1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері



бет77/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – қышқыл.
Органикалық заттарға ферменттер мен азотты қосылыстар жатады.
Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды қорытатын липаза ферменттері болады.


Ішектегі асқорыту. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы химус деп аталады. Химус қарыннан 12 елі ішекке (ұлтабарға) өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұлтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді моносахаридтерге ыдырататын ферменттер.
Трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге ыдыратады.

Ұлтабардан ас қоймалжыңы ащы ішекке өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза және т.б ферменттер болады.


Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр тәрізді микробүрлер болады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлердің бетінде астың қорытылуынан пайда болған заттар қанға және лимфаға өтеді. Мұны мембраналық асқорыту дейді.


Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су қанға сіңеді және тоқ ішектегі бактериялардың әсерінен көмірсу, белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен пайда болған заттар (индол, скатол, фенол және т.б.) қанға сіңеді. Ішектен шыққан қантамырлары бауырға барып, улы заттар усыздандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет