1 Технологиялық карта Күні: Білім беру саласы



бет12/24
Дата03.01.2022
өлшемі138.89 Kb.
#450158
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Көркем әдебиет 4

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Кіріспе әңгіме

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңімен танысамыз.



Балалар шеңбер бойына тұрып, өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай,

Сен не деуді ұмыттың?

Әжең түскі тамаққа

Қант- кәмпитті салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Әй-шәйі жоқ салдың қол,

Жөн еді не айтқаның?

-Добын апар Назардың,-

Деді ағаң, бармадың,

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың,

Сен қай сөзді айтпадың?

Серіту сәті

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп қол созамын

Аяғымның ұшына.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу:

-Балалар, сыйлық алғанда не деп барып алу керек?

-Абайсызда досыңды немесе көршіңді ренжітіп алсаң, не деу керек?

-Дастарқан басында сен өзіңді қалай ұстайсың?



Дәптермен жұмыс:

Алма мен доптың суретін салып, бояу.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


Рақмет, апа

Кешіріңіз

Рұқсат па?

Қазір, аға

Қимылдар жасайды.

Рақмет
Кешіріңіз

Әдепті, сыпайы
Тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін «Жеміс жидектер» дидактикалық ойыныарқылы аяқтау.

Ойын ойнайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсіне біледі.

Игереді: адам бойындағы жақсы қасиеттерді.

Меңгереді: сұрақ- жауап, ойын арқылы тапсырманы орындауды.
10 Технологиялық карта

Күні:________________________________________________________________________________

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».

Мақсаты: а) Әңгіменің мазмұнын түсіну;

ә) Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу; б) Жақсылық жасауға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, құмырсқа мен көгершіннің суреті, жұмыс дәптері.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.


Өлең шумақтарындағы қимылды айта отырып жасайды.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Сұрақ-жауап

-Әңгіме қалай аталады?

-Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қандай көмек көрсетті?

-Құмырсқа қандай жәндік?

-Көгершін қандай құс?

-Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсеті, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты.

Ендеше сендер де, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек.

Сергіту сәті

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап,

Дала гүлге толады.

Құстай ұшып,

Аунап-қунап алады.

Жыландарша иіріліп,

Жорғалап бәрі қалады.



Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.




Әңгімені тыңдайды.

Құмырсқа мен көгершін

Еңбекқор


Бейбітшілік

құсы
Іс-қимыл әрекетін жасайды.

Тапсырманы орындайды


Рефлексиялық- түзетушілік

Қорытындылау.

Балалардың жауаптарына баға беріп, мақтап, мадақтау.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: әңгіменің мазмұнын біледі.

Игереді: өз ойларын еркін айта білуді.

Меңгереді: көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатынын.

11 Технологиялық карта



Күні:________________________________________________________________________________Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық»

Мақсаты: а) Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет