Кесенеде жерленген Шаншар Мамай батыр Бөртеұлы туралы айтыңыз
Кесенеде жерленген Керей Бәйімбет батыр Төбетұлы туралы айтыңыз
айтыңызБәйімбет батыр Орта Жүздің Күрсары Керей руынан тараған. Бәйімбет батырдың әкесі Төбет бай Көкшетау өңірінде (Кіші Қарой, Үлкен Қарой) өмір сүріпті. Малының көптігі сонша, малшы-жалшыларының өздері ауыл-ауыл болып, қиыр-қиырда көшіп-қонып жүреді екен. Олардың бәрінің басын қосып, былайғы ел, тіпті өздері де «Орда» деп атайды екен. Осыншама байлықты қорғау үшін де қаншама сенімді атарман-шабарман керек қой. Сондықтан Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен. Ал әкесі Төбет балаларының ішіндегі Бәйімбетті жастайынан ауыл-аймағына cөзі өткен ақылгөй, алысса білегін батыра білген балуан, сөзге салса шалдырмаған сегіз қырлы, бip сырлы осы орданың басшысы ретінде тәрбиелеген. Бәйімбет атамыз ерекше батырлығымен ел көзіне түскен, Абылай ханның қолбасшыларының бірі болған екен. Бәйімбет батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі Ресейдің Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей ел аузында сақталып қалған.
Бәйімбет батыр 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен және серіктерімен ел еркіндігі жолында Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады
Кесенеде жерленген Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы туралы айтыңыз
Бижігіт Бұзауұлы (туған жылы белгісіз - 1796) - қазақ батыры. Бұзау Жарасұлының үлкен ұлы.
«Шудың аяғынан бері Маңқанай дейтін жер бар. Ол Үйсінбайдан бері жиырма шақырымдай жер. Бұл бұрынғы «Созақ» кеңшарының аумағына кірген. Маңқанай деген әйелдің аты. Мынау Бұзау руы бес атаға бөлінеді. Олар Бижігіт, Түке, Ақжүніс, Малқара, Жаңғара, Есқара. Ал Маңқанай – солардың шешелері. Сол кісіні құрмет тұтып, үй тіккен жерінің атымен «Маңқанай» атанған» [1]
Бұзау батырдың үлкен баласы Бижігіт жас кезінде жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ешкімге дес бермеген батырын көзінен көздеп атып, мерт қылады. Бірақ ұрыс аяқталған соң, ерлігін ешкімге жария қылмай, қосынына қайтып кетеді. Хан қол астындағыларға жоңғар батырын кім өлтіргенін анықтауды тапсырады. Ең соңында уәзірлері: - Бұзаудың Бижігіт деген баласы қана келмеді. Қалғандарынан тұтас сұрастырып шықтық. Әзірге жебенің кімдікі екені анықталмады, - дейді. Билеушінің бұйрығымен келген Бижігіт: - Хан ием, батырдың басынан бақайшығына дейін оқ өтпейтін темір сауытпен құрсалған екен, тек екі көзі және астындағы ақбоз атының екі көзі, екі танауында ғана саңылау бар екен. Оң көзіне қадалған жебе болса, онда ол менікі, - дейді. Құралайды көзге атқан мергендігіне тәнті болған Абылай хан ақ батасын беріп, жоңғардың қаза болған батырының астындағы ақ боз аты мен ақ сауытын сыйға тартыпты. Кейін сол ақ боз ат Қарқаралыда өткен бәйгеде бас жүлде алған көрінеді.
1796 жылы өмірден өтіп, көз жұмарда өзінің сүйегін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді аманаттайды. Бижігіттің ұрпақтары әкесі Бұзау батырдың жанына арулап қояды.
2015 жылдың 29 қазанында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми кеңесі «Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген» деген тұжырымды растап, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың тізімі жазылған тақтаға қосу туралы шешім қабылдады.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |