1 теңіз кен орнындағы ккж экология, ЕҢбекті қОРҒау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі


Гидросынаққа арналған суды пайдалану



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата10.09.2024
өлшемі4.32 Mb.
#503531
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
FB20180194-001 TCO ELC Field Handbook KAZ FINAL crops

11.3 Гидросынаққа арналған суды пайдалану
Болжалы су мөлшері мен гидросынақтан кейінгі суды кәдеге 
жарату нұсқаларына байланысты гидросынақ өткізуді жоспарлау 
үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Мердігер ККЖ жоба 
инженерімен сумен жабдықтау көзіне қатысты кеңесіп
гидросынақ өткізер алдында гидросынақ жұмыстарын жүргізу 
жоспарын әзірлеп, ККЖ ЭЕӘ тобының мақұлдауын алуы қажет. 
Егер гидросынақ үшін 500 м3-ден астам су қажет болса, жұмыс 
жүргізу жоспары сынақтан 6 ай бұрын ұсынылуы қажет.
Егер гидросынақ үшін гликоль немесе басқа қоспаларды 
пайдалану қажет болса, жұмыс жүргізу жоспары сынақтан 3 
бұрын ұсынылуы қажет. 
Гидросынақ жұмыстарын жүргізу жоспары келесіні қамтуы қажет:
f
гидросынақ үшін пайдаланылатын су көздері мен мөлшері;
f
су тасымалдау жоспарлары;
f
гидросынақ жүргізуге арналған және гидросынақ жүргізгеннен 
кейінгі суды сақтау;
f
гидросынақ үшін пайдаланылатын шикі суға қосылатын 
қандай да бір қоспалардың түрлері (мысалы, гликоль, 
биоцидтер) мен мөлшері;
f
гидросынақтан кейін суды зерттеу режимі;
f
гидросынақтан кейін суды сақтау орны, суды сақтау және 
тасымалдау әдістері;


88
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
апаттық төгінді салдарын жою шаралары;
f
гидросынақтан кейін суды сақтау/кәдеге жарату жоспары.
Практикалық түрде мүмкін болған жағдайда гидросынақ 
барысында қолданылған суды кейінгі гидросынақтар үшін қайта 
пайдалану үшін мердігер суды сақтауға арналған тиісті көлемдегі 
резервуарларға ие болуы қажет.
Егер суды сақтау/қайта пайдалану мүмкін болмаса, мердігер 
қандай да бір ластаушы заттардың бар-жоқтығын анықтау үшін 
судың талдауын жүргізуі қажет. Зертханалық талдау нәтижелері 
алынғаннан кейін ККЖ ЭЕӘ тобы келесіге рұқсат береді:
f
суды мақұлданған жерге төгуге (ластанған жағдайда);
f
тозаң басу/топырақ нығыздау үшін қайта пайдалануға (егер су 
ластанбаған болса);
f
құрамында гликоль өнімдері немесе басқа да қоспалар 
бар суды тозаң басу/топырақ нығыздау үшін пайдалануға 
болмайтынын, және ондай суды жою үшін үшінші тарап 
жұмылдырылады. Гидросынақтан кейінгі қайта пайдалануға 
келмейтін су көлемін азайту үшін мердігер гидросынақты 
қарашадан бастап наурыздың ортасына дейін жүргізбегені 
жөн. 
f
Гидросынақтар барысында гликоль өнімдері немесе өзге де 
қосындылары бар сулардың жылыстауы төгінділер болып 
есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет