1 Технологиялық карта Күні: Білім беру саласы



бет1/24
Дата03.01.2022
өлшемі138.89 Kb.
#450158
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Көркем әдебиет 4



1 Технологиялық карта

Күні:___________________________________________________________________________

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!»

Мақсаты: Өлеңді жатқа айтуға үйрету;

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе бөлім

-Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетімізде қазақтыңтұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.

- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.



Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

-Өлеңде не жайында айтылған?

-Өлеңде балалар неге шақырады?

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.


Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.
Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.

Балалардың түсінігі, ойлары.
Оқу-білім алуға шақырады.

Қимыл жасайды.





Рефлексиялық-түзетушілік

Дәптермен жұмыс:

  1. Өлеңді жаттау.

  2. Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер айту:

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Оқусыз білім жоқ.

Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.


Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.

Игереді: ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.

Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды

2 Технологиялық карта



Күні:___________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет