1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-дәріс. Көл оның қазаншұңқырының пайда болуы



бет35/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәрістер жинағы

12-дәріс. Көл оның қазаншұңқырының пайда болуы
Көл – гидросфераны құраушы құрлық сулары ішіндегі өзіндік ерекшелігі бар табиғат кешенінің бірі. Жер бетіндегі іші суға толған табиғи ойпаң көл деп аталады. Көлдің теңізден ерекшелігі – мұхитпен тікелей байланысы болмайды және бір-бірінен суының өзіне тән химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттері жағынан айырмашылық жасайды. Жер шары бойынша көлдерге жер бетінің 278 тыс. км3 аумағы мен барлық судың 0,016 % тиселі.
Көл қазаншұңқырының көлемі мен тереңдігі оның шығу тегіне байланысты болып, негізінен эндогендік және экзогендік үрдістер әсер етеді. Лимнология ғылымы көл қазан шұңқырының пайда болу жолының жетпістен аса генетикалық типін бөледі.
Тектоникалық көлдер жер қыртысының майысуы, жарықшақтануы нәтижесінде пайда болады, басты ерекшелігі – қазан шұңқыры терең, жағалауы тік жартасты болып, пішіні созылыңқы келеді. Мысалы: Байкал, Танганьика, Ньяса көлдері.
Мореналық көлдер – таулар мен жазықтықтарда мұздықтардың бұзу әрекеті нәтижесінде пайда болады. Биік таулардағы мұздықтардың еруінен (Альпі тауында) мореналық көлдер жиі кездеседі.
Мореналық көлдер тек тауларда ғана емес, жазықтарда да кездеседі. Соңғы төрттік мұз басу кезінде Канада мен Скандинавия және Кола түбектерінде көптеген көлдер пайда болды.
Карст көлдер жер асты суларының әрекеті нәтижесінде пайда болады. Жер асты сулары әрекетінен жекелеген тау жыныстары (ас тұзы, ізбес, гипс, доломит, бор) еріп, опырылып құлайды. Осы опырылған жерлерде көл пайда болады. Әлемдегі ең үлкен карст көл Преспа көлі. Оның ауданы 275 км2, ең терең жері 54 м.
Термокарст көлдер – карстық кұбылыстың бір түрі. Мәңгі тоң тараған аймақтарда жер асты мұздықтарының еруінен пайда болып, қазан шұнқыры сумен толады. Әдетте, термокарст көлдердің ауданы 1 км2, тереңдігі 2-4 м болып келеді.
Жанартаулық көлдер – көл қазан шұңқыры жанартаудың воронка тәрізді кратері мен кальдераларында орналасады. Әдетте, жанартаулық көлдер диаметрі 2-3 км, тереңдігі жүздеген метр болып келеді. Мұндай көлдер Тынық мұхиты аймағында: Ява, Курил аралдары мен Камчатка түбегінде кеңінен таралған.
Эолды көлдер – желдің үрлеп соғуынан пайда болған, қазан шұңқырда орналасады. Олардың көлемі шағын, саяз болып келеді.
Тоған көлдер – өзен арнасы жанартау лаваларымен немесе тау жыныстарымен бөгелгенде пайда болады.
Қалдық көлдер – өзендер күнделікті тіршілігінде өз арнасын шая отырып, кеңейтіп, жаңа арнамен ағады да, ескі арнасында көлдер пайда болады. Мұндай көлдер әсіресе Обь, Ертіс, Лена, Амур сияқты ірі өзендер арналарында пайда болады.
Қарасу көлдері – тікелей өзен әрекеті нәтижесінде пайда болатын көлдер. Құрғақ климат жағдайында өзен арнасы бойымен ойдым-ойдым болып, иіріліп жатқан су көздері-көлдерді көруге болады. Қарасу көлдер әсіресе, Аустралия құрлығы өзендері арнасында жиі кездеседі.
Өзен әрекеті нәтижесінде пайда болатын келесі көл түрі – атыраулық (дельта) көлдер.
Атыраулық (дельта) көлдер – теңіздің тайыз шетіне тұнбасы мол өзен құйған жерде, үзіліп қалған ескі су арналарында көл пайда болады. Мұндай көлдер Миссисипи, Лена, Волга өзендері атырауларында жиі кездеседі.
Көлдер өзенмен қоса, теңіз жағалауларында да пайда болады оған – лимандар мен лагундарды жатқызуға болады.
Лимандар – өзен сағасын теңіз суының басуынан пайда болады, мысалы, Еуразия материгінің Азов және Қара теңіз жағалауларында жиі кездеседі.
Лагундар бұрынғы шығанақ, қолтықтар теңізден кұм-саз сияқты шөгінділердің жинақталуынан ажырап қалған жағдайда пайда болады. Мысалы, Оңтүстік Америкадағы Маракайбо көлі.
Табиғатта кездесетін көлдер ішінде, ең ғажабы метеориттер әсерінен пайда болған көлдер. Ірі метеориттер жер бетіне келіп түскенде, бомба жарылғандағы тәрізді, қазан шұңқырлар пайда болады. Қазіргі кезде мұндай көлдер, Африканың солтүстігінен (30 шақты), Аустралия мен Еуразия аумақтарынан табылып отыр. Мысалы, Үндістан түбегінің Декан таулы үстіртіндегі Лонар көлі, Ресей жеріндегі Анадыр таулы үстіртіндегі Эльгыгытгын көлдері.
Көл қазан шұңқырының құрылысы мен морфометриялық сипаттамасы. Көл қазан шұңқырының жағалау сипаты, оның пайда болу жағдайына байланысты, әдетте, табиғатта көптеген көлдер дөңгелек пішінде болып келеді. Ал тектоникалық және бөгендік көлдер пішіні ұзынша, жіңішке, созылыңқы болып келеді.
Көл қазан шұңқырының су басып жатқан бөлігі көл шарасы деп аталады. Көл шарасы қазан шұңқырының пішініне сай келеді. Әр жеке көл жағалау және тереңдік облысқа бөлінеді. Көл жағалаулары пішіні соқпа толқындар әсерінен көп өзгереді. Көл жағалауы үш бөлімге бөлінеді. Олар:
- құрғақ жағалау – көлдің тек қатты толқындар тұрғанда ғана су басатын бөлімі;
- су басатын жағалау көл суының деңгейі көтерілгенде ғана су басатын бөлімі;
- су асты жағалау – көл суы деңгейінен төмен жататын бөлімі.
Жағалау мен тереңдік облыс арасында, қайраң орналасады да, ол: шайылма және үйілме бөліміне бөлінеді.
Көлдің негізгі элементтерінің сандық өлшемдері морфометриялық өлшем деп аталады. Оған көл бетінің ауданы, ұзындығы, ені мен тереңдігі және су көлемі жатады. Көл бетінің ауданы екі түрлі жолмен, аралдармен қоса және аралдарсыз есептеледі. Көл бетінің аралдармен қоса есептелген ауданы, көлдерге жалпы физикалық-географиялық тұрғыда сипаттама берген жағдайда пайдаланылады.
Ал, көл бетімен булануды, су деңгейі мен су қорының өзгеруін анықтау үшін, аралдарсыз су беті ауданы алынады.
Көлдің су бетімен алынған, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан екі нүктесінің аралығындағы түзу сызық көл ұзындығы деп аталады.
Көлдің ені (В) – екі түрлі есептелінеді: орташа еніорт) – көл ауданының ұзындығына қатынасына тең .
Жалпы енімах) – көл ұзындығына перпендикуляр ең үлкен сызық.
Жер шары көлдері тереңдігі жағынан алуан түрлі болып келеді (9-кесте). Көл тереңдігі екі түрлі жолмен есептелінеді. Ең терең жері тікелей өлшеу арқылы есептелінеді және орташа тереңдігі су массасы көлемін, ауданына бөлу арқылы анықталады.
9-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет