- Косметикалық декоративті далаптар – көп компонентті қоспалар. Оларға: тальк, каолин, ZnO, TiO2 , MgCO3 , крахмал, стеарин қышқылының мырышты және магнийлі тұздары, сонымен қатар Fe2O3 сияқты органикалық және бейорганикалық пигменттер кіреді. Тальк далапқа борпылдақтық және сырғығыштық эффект береді. Кемшілігі ретінде оның теріге сіңуі мен майлы жылтыр беруі мүмкіндігін атауға болады, осыған қарамастан далаптың құрамына тальк 50...80%-ға дейін кіреді. Каолиннің теріден бөлінетін майдың артық мөлшерін сіңіруге қабілеттілігі жоғары болып келеді. Оның жоғары гигроскопиялығы теріге пудраның біркелкі таралуына мүмкіндік бермейді, сондықтан каолинді 25%-дан артық енгізбейді. Мырыш оксидінің антисептикалық қасиеті болғандықтан,ол залалсыздандырғыш қоспаның рөлін де атқарады. Далапқа бұл оксидтерді 15%-ға дейін қосады. Егер көп мөлшерде енгізілсе, онда ол терінің құрғауына әкеледі. Крахмал теріге жұмсақтық береді, ал мырыш және магний стеараттарының арқасында далап теріде ұзақ сақталады және оны тегіс жасайды.
- Компактілі далапта шашырандыға қарағанда құрамында байланыстырғыш қоспалар: натрий карбоксиметилцеллюлоза, жоғарғы май қышқылдары, балауыздар, көпатомды спирттер мен олардың эфирлері, минералды және өсімдік майлары болады.
Бояулар - Қазіргі уақытта шашты бояуға арналған әр түрлі органикалық бояғыштардың сан алуан түрлері бар. Кейде осы мақсатта күміс, мыс, никель, кобальт, темір тұздарын қолданады. Бұл жағдайда екі ерітіндінің көмегімен шаш боялады. Оның бірінің құрамында берілген металдардың тұздары : нитраттар, цитраттар, сульфаттар немесе хлоридтер, ал екіншісінде – тотықсыздандырғыштар: пирогаллол, таннин және басқалары болады.Бұл ерітінділерді араластырғанда метал иондары атомдарға дейін тотықсызданады да шаштың бетінде тұнады.
- Кең тараған тырнақ бояуына органикалық еріткіштердегі нитроцеллюлоза ерітіндісі қолданылады. Нитроцеллюлозаны целлюлозаны (мақта немесе ағаш) азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен нитрлеу арқылы алады. Ол азот қышқылының күрделі эфирі болып табылады, жалпы формуласы
- [C6H7O2(OH)3-х (ONO2)х]n
- Еріткіштер ретінде сірке қышқылының амилді эфирлері, ацетон, әр түрлі спирттер, этил эфирі, сонымен бірге олардың қоспалары да қолданылады. Лакқа тырнақтың сынуын болдырмайтын және оның майлануына кедергі келтіретін кастор майы немесе басқа да экстрактар - пластификаторлар қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |