1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Мал пироплазмидтерінің жалпы сипаттамасы



бет71/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98
паразит экзамен ответ 1

84.Мал пироплазмидтерінің жалпы сипаттамасы.

Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары -


қоздыр-ғыштары организмдегі эритроциттерді жəне басқа торлы
эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын, үлкен бір аурулар
тобы. Қоздыр-ғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады,
яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы
тобына тəн белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану,
жүрек-тамыр жүйесінің жəне қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.
Пироплазмидтердің сипаттамасы. Pіroplasmіda тегі Babesііdae
жəне Theіlerііdae тұқымдастарынан тұрады. Babesііdae тұқымдасына
Babesіa, Pіroplasma, Francaіelle, ал Theіlerііdae тұқымдасына Theіlerіa
жəне Nuttallіa туыстары жатады. Əр туысқа жататын қоздырғыштарды
бір бірінен өздерінің морфологиялық белгілеріне жəне эритроциттерде
орналасуына байланысты ажыратады. Қабылданған номенкулатура (атаулар) бойынша аурулар, қоздыр-
ғыштарының систематикалық аттарына байланысты аталады: мысалы
Pіroplasmіda тегіне жататын қоздырғыштар (пироплазмидтер)
тудыратын аурулар – пироплазмидоздар, бабезииде немесе тейлерииде
тұқымдастары тудыратын – бабезиидоздар немесе тейлериидоздар деп
аталады. Əрбір ауру өзінің қоздырғышының туысының атымен аталады:
бабезиа – бабезиоз, пироплазма – пироплазмоз, нуталлиа – нутталлиоз,
тейлериа – тейлериоз.


85. Ірі қара пироплазмозы

Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жүрек


жұмы-сының зақымдануымен, күйзелуімен, тəбеттің жоғалуымен, дене
қызуының жоғарылауымен, өнім беруі, сондай-ақ аурудың ауыр
кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглобинуриямен,
өліммен ерекше-ленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы
паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру.
Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский əдісімен бояғанда
пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Əдетте
эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады. Паразит пішіні
алмұрт, дөңгелек, сақина тəрізді жəне ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт
тəрізділері жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит ішінде сүйір бұрыш түзейді.
Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт
тəрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін
Қоздырғыштың өсіп дамуы. Эритроцит ішіндегі пироплазма
жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді.
Пироплазмалар кене денесінде шизогония əдісімен көбейеді. Пиро-
плазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі
Rhіpіcephalus bursa жəне үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері.
Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен
тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, əдетте,
нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында
тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет