14) Дегенмен кез- келген адам өз басындағы қайғысымен бөлісе қоймайды. Оның өзі өзгеге айтпас сыр, үлкен жұмбақ іспетті.
Мысалы: Қайғылы бір сыр көрге бір- ақ кетсін дегендей болып, тысқа шықты (М.Ә.Қорғансыздың күні). Көңіліндегі кешегі күдігі, өзіне ғана мәлім, жасырын қайғылы сыры тағы да тас түйіндей төңкеріліп өтті (М.Ә. Абай жолы). Өйткені қайратты жас, еркек басымен өз ішіндегі уайым- қайғының жайын таратып айтып, көп сөз етуді лайық көрмеді (М.Ә. Абай жолы). Жан- жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай (М.Ә. Жетім). Қазір Мағрипаның уыздай сау жүзін, ыстық толқынмен көз алдына елестетіп келе жатқанда, өзінің жаңағы жасырын қайғысы есіне түсті (М.Ә. Абай жолы).
Қуаныш көпшілікке тән. Ел арасында мейрам, мереке тудырады. Мысалы: Қазір жәрмеңке басындағы Абайға тілеулес барлық халық өз бетімен қуаныш мәз- мереке жасап жатыр екен (М.Ә. Абай жолы) . Иә, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш, қалтқысы жоқ халық қуанышы (М.Ә. Абай жолы). Бар кедей тобы жамырап қуанысты.
Қайғы көбіне жалғыз адам басына тән болады.
Мысалы: Абай бұл күнді күні бойы және осы түнді де оңашадан жапа-жалғыз, қайғыда, ауыр қасірет тебіренткен күйде толас таппай өткізді(М.Ә. Абай жолы). Қайғы жалғыздықта, әсіресе, жанға батады(М.Ә. Абай жолы).
Қуаныш және қайғы концептілерінің түрлі қырларын ашатын қосымша мысалдар: Қуаныш та шашылмаған лайық қой. Барлық көрісу-кездесудегі, ұзынды-қысқалы, қуанышты-зарлы барша сөзі жүрегімде, өз қаныммен жазылған өсиет хаттай. Екі шал қуаныштарын қойындарына сыйғыза алмай, қайта-қайта тамсанып, тамашалай береді. Осының бәрінің қатарында Әбіштен келген сәл ғана емеурінді иланғыш көңілмен, барынша қуанып қабылдаған.Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын! Әбіш айтқан сөзден шошынарын да қуанарын да білмегендей. Сол ретте Әбіш пен Мағаш арасындағы ойда жоқ күйден туып ұлғайған мол махаббат жайын Дәрмен көп қуаныш етіп тамашалайтын. Ол екі жастың өздері де Дәрменнің бұларға деген тілеулестік достығын қатар қуаныш ететін. Үй ішіндегі барлық жан Абайдың айтқанынан қуаныш, сенім, жақсы бір елес сезгендей болса, мынаның үні сәл мысқыл, ажуа аңғарын танытқандай. Қуаныш пен жұбаныш, жақсылық пен жаманшылық, күн мен түн айырмасы жоқ боп тұтасып, мұнарға айналып барады. Әкенің өзі айтып білдірмесе, Абай мынау аналардың қуанышпен қарсы алған күндерін мұңайтқысы келмеді. Ол қуанышы – өмірінде ең алғаш татқан әйелдік махабаттың қуанышы болатын.
Балалар да ояна жылап, шешелерінің етегінен ұстап, қайғыны сезіп қарбаласа, қақтыға зарлап жүр. Сендер бос жылап шұбырғанды, қайғы шаққандықойыңдар. Оқу емес, ол ауыр қайғыда жатыр. Бірақ қайғыны шерте бермеу керек. Бірақ онысы қабақ шытқан, қан жұтқан қайғылының өлімін тілеуі емес. Әсіресе малшы-жалшының қайғы-қасіретін, қам-қамырығын ойлап, қиналып көрген кісі Ділдә емес. Ал Абай қайғысы үшін қан жылауға бар. Сол күйге, Абай қайғысына соңғы күндерде шұбырып келіп зар-наласын қосып жатқан жаяу-жалпы, аш-арық, көп жылаулар, дос-жар халық қайғысын тағы да қосады. Әңгімесін аузымен тоқтаса да, көңілінше соның аяғын тағы да созып, түкпірлеп ойлап, қайғының қабат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр. Бишаралық, иесіздіктің таңбасы басылған ескі лашықтың ішінде Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, қасіреті қалған. Жалғыз баласы– Мақсұттан басқа сүйеніші, тілеуі жоқ әлсіз сорлы шешесі көкірегі қайғы-шерге толып, көздері мөлтілдеген улы жасқа толып, жаутандап, қуат-көмек сұрағандай болып, Мейірханға қарай береді. Жолдастарының көбі қайғыланып мұңайды. Ол бұл күнде сарылып отыратын ұзақ қайғыдан арылған. Төсекке жатқан сайын аунап, қызып ұйықтай алмай жатқанда, ойын қайғы билемей, көмескі үмітпен қызу билейтін әдет болды. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай ыза менен азаптан, жанашыр мен қайғыданқалтырап кеткендей. Бұнда және анау Қорық бойында бүгін жылап отырған ана Қаражан шерінің қайғылы жоқтаудай ауыр ырғағы бар. Қам-қайғыойлаған кісідей ме!
(Барлық мысалдар М.Әуезовтың шығармаларынан алынған) .
Достарыңызбен бөлісу: |