1 Тақырып: Құқық қорғау органдарының жүйесі және пәні
1) Құқық қорғау органдары түсінік
2) Құқық қорғау пәні мен жүйесі
3) Құқық қорғау органдарының жүйесі
1) Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
2) Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
3) Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
2 Тақырып: Құқық қорғау органдарының механизмі
1) Құқық қорғау органдарының механизмі түсінігі және ұғымы
2) Құқық қорғау органдарының қоғам өміріндегі алатын рөлі
3) Құқық қорғау органдарының қызмет жасау принциптері және түрлері
1) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.
2) Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
3) Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
3 ТАҚЫРЫП: Конституциялық Кенес
1) Коституциялық Кенестің ұғымы
2) Коституциялық Кенестің құрамы
3) Конституциялық Кенестің ерекшеліктері және конституциялық өкілеттіктері
1) Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды, және дауыстар тең бөлінген жағдайда, оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн Республиканың Президентi, екi мүшесiн Парламент Сенаты және екi мүшесiн Парламент Мәжiлiсi қызметке тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы әрбiр үш жыл сайын жаңартылып отырады.
3) Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды
4 Тақырып: ҚР-ның Сот және сот төрелігі
1) Сот төрелігі туралы заңның түсінігі
2) Сот төрелігі қызметтері
3) ҚР-ында Сот және сот төрелігі биліктің тармағында
4) Сот мәртебесі
5) Соттың нормативтік актілері
6) Сот жүйесі және құзыреті
1) Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
2) Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
3) Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің дамыуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидаларын бекітіп берген еді.
Аталған Конституция бойынша сот жүйесі - Конституциялық сот, Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік сот, облыстық және бірінші сатыдағы аудандық соттар сот төрелігі органдарына жатқызылды.
4) Сонымен қатар бұл Конституцияда соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленетіндігі, нақтылы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері жөнінде судьялардың есеп бермейтіндігі, судьяларға ешкімнің тиіспеуі және тағы да басқа мәселелер атап көрсетілді.
5)
6) Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша).
5 Тақырып: Прокуратураның шығу тарихы
1) Петр І кезендегі прокуратура органы
2) Кенестік прокуратура органдары
3) ҚР-ның прокуратурасы
1)
2) Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
3) Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
6 Тақырып: Қазіргі кезеңдегі прокуратура органының маңызы және рөлі
1) Прокуратура органының қызметі
2) Прокуратура жүйесі
3) Прокуратура туралы заңға талдау
4) Мемлекеттік қадағалау органы
1) Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
2) Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
3) Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
4) Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
7 Тақырып: Қылмыстық қуғындауды ұйымдастыру
1) Қылмыстық қуғындау органдары
2) Қылмыстық қуғындау органдарының ерекшеліктері мен жүйесі
3) Қылмыстық қудалау түрлері
1) Прокуратура Конституцияға сәйкес Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңымен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2) Қылмыстық қудалау жөнiндегi өкiлеттiк
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;
2) қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
3) анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi бередi;
4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;
5) жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;
6) қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;
7) iстi сотқа жiбередi.
3)
8 Тақырып: Анықтау және қайта тергеу жалпы жағдайлары
1) Анықтау ерекшеліктері
2) Қайта тергеу түсінігі және жүргізу ерекшеліктері мен маңызы
3) Қайта тергеу жүргізудің принциптері
1) Анықтау (ағылш. investigation, inquiry;) Анықтау органының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген окілеттік шегінде істін мән-жайынын жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапка тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу қимылдарын орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да - мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да, көлiк қатынасы болмаған кезеңде жүктеледi.
2)
3)
9 Тақырып: Қылмыстық қудалау
1)Қылмыстық қудалау ұғымы, түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
10 Тақырып: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті маңызы
2) Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу жүргізу ерекшеліктері
3) Мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы
1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді.
ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.
ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.
2) ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді.
ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.
3) 1992 жылы шілденің 13-і күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін 12 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдары болды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез-келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, Ұлттық қауіпсіздік комитетін бақылауға алу мүмкін болып отыр.
11 Тақырып: Ішкі істер министрлігі
1) ҚР-ның ішкі істер органдарының құзыретімен өкілеттігі
2) Басқа мемлекеттік құқық қорғау органдарымен қатынасы
3) Құқық қорғау органдарының жүйесі
1) Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
2) Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
3) Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
12 Тақырып: Кеден органдары
1) Кеден органдары қызметі жүйесі қойылатын талабы мен жүйесі, құзыреті
1)Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары):
1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi);
3) кедендер;
4) кеден бекеттерi;
5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;
6) мамандандырылған кеден мекемелерi құрайды.
Кеден органдарының мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау;
8) өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу;
13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.
13 Тақырып: Салық органдары
1) ҚР-ның салық органдары құқық қорғау органдарының бірі ретіндегі қызметі
2) Құзыреті мен атқаратын қызметі
1) Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы
Салық қызметi органдарына салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының жəне Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдардың толық жəне дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын
Салық қызметi органдары уəкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына уəкілетті органның облыстар, Астана жəне Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар жəне қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уəкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады.
Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады жəне жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.
2) Уəкілетті орган:
1) салық салу мəселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2) Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) көзделген нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
3) салық органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның құзыретін айқындайды;
5) Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) белгіленген тəртіппен салық бақылауын жүзеге асырады;
6) белгіленген тəртіппен салық төлеушілердің, салық салынатын объектілердің жəне салық салынуға байланысты объектілердің есебін, салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген жəне төленген есебін жүргізеді;
7) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне жəне уақтылы төленуіне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуына жəне жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аударылуына салық бақылауын жүзеге асырады;
8) мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті уəкілетті органға толық жəне уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық жəне уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады.
14 Тақырып: Әділет органдары жүйесі
1) ҚР-ның әділет органдары жүйесі, құрамы
2) Әділет органдарының құзыреті мен өкілеттігі
3) Әділет органдарына қызметке алу тәртібі
1) Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
2) Әдiлет органдарының мiндеттерi:
жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;
құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегіазаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
3) Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесінің осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
Әділет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
15 Тақырып: Адвокатураны ұйымдастыру
1)ҚР-ның адвокатурасы құқық қорғау органы ретінде
2)Адвокаттық қызметті ұйымдастыру тәртібі
3)Адвокатура туралы нормативтік құжаттарды сараптама жасау
4)Адвокаттар коллегиясы
5)Адвокаттық құпия сақтау
6)Адвокат қызметінің мақсаты
1) Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2) Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
3) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi осы тiзiлiмдi жүргiзедi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын мерзiмдi баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларын керi қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы мәлiметтердi жариялайды.
4) Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
5) Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
6) Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.
Достарыңызбен бөлісу: |