдауға арналған және осы сигналдарды кері ретрансляцияға арналған жиіліктегі диапазон. Спутниктердің көбі гигагерцті диапазонды 6/4 ГГц, кейбіреулері 14/12 ГГц пайдаланады (бірінші сан – Жер – спутник буыны бойынша жұмыс жиілігі,ал екіншісі – спутник – Жер буыны бойынша жұмыс жиілігі). Спутниктің сигналды қабылдауы мен беруі - транспондер деп аталатын арнайы құрылғымен қамтамасыз етіледі. Абоненттер арасындағы өзара әрекеттесу тізбек бойынша жүзеге асады: абонентті станция (ақпаратты жөнелткіш) – таратқыш жерүсті радиотелеметриялы станция (РТС) – спутник – қабылдағыш жерүсті радиотелеметриялы станция – абонентті (ақпаратты алушы). Жерүстіндегі бір РТС жуық жатқан АЖ тобына қызмет етеді.
Спутник пен жерүстіндегі РТС арасындағы деректерді беруді басқару үшін мынадай тәсілдер пайдаланылады.
Кәдімгі мультиплексирлеу – жиілік бөлігу мен уақытын бөлінулер. Біріншісінде барлық жиілікті спектр радиоканал подканалға бөлінеді, олар пайдаланушылар арасында кез – келген графикті беру үшін үлестіріледі. Бұл тәсілдің кемшілігі: ішкі каналдар тиімді пайдаланылмайды, бастапқы каналдар өткізу сызығының едәуір бөлігі бөлу сызығы ретінде пайдаланылады. Екіншісінде барлық уақытты бөлінулер пайдаланушылар арасында бөлінеді, олар шешуі бойынша ұсынылған уақытша кванттарға (слотқа) иелік етеді.
Сұрау – таңдау әдісі мен құралын пайдаланатын “бастауыш/қайталама” кәдімгі тәртібі. Бірінші орган ретінде көбінесе РТС, сиректеу – спутник шығады. Сұрау/таңдау циклі көп уақытты алады, әсіресе желісте АЖ үлкен саны болғанда. Сондықтан пайдаланушыға сұрау салу реакция уақыты ол үшін қабылданбайтындай болуы мүмкін.
“Бастауыш/қайталама” типті басқару тәртібі сұраусыз, уақытты кванттаумен көптік кіру әдісін жүзеге асырумен (ТДМА). Мұнда слоттар бірінші РТС белгіленеді, эталон деп аталады. Эталонды станция басқа РТС сұрау салуды қабылдап бұл сұрауларды кадрды беру үшін нақтылы слотты станциялары белгілену жолымен қанағаттандырады, ол каналдың графигі мен қамтылу сипатына байланысты болады. Мұндай әдіс кең түрде коммерциялық спутниктік желісте пайдаланылады.
Басқарудың тең рангілі тәртібі. Пайдаланушылар каналға кіруге тең құқылы, канал үшін бәсекелестік жүреді. 70 – жылдар басында Н.Абрамсон тиімді бәсекелесу әдісін ұсынып, ол ALOHA жүйесі деп аталды.
Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы бар: кездейсоқ кіру әдісі (кездейсоқ ALOHA); тең рангілі басымды слот жүйесі (слотты ALOHA) және т.б.
Спутниктік байланыс желісінің негізгі артықшылықтары:
Станциялар арасында байланысты қамтамасыз ету;
Қашықтығына тәуелсіз ақпаратты беру құны;
Желісті тұрғызу мүмкіндігі;
Спутниктік байланыс желісінің кемшіліктері:
Деректер берілісінің құпиялығын қамтамасыз етуге қаражат пен уақытты жұмсау қажеттілігі;
Үлкен қашықтықтан радиосигналдарды қабылдауда кідірістің болуы;
Радиосигналдардың өзара қателесу мүмкіндігі;
Сигналдардың әртүрлі атмосфералық құбылыс әсеріне ұшырауы;
Желідегі коммутация. Телефонды коммутация абонент жүйесіндегі байланыстың өмірлік маңызды элементі, басқару орталығы, желістегі ақпаратты өңдеу мен сақтау болып табылады. Көпнүктелі режимде байланысты ұйымдастыру компьютерлік желісте әйгілі (әсіресе ЛВС).
Мынадай коммутация әдісі болады:
Тізбектер (каналдар) коммутациясы;
Аралықты сақтау коммутациясы, ол өз кезегінде қатынас коммутайиясы мен пакет коммутациясы болып бөлінеді;
Тізбектер коммутациясы. Тізбектердің коммутациясында уақыттың нақтылы масштабында айырбас қамтамасыз етіледі, сонда биттер каналмен өзгеріссіз жылдамдықпен беріледі. Абоненттер арасында сквозной байланыс каналы орнатылды. Шақырудың жеке сигналының өтуі бірнеше коммутациялық құрылғылардың тізбекті қосылуы көмегімен қамтамасыз етіледі, ол каналдар коммутациясы орталығында (ККО) шешіледі. Егер сквозной байланыс каналын белгілегенде шақырылатын тарап бос болмаса немесе тізбектегі коммутациялы құрылғыдағы шақыру сигналының бірі блокирленсе, шақыру жасаған абонент уақыт өте қайталауы тиіс. Мұндай каналды орнатқаннан кейін ККО қызметтің минимальді санын атқарды, дегенмен ақпараттың үлкен көлемі берілуі мүмкін. Демек, тізбектер коммутациясы әдісін пайдаланғанда ақпараттың берілуі қордың шығын бөлігінің екі негізгі құрамдасымен қамтамасыз етіледі: шақыруды ұйымдастыру үшін қорлармен және ККО – ғы коммутациялық құрылғыны қақтауға арналған немесе уақытша каналдарды бөлуді ұйымдастыруға арналған қорлармен.
Тізбектер коммутациясы әдісінің кемшіліктері:
Байланыстың сквозной каналын орнатудың үлкен уақыты, ол оның жеке учаскелерінің босауын күтуден болады;
Шақыру сигналын қайталап беру қажеттілігі;
Ақпарат берілісі жылдамдығын таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
Желідегі қызмет пен мүмкіндіктерді өсірудің шектеулі болуы;
Байланыс каналдарын біркелкі жүктеу қамтамасыз етілмейді;
Тізбектер коммутациясы әдісінің артықшылығы:
Тізбектерді коммутациялау технологиясының жатықтығы;
Диалогты режимде жұмыс жасау мүмкіндігі;
Абоненттер арасында битті мөлдірлікті және ККО санына байланыссыз уақыт бойынша мөлдірлікті қамтамасыз ету;
Қолданудың едәуір кең саласы (ең бастысы акустикалық сигналдарды тарату).
Аралық сақтаумен коммутация. Бұл әдістердің ерекшеліктерін атап өтейік. Ақпарат берілу басталғанға дейін, жіберуші мен алушы арасында сквозной канал орнықтайды. Шақырушы объект номерді теру арқылы немесе бөлінген желіс арқылы тек желісиің жақын түйінімен байланысады және оған ақпаратты биттерді береді. Әрбір түйінде коммутатор болады, ол ЭЕМ – нің коммуникациялық базасында есте сақтау құрылысында (ЕҚ) тұрғызылған. ЕҚ байланыстың аралық түйінде болуы берілетін ақпараттың жоғалмауын алдын алады. Осы әдістердің бір көрсеткіштеріне жіберу мен жету пунктері арасында деректерді беру жылдамдығын келістіру мүмкіндігі жатады, ол желісте тиімді развязоктың болуымен қамтамасыз етіледі, байланыс түйінінде буферлік ЕҚ құрылуымен жүзеге асады. Аралық сақтау желісі үшін міндетті талап битті мөлдірлік болып табылады.
Қатынастар коммутациясы. Қазірге дейін кейбір салада кеңінен қолданылуда (электронды поштада, электронды жаңалықта телеконференцияда, телесеминарда). Қатынастар коммутациясының технологиясы “есте сақтау және жіберу” және де “басшы - бағынышты” қатынасында қарастырған. Орталық коммутациялық қатынастарда (ОКҚ) коммутатор (коммуникациялық ЭЕМ) кіретін және шығатын басқаруда тіркеу мен таңдауды атқарады. Уақыттың нақты масштабында интерактивті режим мен жұмыс қарастырылмайды, алайда деректер коммутатор арқылы өте жоғары жылдамдықта берілуі мүмкін, дерек ағыстарының әртүрлі типтері үшін басымдық деңгейін анықтауға лайықты.
Қатынастар коммутациясы әдісінің кемшіліктері:
Үлкен қатынасты қабылдау үшін байланыс түйініндегі буферлі ЕҚ емкостіне салмақты талапты жүзеге асыру қажеттілігі;
Диалогты режимді жүзеге асыру және нақтылы уақыт масштабында жұмыс бойынша жеткіліксіз мүмкіндіктер;
Коммутатор бас тартқанда барлық желістің істен шығуы, өйткені ол арқылы деректердің барлық ағысы өтеді.
Қатынас коммутаторы өткізу қабілеті бойынша потенциялды “тир” орын болып табылады.
Деректерді беру каналдары тиімділігі аздау етіп пайдаланылады;
Әдістің артықшылығы:
Абоненттер арасында байланыстың сквозной каналын мерзімнен бұрын (деректерді беру басталар алдында) орнату қажеттігінің жоқтығы;
Жеке учаскелерден маршруттарды қалыптастыру мүмкіндігі;
Сұрау салу қызмет көрсетудің осы жүктеме кезеңінде төменбасымдлықты ағыстарды есте сақтау жолымен сглаживание басу жасау мүмкіндігі;
Қызмет етуге сұрау салу шығынының жоқтығы;
Символды коммутация. Символды коммутация (басқаша – субпакетті коммутация, немесе жалып пакет әдісі) пакетті коммутацияның бір түрі болып келеді. Ол пакет ақпаратты биті бар болғанда қолданылады. Пакетті коммутация деп келісімді шешім табуға тура келеді, екі қайшылықты талапты қанағаттандырады. Оның бірі – желісте пакетті кідіртуді азайту және екіншісі – ақпаратты беру тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді. Пакетті коммутациялау сетисіне пакеттің максимальді рұқсатты өлшемі үш негізгі фактор негізінде белгіленеді: пакет ұзындығын бөлу, беру отасының сипаттамасы мен құны. Әрбір беру ортасы үшін өзінің оңтайлы пакет өлшемі таңдалады.
Символды коммутацияны пайдалануда нақтылы беріліс ортасы үшін пакеттің оңтайлы өлшемі үшін өзінің оңтайлы пакет өлшемі таңдалады.
Символьды коммутацияны пайдалануда нақтылы беріліс ортасы үшін пакеттің оңтайлы өлшемі желідегі пакет кідірісі уақытының бірмезгілде азаюымен сақталады. Бұл бірнеше пайдаланушылардан үлкен емес символдар мөлшерін қабылдау есебінен (ақпараттық биттер) және жалпы қол жететін бір пакетке оларды салумен жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |