1. Жылқыны азықтандыру жөнінде жалпы түсінік



бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі453 Kb.
#451269
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Биені азықтандыру ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Жылқыны азықтандыру жөнінде жалпы түсінік

1.1.Жылқыны азықтандыру....................................................................................5

1.2. Әдебиетке шолу................................................................................................8
ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері

2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............10

2.2.Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері...................................................................................................................17

2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру........................................................24

2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....28

Қорытынды........................................................................................................... 31


Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................32


Кіріспе
Жылқы - біздің елімізде төрт түлік малдың бірі. Қазақ халқы ғасырлар бойы жылқыны керегінше өсіруге талаптанды, өйткені оны көлік ретінде және ел қорғау мақсатында пайдаланды. Сонымен бірге жылқының тәтті еті мен дәмді қымызы халқымыздың қадірлі асы болды. Ел ауызындағы әңгімелерді, хиссаларда, ақындар мен жазушылардың шығармаларында сәйгүлік арғымақтар ел қорғайтын батырлардың жан серігі есебінде айтылады.

Қазақстандағы қорғандар мен ел мекендеген жерлерге археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ерте замандағы халықтардың жылқыны күш көлігі ретінде пайдаланумен қатар, ет үшін де өсіргені байқалады. Бірнеше ескі көмбелерден, ас пісіретін жер ошақ маңынан жылқы сүйектері табылды. Жылқының табылған сүйектеріне қарағанда, олар біздін заманымыздан екі мың жылдан аса уақыт бұрын болған Андронов мәдениеті деп аталатын қола дәуіріне жатады.

Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.

Қазақ халқы өз тарихында талай ауыр сыннан өтіп, небір сұрапыл соғысты басынан кешірді, сыртқы жаулардың шапқыншылығына қарсы тұрып, өз жері мен елін аман алып қалып, ана тілін, халықтың бай мәдениетін, тұрмысында, шаруашылығында қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерін сақтай білді, сонымен бірге қазақ халқы ғасырлар бойы төрт түліктің бірі ретінде жылқыны жүрсе қанаты, ішсе сусыны, жесе азығы ретінде пайдаланып келді.

Қазақстанда жылқының 14 тұқымы өсіріледі, олардың арасында: ағылшынның міністік-таза қанды міністік, арабтың таза қанды, тірікменнің таза қанды ахалтеке, қостанайдың арбаға және міністік жылқысы сияқты жылқы түрлері бар. Желістілерге –орыс және орлов, міністік-жегіндік түрлеріне –дондық, қостанайлық (негізгі түр), ал ауыр жүк тартатындарға – кеңестік, орыс және владимир жылқы тұқымдары жатады.

Өнімдік бағыттағыларға: көшім, мұғалжар, қазақтың жабысы, адай жылқысы, қабы етті жылқысы секілді тұқымдар жатады. Көп болмаса да, Ресейде шығарылған жаңаалтай тұқымы мен жаңақырғыз, қарабайыр тұқымдары да тараған.

Жылқының басқа малдан ерекшелігі – оның негізгі өнімі бұлшық етінің күші болып табылатындығы. Мұның өзі ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін айқындайды.

Азықтандыру – мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организимде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жалпы жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді.

Жылқылардағы, соның ішінде биелердегі заттар мен қуаттың алмасуы тұқымына, жынысына және жасына қарай ерекшеленеді. Бір жасар ұрғашы жабағыларға қарағанда, олармен қатарлас еркек жабағыларда зат және қуат алмасуы қарқынды жүреді. Айғырлар шағылысқа түсуге дайындық кезеңі мен шағылысу кезеңінде, биелер буаз кезеңінің соңғы 3 айында және сутену кезеңінің алғашқы 3 айында, құлындар өмірінің бірінші жылында өздерінің мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың көбірек болғанын қалайды. Міністік және желісті жылқыларға қарағанда, ауыр жүк тартатын тұқым жылқылары, тірілей салмағының 100 кг-ына қоректік заттарды 6-10% аз пайдаланады. Әсіресе, жеделдете жаттықтырылатын және спорттық аттар мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың молырақ шоғырлануын талап етеді.

Жылқы малы, әдетте, жұмыс істей бастаған алғашқы 3 сағат ішінде көмірсуларды көбірек шығындайды, сондықтан да оларды жұмыс кезінде үстеме азықтандырудың маңызы ерекше.

Жылқылардың жыныстарына, жастарына қарай бөлінген топтарының бәрінің де протеинді қажет ету мөлшері тіршілік етулеріне, оның сыртында: биелердің іштегі төлдерінің өсуіне, сутенуіне, төлдердің тірілей салмақ өсіміне, тұқымдық айғырлар ұрықтарының пайда болуына кететін шығындар көлемінен құралады. Өсіп келе жатқан жас төлдің мерзімдік азық үлестерінде лизин болуын ескеру керек.

Жылқылардың сүйек-бұлшық ет мүшелерінің пайда болуы үшін, жеткілікті мөлшерде минералды заттар, ең алдымен, кальций мен фосфор қажет. Сондай-ақ олардың мерзімдік азық үлестеріндегі арақатынасы 1:1 немесе 1:0,75 болу керек. Жылқылардың А (ретинол), Д(кальциферол), Е(токоферол), В1(тиамин), В2(рибофлавин), В3(пантотен қышқылы), В4(холин),В5 (никотин қышқылы),В6 (пиридоксин),В12 (цианокобаламин), Вс(фолий қышқылы) витаминдерін қаншалықты қажет ететінін ескерген де өте маңызды болып табылады. Әсіресе, бұл сүтенуші және буаздығының соңғы 90 күніндегі биелерге, жедел өсіп келе жатқан төлдерге, жаттықтырылып жатқан жас жылқылар мен спорттық жылқыларға қатысты болып отыр.


.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет