1835, қараша – Аманқарағай дуанының орталығы орналасқан Қараоба мекенінен қырық шақырымдай жердегі аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлының Күнтимес атты ордасында дүниеге келді.
1847 – 1853 – Омбыдағы кадет корпусында оқыған жылдар.
1853, қарашаның 8-і – корнет шенімен Сібір шептік казак әскерлері құрамында қызметке кірісті.
1854, наурыздың 6-сы – Дербес Сібір корпусының штаб бастығы, генерал-лейтенант Яковлевтің адъютанты.
1854, қазанның 12-сі – дербес Сібір корпусының командирі, Батыс Сібірдің генерал –губернаторы, инфантерия генералы Гасфорттың ерекше тапсырмалар жөніндегі адъютанты. Омбы абақтысынан шыққан жазушы Ф. Достоевскиймен, ақын С.Дуровпен танысты. Ғылыми еңбектер жаза бастады.
1855, жаз – Гасфортпен бірге Жетісуға бірінші рет келді. Ұлы жүздің сұлтандарымен танысты. Семейде Достоевскийге, Врангельге жолықты.
1856 – поручик шенін алды. Ыстықкөл, Құлжа сапарларына барды, күнделіктер жазды. Қараша айында Семейде Семеновпен (болашақ Тян-Шанский) танысты.
1857 – Императорлық орыс географиялық қоғамының толық мүшесі боп сайланды. Қашғар сапарына қамдану үшін қыс кезіңде Алматыда тұрақтап, қажетті мағлұматтар жинады.
1858, маусымның 28-і – Семейден Қашғарға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагаер деген құпия атпен қосылды.
1858, қазанның 1-і – керуенмен бірге Қашғарға кірді.
1859, наурыздың 7-сі – керуенмен бірге Қашғардан шықты.
1859, сәуірдің 12-сі – Алматы бекінісіне қайтып оралды.
1859, жаз, күз, қыстың басы – науқасымен арпалысып жүріп, Қашғар сапарының толық есебін жазды.
1860, ақпанның соңы – 1861, мамыр айының соңы – Петерборда тұрды. 1860 жылғы сәуірдің 7 – сі күні штабс – ротмистр шенімен, Қасиетті Владимир орденінің төртінші дәрежесімен марапатталды.
Орыс географиялық қоғамында баяндама жасады. Петербордың ғылыми, әдеби зиялы қауымымен жақын танысты, Бас штабта, Азия департаментінде қызмет істеді. Зерттеулерін жазды. «Жөңғария очерктері», Алтышәр туралы еңбекгінің алғашқы екі тарауы «Орыс географиялық қоғамының жазбаларында» жарияланды. «Тарихи-и Рәшидиді» зерттеді.
1861, маусым айының соңы – 1863, күз – атажұртта емделді. Аққанбұрлық алабындағы жайлауда, Сырымбетте, Көкшетауда тұрды. Ғылыми жұмыстармен, ауыз әдебиетті үлгілерін, этнографиялық деректерді жинаумен айналысты, зерттеулер жазды. 1862 жылдың күзге салымында Атбасар дуанының аға сүлтандығына сайланғанымен, Батыс Сібірдің генерал –гебернаторы оны наукасына байланысты бас тартты, деген сылтаумен бекітпеді. 1863 жылғы мамырдың соңынан сот реформасы туралы халық пікірін жинау жөніндегі комиссия жұмысына қатысты.
1863, күз – 1864, наурыздың 25-і – Омбыда қыстады. Сот реформасы туралы еңбегін аяқтады. Шөже ақыннан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының толық нұсқасын жазып алды.
1864, мамырдың 1-і – маусымның 8-і – полковник Черняевтің Әулиеата жорығына қатысты.
1864, шілденің ортасы – 1865, наурыздың соңы – Алматыдан Омбыға (одан әрі Петерборға барамын деген оймен) беттеп келе жатып, аға сұлтан, полковник Тезек Нұралыұлының Күренбел жайлауындағы ауылында науқасына байланысты аялдап қалды. Сонда үйленді. Алатау округінің бастығы генерал Колпаковскийдің тапсырмасымен іргедегі Шығыс Түркістан мұсылмандарының азаттық көтерілісін, сол аймақты терең білетін ғалым ретінде байыптап отырды.