1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Ежелдегі Қытай философиясы, оның адамзат өркениетінде алатын



Pdf көрінісі
бет18/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
философия сессия

21.Ежелдегі Қытай философиясы, оның адамзат өркениетінде алатын 
орны.
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің 
бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, 
саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық 
болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын 
танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз 
мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне 
Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай 
қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 


Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI 
ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық 
мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді. 
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни 
философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі 
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей 
туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған 
мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол 
әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі 
деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер — чжухоу, беделді 
отбасылар — дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь 
орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай 
қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы 
қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі 
туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған 
басты мәселесі — адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі 
болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың 
заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, 
адам — қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен 
мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның 
міндеті – осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік корсетпей, өзінен жоғарыға, 
өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, 
өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл 
өмірде ең маңызды нәрсе — жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, 
мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан 
құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. 
Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру
адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты 
назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі 
философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал 
етті.Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап
адамға қажетті алты өнерді — салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата-
білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден 
кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы рөлін 
Конфуций өте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне 
данышпандардың (шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы 
даналығын халыкқа жеткізуші ғанамын деп түсінген. 
«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде 
қабылданады. Оның негізгі мазмұны — мемлекет пен жеке адамды жан-
жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің 
жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да 


жеке адамның міндеті — мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет 
ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет