1.Тақырып №1: «Коммуникация, коммуникативтік үрдіс және коммуникативтік құзіреттілік. Коммуникативтік үрдіске қатысушылардың ролі.»
2.Мақсаты:
Коммуникация, коммуникативтік үрдістер туралы
Коммуникативтік үрдіске қатысушылардың ролі туралы білімдер беру.
3.Дәріс тезистері
«Коммуникация» термині әртүрлі мағыналарда қолданылады. Мысалы, инженерлік, көліктік, ақпараттық коммуникациялар туралы байланыстың түрлері немесе құралдары ретінде айтуға болады. Коммуникация деп кең түрде бір адамнан екінші адамға ақпарат беруді, қарым-қатынасты айтады.
Ұйымдастыру мән мәтінінде «коммуникация» түсінігі үдеріс (коммуникация-бұл адамдардың қарым-қатынасы: ойларымен, сезімдерімен, ақпараттарымен алмасу) және объект (ақпаратты беру үдерісін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиынтығы) ретінде қарастырылады ].
Жақсы жолға қойылған коммуникация ұйымдастырылған тиімділікті қамтамасыз етуге әсер етеді. Мынандай түсінік бар, егер коммуникация саласында ұйымдастыру тиімді болса, онда ол қызметтің барлық басқа түрлерінде де тиімді. Коммуникация компанияның, фирманың басшылығы қажетті ақпаратты керек уақытында ала алатындай және шешім қабылдау үшін ықшамды түрде ала алатындай болуы керек.
Яғни, қорытындысында, ұйымдастыру теориясының міндеттеріне қатысты ең маңыздысы коммуникациялық үдеріс болып табылады. Сондықтан, коммуникация – адамдар арасында немесе олардың топтары арасында ақпараттарды ауызша және жазбаша хабарлама түрінде, дене қозғалысы тілімен және тілдің параметрлерімен беру және сөйлесу үдерісі.
Коммуникация – бұл адамдардың социумдағы өмірінің қажетті жағдайларының бірі, ал коммуникабельдік – табысқа жетелейтін маңызды жүйелі сипаттамалардың бірі. Әлеуметтік топтарда коммуникабельдік деп сөйлесуге, көпшілдікке деген қабілеттілік, бірлесіп жұмыс істеуге деген қабілеттілік түсіндіріледі. Нақты бір ұйымға (компанияға) қатысты сыртқы коммуникациямен қатар ішкі коммуникация туралы да айтуға болады .
Сыртқы коммуникация – бұл сіздің ұйымыңыздан тысқары жатқан әлеммен коммуникация, бұл ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникация. Сыртқы коммуникацияның міндеттері – ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, мемлекеттік органдармен, қоғаммен, жеткізушілермен, клиенттермен байланысты орнату. Сыртқы коммуникация көмегімен компанияның бедел-бейнесі қалыптасады және сақталып тұрады.
Ішкі немесе ішкі ұйымдастыру коммуникациясы (бөлімдер, арасында, бөлім ішіндегі өндіру мен басқару деңгейі бойынша коммуникация, тұлғааралық коммуникация, ресми емес коммуникациялар) өндірістік-шаруашылық қызметтің бөлігі ретінде ұсынылады: бөлімдер арасындағы байланыс, сату бөлімінің есептемелері немесе қойма есебінің тізімдемесі және т.б. Ұйым ішіндегі коммуникацияға әңгіме ретіндегі тәсілмен нұсқаулық беру, ақпаратты беру, оқыту, менеджмент енеді. Ұйымдағы ішкі коммуникацияның маңызды мақсаты- қызметкерлер арасынан ұйым басшысымен жүргізілетін мақсаттар мен саясатқа қолдаушыларды жасау. Коммуникация көмегімен қызмеркерлер қажетті білімдер мен уәждемелерді алады, компания жоспарларының таратушылары және күшті қорғаушылары болады. Сондықтан, коммуникация – корпоративті саясатты ендіру мен тиімді дамыту үшін қажетті жағдай және маңызды ұйымдастырушы құрал. Коммуникативті ағын көлденең және тік бағыттарда араласуы мүмкін.
Коммуникация сөзі лат. Communico – жалпы жасаймын, байлаймын, сөйлесемін сөзінен шығады. Қоғамда коммуникация деп сөйлесу, ойларымен, білімдерімен, сезімдерімен, мінез-құлық кескінімен алмасу түсіндіріледі. Сонымен қатар, коммуникация (латындық communicate – біреумен сөйлесу) – философия категориясы, «ол байланыс, оның көмегімен «мен» өзімді басқадан табамын» дегенді білдіреді .
Коммуникацияны орнату құралдары дискуссия болып табылады, оның барысында адамдар ойлаудың жалпы қабылданған нормалары оларды бөлетіндігіне және өздерінің әртүрлі және жеке қайталанбас екендігі оларды жақындастыратындығына көздері жетеді. «Коммуникация» термині «қарым-қатынас» ретінде де кең мағынада қолданылады.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзара іс-әрекетінің ерекше түрі. Қарым-қатынастың 3 түрі бар :
1. Перспективті – бір-бірімен, серіктестерімен қатынас кезіндегі қабылдау;
2. Интербелсенді – бұл адамдардың іс-әрекеттерін міндетті түрде қолдау, олардың көңіл-күйіне әсер ету, адамдар арасында қызметтерді бөлу қажеттілігі кезіндегі адамдардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
3. Коммуникативті – адамдар арасындағы екіжақты ақпарат алмастыру.
Сондықтан, коммуникация дегеніміз – қарым-қатынас, ал қарым-қатынас – субъектаралық өзара іс-әрекет. Тек осы ықпалмен ғана адамдық өзара қарым-қатынас және ақпараттық алмасу сияқты әлеуметтік үдерістердің ұдайы өндірісі түсіндіріледі. Коммуникациялық үдеріс – бұл қоғамдық өмірдің күрделі механизмін құрайтын феномен.
Сондықтан, әлеуметтік тәжірибе сендіре куәландырғандай, адамдардың мінез-құлықтарын басқару мақсатында коммуникациялық үдерістерді басқарудың әлеуметтік механизмі талап етіледі.
Коммуникация – бұл байланыс арнасы, ал коммуникациялық үдеріс - бұл байланыстың әрекеттегі арнасы, яғни ақпараттардың қозғалысын жүзеге асырушы. Коммуникация жұмыс істеуді бастау үшін, міндетті түрде қажетті «агенттер» керек. Олар коммуникатор – ақпарат көзі және коммуникант-ақпаратты қабылдаушы (реципиент) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |