Орталықтандыру аспабының, ажырату иеінің және амортизициялау құрылғысын
жөндеу.
Шынжырлы привод және орталықтандыру құралдары бөлшектерін жөндеу.
Амортизициялаушы құрылғы бөлшектерін жөндеу.
1.Орталықтандыру аспабының бөлшектері маневр жұмыстары кезінде, тежелген, жолдың қисық учаскесін өту кезінде зақым келеді, сонымен бірге қажалу нәтижесінде тозады.
Соққы розеткадағы маятникті ілмеге арналған тірек орнының 1, ойық орны 2 5 мм.-ге, екпін беру (удар) бөлігінің майысқан жері 3 тозса балқытады. Білік бетіне жатпайтын ойық бұрышының 4 жоғарғы жағындағы жарық, фланцтағы 5 жарық, қабырғадағы 6, екпін бөлігіндегі және ойықтың төменгі бұрышындағы 8 жарықты жөндеуге болады.
Жарықты 4 және екпін розеткасын дәнекерлеп болғаннан кейін олардың параметрі бойынша екі орташа тереңдету қоспаларын қондыру жолымен күшейтеді. Егер оларды бөлгеннен кейін балка қимасы 25% дан төмендемесе, онда орталықтандыру балкасының жарығын 10 жөндеуге болады. Балка 3 мм.-ге қисайса, түзетеді. Тозған тіреу беті 11 -10 мм-ге дейін, жанғы тірек 12, маятник ілмесіне арналған тірек 13 және ұстатқыш орнын балықытып қалпына келтіреді, кейін оларды механикалық өңдейді. Беттер 11 - 5-10 мм.-ге дейін тозса, онда жұқа бетті пісіре отырып, фрезерлі станокта қайтадан түзетеді.
Жарығы бар маятникті ілмені жөндеуге жатпайды. Егер тозған головка биіктігі 18 мм. болса, онда жоғарғы және төменгі головканы балқытып жөндеуге болады.
Ажырату иеннің бөлшектерін тек қана жарамсыз болғанда ғана жөндеуге ағытады. Ұстатқыш пен бекіту тіреуішінің (кронштейн) әрбір бөлшегінде бір жарық болса дәнекерлеп жөндейді, сонымен бірге шынжырлы рычактың жаңа бөліктерін жөндегеннен кейін, онда екі жапсар болса пісіреді. Ажырату иеннің майысқан бөлшектерін түзетеді.
2. Резиналы суфлені қарап, тазартады, қажет болған жағдайда вагоннан ағытады. Вагонды кез келген жоспарлы жөндеу кезінде буферді ағытады.
Буферді бірінші деполық жөндеуде немесе күрделі жөндеуде шашпай жөндейді.
Суфленің резиналы баллоны вагонға берік бекітілуі керек. Баллонды бекітуге арналған рама саңылауының қазылып қалуы және бұрандасының тозуына немесе олқы болуына, болттың босап кетуіне жол бермеу керек.
Баллонның тозу қалыңдығы 3 мм. аспаса, қабаттану және жарылу тереңдігі 2 мм. дейін болса, кесілу ұзындығы 500 мм, қазылу көлемі 30 см2 дейін болса резина суфлені жанартау (вулканизация) әдісімен вагондарды деполық жөндеу кезінде жөндеуге болады.
Вагоннан ағытылған буферді бөлшектейді, бөлшектерін тексереді және жуады. Бөлшектердің бастапқы қалыңдығынан 50% дейін тозған стакан қылталарының (горловина) қабырғасын және стержен (оқтама) тозған бетін балқытып өңдейді. Егер тарелканың қалыңдығы шеңбер радиусы 150 мм., ортасынан кем дегенде 20 мм., ал қалған жерлері кем дегенде 10 мм. болса балықытып өңделеді.
Буферді жинауда қажалу бетін графитон майымен майлайды, сонымен бірге вагонға орналастырғаннан кейін буферді Ж салидолымен майлайды.
Буфер осі биіктігі рельс головкасынан балканың шетіне дейін 15 мм., ал вагонның қарама-қарсы шеттерінде – 25 мм. тең болу керек.
№ 9 Тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |