1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Үлкен тырыспалы ұстама. Клиникалық сипаттамасы. Ол кездесетін аурулар. Истерикалық ұстамадан айырмашылықтар



бет30/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

28. Үлкен тырыспалы ұстама. Клиникалық сипаттамасы. Ол кездесетін аурулар. Истерикалық ұстамадан айырмашылықтар.
Үлкен тырыспалы синдром көбінесе кенеттен дамиды, бірақ оның алдында аура болады. Аураның келесі түрі бар: вегетативті, моторлы, психикалық, сөйлемдік, сенсорлы. Ауралар: сенсорлы: ол өзара бөлінеді келесі түрлерге, көру аурасында науқас искра, найзағай т.б. көреді, гемианапсия, амавроз болу мүмкін, иіс аурасында жаман иіс т.б. сезу, есту аурасында әр түрлі дыбыстарды, психикалық аурада қорқыныш, үрей сезімі, вегетативті аурада тахикардия, кеуде тұсындағы ауырсыну т.б. Моторлы аурада автоматты қозғалыстар, сөйлеу аурасында еріксіз дыбыстар шығару болады. Севситивті аурада науқас парестезияларды т.б. сезеді. Аура бірнеше минутқа созылады, кейін науқас есін жоғалтып, құлап түседі. Құлағанда науқас дыбыс шығарады, жағымсыз, шыңғырғандай, ол дауыс саңылауының тарылып, кеуде және диафрагма б/еттерінің жиырылуына байланысты. Одан кейін бірден тоникалық тырыспалар п.б: дене және аяқтар жазылып, басы артқа немесе жанға бұрылады, тынысы тоқтап, мойын веналары ісінеді, бетте цианоз артып, жақ сүйектері тырысады. Тырыспаның тоникалық фазасы 15-20 с жалғасады. Сосың клоникалық тырысулар басталады, кеуде, арқа, мойын, қол-аяқтары толчкообразды қозғала бастайды. Клоникалық фаза кезінде де тынысы тоқтап, ауызга сілекей толып, тілі артқа кетеді, адам тұншыға бастайды. Ұстама аяқталғанда ауыздан көбік шығып, цианоз қайта бастайды. Көбік қан аралас болу себебі, ұстама кезінде тіл тістеп алуы мүмкін. Барлық б/еттер босансиды. Бұл кезде науқас ешқандай тітіркендіргіштерге жауаап бермейді, көз қарашығы кеңейіп, барлык қалыпты рефлекстер жоғалады, кейде еріксіз зәр шығару болады. Науқас есі күңгірттенген күйге ауысып, ұйықтайды, кейін астеникалық синдромға шағымданады. Эпилепсияда бұдан басқа кіші ұстамалар болады, науқас ол кезде аз уақытқа ғана есін жоғалтады, бірақ құламайды. Бетте осы кезде мимикалық б/еттердің тырысуы болып, науқас бір нүктеге тесіліп қарап тұрады. Ұстамада кейде науқас еріксіз қимылдар істейді, ұстамадан шыққанда есінде түк болмайды. Яғни бұл абсанстар. 
Истериялық ұстама кезінде эпилепсиядан айырмашылығы сана толығымен жойылмайды, науқас қоршаған орта тітіркенгіштеріне жауап береді, және жиі науқастармен контактқа түсу мүмкін болады. Истериялық ұстамалар, ереже бойынша, психикалық жарақаттан кейiн пайда болады. Ұстамадан кейiн науқас санасы қалпына келедi, ал эпилепсиядан кейiн кома жағдайы, сопор немесе ұйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ұстамасы кезеңі жөнінде естеліктер толығымен жойылады, ал истериялық ұстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ұстама кезіндегі фазалар ретті болып келеді, ал истериялықта бұл болмайды. Истериялық ұстама кезiнде науқастың көз қарашығының жарыққа әсерi сақталған, эпилепсиялық ұстама кезіндегідей патологиялық рефлекстер байқалмайды. Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилепсиялық белсенділік белгiлерi, ұстама кезінде – барлық әкетулерде жоғары амплитудалы жиi және баяу тербелiстер, пик тәрiздi толқындар болады. Ұстама аралық кезеңде өкпе гипервентиляциясы жағдайында жедел және баяу толқындар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет