Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Кіріспе бөлім
-Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетімізде қазақтыңтұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.
-Өлеңде не жайында айтылған?
-Өлеңде балалар неге шақырады?
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
|
Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.
Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.
Балалардың түсінігі, ойлары.
Оқу-білім алуға шақырады.
Қимыл жасайды.
|