83.Зат алмасудың биологиялық маңызын түсіндіріңіз
Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта сыртқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі жасушадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов: «Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды» деген болатын.
84.Ішкі секреция бездері қызметі мен жүйке жүйесі әрекеттерінің байланыстылығын қарастырыңыз
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Ішкі секреция бездері: 1 –эпифиз; 2 – гипофиз; 3 – қалқаншамаңы безі; 4– қалқанша без; 5 – айырша без (тимус);6 – ұйқы безі; 7 – бүйрекүсті безі; 8 – жыныс бездер
Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.
Гипофиз(грекше «hypophysіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5–0,6 г жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Ергежейлілік (грекше «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын – гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Достарыңызбен бөлісу: |