1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?


Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында «арнайы соттар» дегеніміз не, арнаулы соттардың белгілері қандай? Жауабыңызды негіздеңіз



бет2/16
Дата23.03.2023
өлшемі113.96 Kb.
#471026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Құқық

4.Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында «арнайы соттар» дегеніміз не, арнаулы соттардың белгілері қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.
1-бап. Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:
1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.
2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;
3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.
Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.
4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;
5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.
6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі
Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.
Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдіретіне жатқызылады.
Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.
7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.


5.Ежелгі құқықтың қайнар көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі. Мысалы «Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс». Қазіргі таңда ұрлық жасалған сәтте жазалаудың, әрине мұндай түрі емес, жеңілдеу түрі қолданылатыны бәрімізге белгілі. Егер де ұрлық жасағанда ежелгідей жазалау қолданылса, ұрлық саны кемуі әбден мүмкін. Сіз қалай ойлайсыз?
Ежелгі дәуірде ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілгені немесе жазалаудың ауыр түрлері қолданылғаны, тарих беттерін ақтарсақ белгілі. Мысалға айтар болсақ Қытай мемлекетінде ұрлық жасаған адамның қолын кескен. Егерде ол кішігірім зат ұрласа оның саусақтарын кескен жәнеде құлағында кесетін деген дерек бар. Адамның құлағына қарап оның ұры екенін халық бірден аңғаратын болған. Дәл осы жазалау үлгісі пара берген жәнеде пара алған адамдарғада қолданылған. Осының нәтижесінде ұрлық-қарлықты біршама жоюға болады десекте болады. Қазір 21 ғасыр мемлекеттер біршама дамыған. Әр елдің өз алдарына заңдары бар. Сол заңда ұрлыққа байланысты түрлі жазалау бар. Менің ойымша мемлекет затын жымқырған адамға және оны қабылдаған адамға, сондай-ақ қарапайым халықтың затын жымқырған адамға ежелгідей өлім жазасы болғаны өте дұрыс. Себебін айтар болсам, қылмыскерді әшкерілеп бүкіл халықтың алдында өлім жазасына кессе барлық адамға сабақ болады. Сонымен қатар біріккен адамдарғада дәл осы үлгіні қолданған жөн. Атқарылған істі көрген халық бұл қылмысқа жоламасы айдан анық, себебі өздерін өлім күтіп тұрғанын біледі. Міне осындай қатаң жазаның арқасында ғана елдегі парақорлықты, ұрлықты түб орнымен жоярымыз сөзсіз.


6.Ал Швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет