10-тақырып. Қазіргі түркі тілдері. Түркі тілдерінің бұлғар, оғыз топтары.
Жоспары:
1.Қазіргі түркі тілдері бойынша мәлімет.
2.Түркі тілдерінің бұлғар тобы.
3.Түркі тілдерінің оғыз тобы.
Тірек сөздер: Түркі халықтарының отызға жуығы қазіргі ТМД мемлекеттерінде тұрады. Қазіргітүркі тілдеріне Н.А.Баскаковтың классификацисы бойынша мыналар жатады: чуваш, башқұрт, татар, өзбек, қарақалпақ, ноғай, қазақ, якут, түрікмен азербайжан, қарайым, ұйғыр, хакас, шор т.б.
1.Түркі халықтарының көпшілігі ТМД-да тұрады. Ондағы терезесі тең, жан-жақты дамып отырған 130 тілдің 30-ға жуығы түркі тілдерінің уәкілі болып саналады. Олардың 20-дан астамы еліміздегі 79 жазба әдеби тілдің санатына жатады. Бұл тілдердің атқаратын қоғамдық қызметі сол тілде сөйлеушілердің санына, географиялық-әлеуметтік жағдайларына байланысты әр түрлі болса да, олардың дербес тіл ретінде сақталып, жан-жақты дамуына, жазу-сызуының қалыптасуына, қатынас құралы ретіндегі қызметіне қазір жағдай жасалған.
Кейбір түркі тілдерінде сөйлейтін халықтың көпшілігі (Мысалы, түріктер-Түркияда, ұйғырлар, саларлар Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында, әзірбайжандар-Иранда т.б. шет мемлекеттерде тұратын болса, олардың азшылығы,мысалы, түріктер, әзірбайжандар, ұйғырлар) ТМД-да тұрған. Ондағы кейбір түркі халықтарының қазақ, қырғыз, өзбек, татар т.б. азшылығы шет мемлекеттерде тұратыны белгілі.
Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігі-ақ бірнеше диалектіден немесе говорлар тобынан тұрады және ол диалектілер мен говорлар тұтас бір территорияда да немесе әр түрлі регионда да жайласуы байқалады. Сондай-ақ белгілі бір топқа жататын түркі тілдерінің диалектілері мен говорлары өздерінің ерекшеліктері бойынша әр түрлі топтағы тілдердің құрамына енуі де мүмкін. Мысалы,өзбек тілінің қыпшақ диалектісі қарлұқ тілдерінен гөрі қыпшақ тілдерінің ерекшеліктерін өзінде көбірек сақтаған. Сол сияқты қырым-татар тілінің өзі қыпшақ тобына жатса да, оның оңтүстік диалектілері өз ерекшеліктерімен оғыз тобына еніп отыр, сондай-ақ алтай тілінің оңтүстік диалектілері қырғыз-қыпшақ тобына енсе, солтүстік тобы ұйғыр-оғыз тобына жатады. Басқаша айтқанда бір тілдің негізін құраушы диалектілер өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жіктеліп екі топқа бөлініп тұр. Бұл әрине, түркі тілдерінің тарихи қалыптасу кезіндегі ру-тайпа тілінің өзара араласуына байланысты күрделі процестің бір көрінісі болса керек. Н.А.Баскаковтың жіктеуіне сәйкес топтастырылған жазба әдеби тіл санатына жататын негізгі түркі тілдеріне мыналар жатады. Бұлғар тобы-чуваш тілі, оғыз тобы-түрікмен, түрік, азербайжан тілдері, қыпшақ тобы-қазақ, қарақалпақ, башқұрт, ноғай, татар, қарайым, қарашай-балқар, құмық тілдері, қарлұқ тобы-өзбек, ұйғыр тілдері, ұйғыр-оғыз тобы-тува, якут, хакас, шор, алтай, сары ұйғыр тілдері, қырғыз-қыпшақ тобы-қырғыз, алтай тілдері.
2. 1.Түркі тілдерінің бұлғар тобы. Чуваш тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |