2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 20.02. – 25.02.2024ж



бет7/19
Дата04.05.2024
өлшемі99.25 Kb.
#500546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Практика пед психология Қалел Еркебұлан

5-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 20.02. – 25.02.2024ж.
1.Социометрия әдісі (Дж.Морено) сипаттамасы.
Саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Социометрия ұғымы ХІХ ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
2.Адамның танымдық іс-әрекетінде түйсіктің рөлін зерттеуге арналған әдістемелер. Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады.
3.Көру түйсігін зерттеу әдістемесі.
Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады. Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көру дегенiмiз - екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы. Алыстан көргiштiк - көздiң жарық сәулесiн дұрыс сындырмауынан туатын ауытқулардың бiр түрi. Бұл кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сәулелер фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi. Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм - түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады.
4.Бұлшық ет-буын түйсігін зерттеу әдістемесі.
Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады. Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды. Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады. Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет