1 –Дәріс Дәріс тақырыбы



бет1/5
Дата16.01.2023
өлшемі59.21 Kb.
#468453
  1   2   3   4   5
1 –Д ріс Д ріс та ырыбы


1 –Дәріс
Дәріс тақырыбы: Тамақтану туралы жалпы мәліметтер. Зат алмасу. Негізгі тағамдық және биологиялық белсенді заттар, сипаттамасы, құрылымы мен қасиеттері, тамақтанудағы рөлі, қажеттілігі және тұтынушы ағзасымен сіңірілу ерекшелігі. Энергияның ағзаға қажеттілігі. Тамақтанудың негізгі принциптері. Ассимиляция және диссимиляция үдерістері. Негізгі және қосымша заталмасу. Ағзаның тіршілік етуіндегі жекелеген тағамдық заттардың рөлі. Негізгі сапалық сипаттамалары, тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы. Ақуыздар. Майлар. Көмірсулар. Органикалык қышқылдар. Витаминдер. Минералды заттар.
Дәріс сұрақтары:

  1. Тамақтану ұғымы және зат алмасу үдерістері

  2. Негізгі тағамдық заттар мен энергияға деген адамның физиологиялық орташа тәуліктік қажеттілігі.

  3. Биологиялық белсенді затардың түрлеріне сипаттама, тамақтанудың негізгі принциптері.

Кілт сөздер:

  1. Тамақтану ұғымы және зат алмасу үдерістері

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Зат алмасу әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бүл энергияның көп бөлігі жылуға айналады, 20-25%-механикалық энергияға айналады. Электрлік энергияға өте аз мөлшерге айналады. Энергия айналуының соңғы өнімі жылу пайда болу, ол жылу адам денесімен қоршаған ортаға ауысады. Барлық организмде клеткалық метаболизм 4 негізге арнайы қызмет атқарады:

  • қоршаған ортадан энергия алу және оны күрделі құрлысты қосылыстар энергиясына ауыстыру, клеткалардың энергетикалық мүқтаждылығын қамтамасыз ететін мөлшерде. -аралық қосылыстардың пайда болуы. -алдыңғы өнімдерден заттардың синтезделуі.

  • арнайы қызметтердің орындалуы үшін арнайы биомолекулалардың синтезі және ыдырауы.

Клетканың барлық бөлімі бірдей, яғни клетка изотермиялы.Оның әр бөлімі қысымы жағынан шамалы ғана бірдей емес.Яғни, клеткалар энергия көзі ретінде жылуды пайдалана алмайды, себебі энергия (жұмыс) тұрақты қысымда қатты жылыған алаңнан аз жылитын алаңға жылу өткенде ғана орындалады.Тірі клетка және организмді тұтас изотермиялық машина деп қарастыруға болады.
Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін, ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Ең жоғары арнайы динамикалық әсер (АДӘ) белоктық заттарда (30 % дейін).
Аралық зат алмасу. Қорытылған тағамдық заттардың қанға түсуінен бастап және зат алмасудың соңғы өнімдерінің организмнен шығарыла бастауына дейінгі аралықта организмде өтетін химиялық өзгерістердің барлығын аралық алмасу деп атайды. Олар екі кезеңге бөлінеді.-катаболизм (диссимиляция )-тотығу жолымен ірі органикалық молекулалардың ферменттік ыдырауы. Бүл энергия бөле жүреді.
Анаболизм (ассимиляция) - ферменттер қатысуымен ірі молекулалы клеткалық компоненттердің пайда болуы.Анаболизм және катаболизм процесстері клеткаларда орналасуымен ерекшеленеді.
Негізгі алмасу.Тыныштық жағдайда да зат және энергия алмасу тоқтамайды, ішкі ағзалардың үзіліссіз қызмет етуін, еттер тонусын сақтап түру үшін белгілі мөлшерде энергия жүмсалады. Негізгі алмасу -бұл организмнің тыныштық жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін жүмсалатын энергияның ең жоғырғы мөлшері. Негізгі алмасу организмдегі зат алмасу процестерінің қарқынын көрсетеді. Бұл энергияның көп бөлігі жүрек, қан тамырлар жүйесі, бүйрек, бауыр, асқазан -ішек қызметін қамтамасыз ету үшін жүмсалады және басқа мүшелердің, і түрақтылығын үстап түру үшін. Тыныш жағдайда түрған адамның негізгі алмасуын белгілі стандартты жағдайларда, таңертеңгі уақытта, аш қарында, 2-Зтәулік бұрын белокты тағамдарды қабылдамаған жағдайларда анықталады. Негізгі алмасу көрсетілген жағдайларда организмнен бөлінген энергия мөлшерімен анықталады.ім кв дене аумағына немесе Ікг салмаққа 1 сағат ішінде. Тыныш жағдайдағы тканьдерде ететін тотығу процестері қарқынының көрсеткіші бола отырып, негізгі алмасу белгілі бір жағдайда организмнің жүйке жүйесінің және ішкі секреция бөлу бездерінің қызметтік жағдайына байланысты болады, ішкі мүшелердің қызметтік жағдайына байланыста болады. Негізгі алмасу деңгейі өзгеруі мүмкін:1)жеткіліксіз немесе артық тамақтанғанда 2)ұзақ уақытқа жүмыстың ауырлауы немесе жеңілдеуі, әр адамда негізгі зат алмасу оның жасына, бойына, салмағына, жынысына байланысты болады. Орта есеппен, ересек адамда негізгі алмасу деңгейі -1600-1700 ккал тәулігіне, ал әйелдерде 10-15% төмен болады, ерлерге қарағанда жас балаларда, өмір сүруінің алғашқы айларында жылу өндіру жоғары және ол 2 жасқа толғанда шыңына жетеді. Балаларда негізгі алмасудың жоғары деңгейі протоплазмалық массаның көп мөлшері болуымен, зат алмасудың жоғарғы белсенділігімен, ұлпалардың қарқынды өсуімен түсіндіріледі. Қартайған шақта клеткалар белсенділігі төмендеуімен бірге бүлшық еттер белсенділігі төмендейді,бұл әрине зат алмасу деңгейіне әсер етеді. Әртүрлі жануарларда негізгі алмасу қарқыны 1 кг салмаққа шаққанда әртүрлі болады, сонымен бірге, егер жануар неғүрлым кіші болса, соғүрлым Ікг салмаққа негізгі алмасу жоғары болады. Ал 1м кв ауданға шаққанда бұл шама аздап қана өзгереді. М.Рубнер (1883)-дене беткейінің заңын шығарады. Бұл заң бойынша, зат алмасу қарқыны дене бетінің мөлшеріне пропорциональды. Дегенмен бұл заң өзінің салыстырмалы маңызына ие, сондықтан организмнен бөлінетін энергияны жобалап есептеуге көмектеседі. Адамдарда негізгі алмасудың тәулік бойында өзгеріп түрады, күндерде, жылдың әр мезгілінде өзгеріп тұрады. Негізгі алмасудың маусымдық өзгерулері қозғалыс белсенділігінің өзгеруімен байланысты, организмнің гормональдық іс-әрекетінің тербелістерімен байланысты.



  1. Негізгі тағамдық заттар мен энергияға деген адамның физиологиялық орташа тәуліктік қажеттілігі.



Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықғы ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді. Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті заттардың және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет