1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Алкогольдік психоздар. Пайда болу шарттары. Болжам



бет38/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

34. Алкогольдік психоздар. Пайда болу шарттары. Болжам
АЛКОГОЛЬДІ (МЕТАЛКОГОЛЬДІ) ПСИХОЗДАР
Алкогольді (металкогольды) психоздар - алкоголизмге байланысты пайда болатын және дамитын, клиникалық көрінісі реакцияның экзогенді типімен қоршаған орта шындығын бейнелеудің дөрекі бұзылыстарымен, эндоформды және психоорганикалық бұзылыстармен сипатталатын психоздар.
Бұл психоздар алкогольмен ұзақ улану нәтижесінде ішкі мүшелердің зақымдалуы және зат алмасу бұзылуы кезінде дамиды, сондықтан оларды металкогольды деп атап кеткен.
Алкогольды психоздардың жіктелуі
Қазіргі отандық және шетелдік ғалымдар алкогольды психоздарды алкогольді делирий, вербальды галлюциноз, алкогольды параноид немесе қызғаныш сандырағы деп жіктейді. Алкогольды психоздардың жедел және созылмалы ағымын, алкогольды энцефалопатияның созылмалы түрін: Корсаков психозы, алкогольді псевдопаралич, токсикалық энцефалопатияны (Гайе-Вернике) ажыратады.
Сонымен қатар алкогольды психоздардың ағымын 3 типке бөледі: эпизодты, рецидивті, созылмалы. Алкогольды психоздардың диагностикасы, емі және профилактикасы үшін оның ағымының типі мен басты психотикалық симпоматиканың кешенін ескеру қажет.
Алкогольді делирий
Алкогольді делирий – алкоголизммен науқаста, ереже бойынша, алкогольмен ұзақ уақыт интоксикация аяқталған соң пайда болатын жедел алкогольді психоз. Клиникалық көрінісі айқын сахна тәрізді көру галлюцинацияларымен, қимылдық қозумен делириозды синдроммен сипатталады, жиі дене қызуының көтерілуімен жүреді.
Таралу бойынша алкогольді делирий жедел алкогольды психоздар жағдайының 3/4 қамтиды.
Клиникалық көріністері
Алкогольді делирий алкоголизммен жылдар бойы зардап шегетін науқастарда дамиды. Алкогольді қабылдауды күрт тоқтатуға алып келетін ағзаны едәуір әлсірететін факторлар алкогольді делирий дамуына жиі ықпал етеді. Бұл факторларға инфекциялық аурулар, өкпе қабынуы, панкреатиттер, холеститтер, әртүрлі қуыстық операциялар, бас миының жарақаттық зақымданулары, іріңді процестер, өкпе туберкулезінің өршуі жатады.
Алкогольді делирий алкогольмен ұзақ, ауыр улану басылған соң 1-3 күннен кейін туындайды. Ол абстинентті синдромнан түнгі және таңертеңгі уақытқа қарай айқын, ауыр түрге тасымалданатын секілді.
Абстинентті синдром кезіндегі соматикалық және неврологиялық бұзылыстар делирийдің хабаршысы болып табылады. Вегетативті бұзылыстар арта түседі, тері жабындысының гиперемиясы, гипергидроз, тахикардия күшейеді, артериялық қысым күрт тербеліп тұрады, қысым жиі төмендеуге бейім, тремор, бұлшықет гипотониясы, гиперрефлексия күшейеді, делирий дебютында эпилептиформды ұстамалар бақылануы мүмкін – олар күрделі және абортивті де болуы мүмкін.
Алкогольді делирийдің ерте пайда болатын белгілерінің бірі ұйқының жоғалуы, содан кейін көру және есту иллюзиясы пайда болады, бұған алғашында галлюцинациялар қосылады, қорқыныш күшейеді.
Басталып келе жатқан алкогольді делирийді диагностикалау үшін Липман симптомының практикалық маңызы зор: аурудың көз алмасының үстінен екі саусақпен басып, оны бір бейнемен, мысалы, оған иттің секіріп келе жатқан бейнесімен иландырса, ауру сол бейнені қабылдап, қорқыныш аффектімен жауап береді.
Алкогольді делирийдің клиникалық көрінісі дамығанда сахна тәрізді шынайы көру және есту галлюцинациялары пайда болады. Бұл кезде науқастың реакциялары эмоциональды қанық, қорқыныш пен үрей билейді, өлім жақындап келе жатқандай болады, зейіні аса елітпелі, науқас өте сенгіш келеді. Галлюцинациялар жиі алкогольді немесе кәсіби сюжеттен тұрады. Науқастың мимикасы жанданған және толығымен галлюцинацияларға сәйкес келеді. Саныдырақтық идеялар галлюцинаторлы күйзелістермен тығыз байланысты. Сананың делириозды қарауытуы тән: науқастың орын бойынша бағдары бұзылған (мысалы, вокзалда тұрмын, жұмыста тұрмын деп айтуы мүмкін). Айналасындағыларды қызметтестері деп санайды. Ол сонымен қатар уақытты да бағдарлай алмайды, аптаның күнін дұрыс атамайды, кейде айды, жылды шатастырады. Өзіндік тұлғасын бағдарлау сақталады. өз жағдайына сын көзқарас болмайды. Галлюцинаторлы бұзылыстарға сәйкес науқас қимылдық қозу жағдайында болады, бір жаққа қашуға тырысады, біреулерден қорқып, қорғанады. Бұл кезеңде науқас агрессивті болуы мүмкін (қорғанады немесе «дұшпанына», ізіне түскендерге қарсы әрекет жасайды), сондықтан әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Психопатологиялық симптоматиканың кері дамуы кезіндегі алғашқы қолайлы белгілердің бірі науқаста ұйқының пайда болуы болып табылады (табиғи немесе препараттармен шақырылған). Ұзақ ұйқыдан кейін ауру психоз жағдайынан шығады.
Психоздан шыққаннан кейін науқас айқын астениялық күйге түседі. Содан кейін науқаста психотикалық бұзылыстарға сын көзқарас пайда болады. Дегенмен ол бірден толық пайда болмайды, өткерген психоз жағдайына науқастар жеңіл қарайды. Алкогольді делирий ұзақтығы орташа есеппен 3-4 тәулік, уақытында қолданылған ем ұзақтығын бірнеше сағатқа қысқартады.
Алкогольді делирийдің ауыр түрінде қимылдық қозу төсек деңгейімен шектеледі, тактильді галлюцинациялар пайда болады, науқас үстінен насекомдарды түсіргендей, ауыз қуысынан жіп, шаш алған тәрізді қимылдар жасайды, былдырлайды. Делириозды жағдай есеңгіреуге, сопорға ауысады, ақырында кома дамиды, әрі қарай ауру жағдайы ауырлай түскенде жүрек – қантамырлық жеткіліксіздіктен өлім жағдайы орын алады.
Кейде делирий жағдайынан шыққаннан кейін бұл синдромның симптоматикасы абортивті түрде бірнеше күннен кейін қайталанады.
Делириозды жағдайға тән психикалық бұзылыстар айқын неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді.
Алкогольді делирийге тән жиі кездесетін неврологиялық симптомдар жалпы тремор болып табылады, Ромберг позасында тербеліс байқалады, сіңірлік рефлекстер күшейеді, горизонтальды нистагм болады. Алкогольді делирийдің ауыр түрінде оральды автоматизм, бұлшықеттер тонусының бұзылысы, атаксия пайда болады.
Соматикалық бұзылыстар тамырлық патология түрінде көрінеді: терінің, әсіресе бет терісінің гиперемиясы, склера тамырларының иньекциясы, тахикардия. Дене қызуды 38-39° С-ге дейін көтеріледі
Паренхиматозды мүшелер (бауырдың, бүйректің) қызметтерінің бұзылыстары анықталады. Алкогольді делирийдің жиі кездесетін асқынулары пневмония, гепатит, панкреатит болып табылады.
Этиологиясы және патогенезі
Алкогольді делирийдің этиологиясы мен патогенезі қазіргі уақытта жеткілікті зерттелген болып есептелмейді.
Алкогольді делирий патогенезінде алкоголь әсерінен бұзылған зат алмасу процесі өнімдерімен организмнің улануы басты фактор болып есептеледі. Бұл улану бас миы құрылымының органикалық бұзылыстарын туғызуы мүмкін, егер оған әртүрлі экзогенді факторлар қосылса (жарақат, инфекция) алкогольді делирий дамиды.
Алкогольді делирийді алкоголизм кульминациясы деп есептейді және ол бауырдың дезинтоксикациялық функциясының бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Алкогольді делирий кезінде бауырдың дезинтоксикациялық, ақуыздық, майлық және пигменттік функцияларының бұзылыстары бақыланған.
Бауыр қызметінің дөрекі бұзылыстары нәтижесінде және осыған байланысты алкогольдегидрогеназа (ағзадағы алкогольді тотықтырушы) ферментінің белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде алмасудың толық тотықпаған өнімдері, ең бастысы ацетальдегид пайда болады. Зат алмасу бұзылысы және бауырдың барьерлік қызметінің бұзылысы, авитаминоз фонында ацетальдегидтің ағзада жиналуы жедел алкогольді психоз тудырады.
Алкогольді делирий кезіндегі бас миының патоморфологиялық өзгерістерін тамыр өткізігіштігінің жоғарылауы немесе тамыр қабырғасының некрозы және нейрондардағы екінші реттік дистрофиялық және некроздық өзгерістері түріндегі қантамырлардың жедел диффузды өзгерісінің қосылуымен созылмалы энцефалопатия ретінде сипаттауға болады.

Дефференциальды диагностикасы


Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялық, интоксикациялық аурулардан, жедел жарақаттық психоздан және жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің асқынуы кезіндегі психоздан ажырата білу қажет.
Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын негізгі критерий сананың делириозды күнгірттенуі болып табылады (орын және уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анық, массивті вербальды галлюциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялық және вегетативтік компоненттер болмайды.
Алкогольді делирий мен инфекциялық және алкогольдік емес уланулар кезіндегі делириозды синдром арасында дифференциальды диагноз алкогольді делирий кезінде инфекциялық аурудың немесе уланудың клиникалық белгілері, серологиялық реакциялар және қанның сәйкес лейкоцитарлық формуласының, температуралық қисықтың, ағзада улану тудырған заттардың анықталмауына сүйеніп қойылады.
Жедел жарақаттық психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен көрінуі мүмкін. Дифференциальды диагностиканы алкогольды интоксикация кезінде алынған жарақат жағдайы қиындатуы мүмкін.
Жарақаттық делирийге вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар тән, ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинаторлы бұзылыстар бұлыңғырланады.

Емі
Алкогольді делирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалық көрінісінің ауырлығына, оның асқынуына, аурудың соматикалық жағдайына байланысты қатаң индивидуальді түрде емдеу қажет.


Алкогольді делирий терапиясы дезинтоксикациялық, витаминді терапия (В тобының витаминдері), сонымен қатар, психозға қарсы препараттарды қолданудан тұрады.
Улануды дезинтоксикациялық ерітінділер енгізу арқылы жояды. Тиол препраттары кеңінен қолданылады, олардың дезинтоксикациялық қасиеттері құрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 10кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.

Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және изотониялық (9% ΝаСL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу көрсетілген.


Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы бал қосылған сүт).
Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты - қозуды жою және ұзақ ұйқы шақыру (16-18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транквилизаторлар (5% 4-5мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар бұлшық етке димедрол, пипольфен (0,05г-нан) егеді.
Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты жүрек қызметін қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық қысымның төмендеуінің алдын-алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).

Алкогольді галлюциноз


Алкогольды галлюциноз – алкоголизммен науқастарда дамитын, клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық көрсететін психоз; бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.
Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
Алкогольді галлюциноздың клиникалық көрінісі шынайы, вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик, отбасын күйреткен маскүнем» деп айтады. Бұл кезде науқас санасы айтарлықтай өзгермейді, науқас орын, уақыт, өзіндік тұлғасы бойынша дұрыс бағдарланған.
Галлюцинаторлық бұзылыстарға сын көзқарас болмайды. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация мазмұнымен анықталады. Соңына түсу, қатынас сандырақтық идеялары қосылуы мүмкін.
Императивті галлюцинациялар науқастың өзі және айналасындағылары үшін қауіпті, сондықтан да әлеуметтік қауіп те тудырады: науқас өзіне бағытталған бұйрықты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір) деген сияқты. Бұл бұйрықтарды науқас орындауы мүмкін. Әрі қарай вербальді галлюцинацияларға элементарлы тұрақсыз көру галлюцинациялары қосылуы мүмкін.
Ағымына қарай алкогольді галлюциноз жедел (2 күннен 4 аптаға дейін) және созылмалы болып бөлінеді. Сонымен қатар, алкогольді галлюциноздың аралық, жеделдеу ағым типі де болады.
Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша, алкогольді ұзақ уақыт шектен тыс қолдануды тоқтатқаннан кейін пайда болады, тұрақты ұйқысыздықпен, астениямен жүреді. Көңіл-күйі төмендейді, кейде шамалы қимылдық қозу байқалады.
Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік улануға байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы үшін ұзақ уақыт уланудан өзге, зат алмасу бұзылысы, бас миының органикалық өзгерістері, жарақаттар, конституциалды ерекшеліктер қажет.
Алкогольді галлюцинозды, әсіресе созылмалы түрін, алкоголизммен асқынған шизофрениядан ажырата білу қажет. Соңғы жағдайға тұлғаның өзіне тән шизофрениялық өзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде алкогольді галлюциноздың да) құрылымы мен алмасуы тән.

Емі
Жедел алкогольді галлюцинозбен науқастар, олардың қоғамға қауіптіліктері нәтижесінде психиатриялық стационарға шұғыл госпитализациялауды қажет етеді.

Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтоксикация – алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде және аз ұзақтықта дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия (В тобының витаминдері) тағайындалады.
Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалық симптоматиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен науқастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол (тәуліктік мөлшері 0,01- 0,015 г), тизерцин (тәуіліктік дозасы 0,15-0,2г), этаперазин (0,03-0,04г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялық қысымды бақылай отырып, бұлшық етке енгізуден бастау керек.
Емедеу кезінде асқынулар болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар, бұлшық ет спазмдары және т.б. Әсіресе тыныс бұлшық еттерінің спазмы өте қауіпті. Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшық етке енгізу, ішке қабылдау кезінде де 3-4 рет қабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң преппаратты бір реттік (кешке) қабылдауға көшеді.
Алкогольді галлюцоноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен (галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.

Алкогольді параноид


Алкогольді параноид - клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы-параноидты синдром басты көрініс беретін және анық сана фонында айқындылық дәрежесі төменвербальды галлюцинациялармен жүретін алкогольды психоз.
Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
Алкогольді параноид клиникасындағы негізгі синдром қызғаныш немесе соңына түсу сандырағы болып табылады, әсер ету сандырақтық идеялары да кездеседі.

Сандырақтық идеялар мазмұны бойынша нақты, науқастың айналасындағы шындықпен және нақты адамдармен байланысты (әйелімен, көршілерімен, қызыметтестерімен, достарымен). Науқас күйзелістері эмоциональды қаныққан – науқастар бойын қорқыныш, үрей билейді. Олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері сандырақ фабуласымен байланысты. Науқас агрессивті болуы мүмкін.


Сандырақпен қатар науқаста фрагментарлы есту, сирегірек - көру галлюцинациялары байқалуы мүмкін. Науқас әрқашан дерлік орын, уақыт және өзіндік тұлғасы бойынша бағдарланған.
Алкогольді параноид ағымына қарай жедел (ұзақтығы 3-4 апта), жеделдеу (2-3 айға дейін) және созылмалы (3 айдан жоғары) болып бөлінеді.
Емі
Алкогольді параноидты емдеудің жалпы принциптері алкогольді галлюциноз емінің принциптерінен айырмашылығы жоқ. Науқас стационарда емделуі қажет.
Писихотропты дәрілерді таңдағанда 2-3 препаратты үйлестіріп қолдану ұсынылады - галоперидол, аминазин, тизерцин. Нейролептиктермен ұзақ уақыт емдегенде оларға корректорларды (циклодол, паркопан және т.б) қосу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет