ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
71
босқындар»атты арнайы қоныс аударушылардың екі бөлек жаңа контингенті пайда болды.
Посадниктер – бұл Польшадан қоныс аударушылар, негізінен, 1920 жылғы поляк-кеңес соғысында
ерекшеленген және 20–30 жылдары алған поляк армиясының бұрынғы әскери қызметшілері. Олар
жергілікті тұрғындарға қатысты белгілі бір полиция қызметін атқарды. Дегенмен, 1939 жылы
Батыс Украина мен Батыс Беларусь КСРО құрамына кіргеннен кейін, поляк посадниктері «еңбек
халқының ең қауіпті жаулары» деп жарияланып, отбасыларымен Қазақстанға, Оралға және
Сібірге жер аударылды. Осы тұста ескерер жайт, олардың ұлттық құрамы гетерогенді болды, яғни
негізгі бөлігін поляктар құрады, бірақ олардың арасында еврейлер, украиндар, белорустар,
немістер және басқа ұлт өкілдері де болды. 1940 жылдың ақпанынан 1941 жылдың маусымына
дейін барлығы 380 мың поляк жер аударылды, олардың көпшілігі арнайы қоныстануға түсті. 1941
жылы жер аударылған халықтарға одан да қиын болды. Сонымен қатар, Қазақстанда қуғын-
сүргінге ұшыраған офицерлердің 66 мыңға жуық отбасы тіркелді, олардың басым көпшілігі
поляктар болды.
1939 жылы 19 мамырдағы ГУЛАГ басқарма бастығы М.В.Конрадовтың КСРО Ішкі істер
комитетінің орынбасары В. В. Чернышевке Украинадан қоныс аударушыларды есепке алуды
ұйымдастыру жөніндегі «аса құпия» баянхатында: «КСРО ХКК бұйрығымен, қазақ жеріне
қоныстандырылған
халықтар
бірден
паспорттарын
өлкелік
ұйымдарға
тапсырады;
қоныстанғандар орналастырылған кенттерден қашу қылмыстары орын алмас үшін комендатура
ұйымдастырылуы тиіс; жеңіл қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмас үшін
милициялық күштерді күшейту қажет»деген ұсыныстарын жеткізеді (Айдарбеков, Актаева,
Джагфаров және т.б., 2014: 92)
КСРО ХКК–нің 1940 жылғы 10 сәуірдегі №497-178 қаулысы бойынша Қазақстанға Украина
мен Белоруссияның батыс облыстарынан 60667 (басқа деректер бойынша – 61092) поляктар
көшірілді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Семей
облыстарында қоныстандырылды: 36729 адам – колхоздарға, 17923 адам – совхоздарға және 8000
адам – әртүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшы кенттеріне жер аударылып жіберілдi
(Сталин,1992:31).
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 ж. 12 тамызда «Аса құпия» белгісімен КСРО
Халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП(б) ОК «қуғын-сүргінге ұшыраған поляктарды босату
тәртібі туралы» Қаулысы қабылданды (Айдарбеков, Актаева, Джагфаров және т.б., 2014: 1).
Кеңес үкіметі мен Польша үкіметі арасында келісім жасалуына байланысты КСРО-ның Халық
Комиссарлар Кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитеті қаулы етеді: «...түрмелерден, еңбекпен түзеу
лагерлерінен, әскери тұтқындарға арналған лагерлерден, арнайы поселкелерден және поляк
азаматтарын: а) бұрынғы поляк армиясының барлық әскери тұтқындары мен тұтқындалған әскери
қызметшілерінен; б) түрмелерге және еңбекпен түзеу лагерлеріне әр түрлі мерзімге сотталғандар,
сондай-ақ, ІІХК (НКВД) органдарының, соттар мен әскери тұтқындардың қарауындағы тергеудегі
адамдар босатылсын; в) Украина мен Белоруссияның батыс облыстарының аумағынан
шығарылған арнайы елді мекендерге жіберілгендер (қоршаушылар мен орманшылар, қуғын-
сүргінге ұшырағандардың отбасы мүшелері және басқалар). Босатылған поляк азаматтарына
шекаралас аудандарды, тыйым салынған аймақтарды, соғыс жағдайында жарияланған жерлерді
және бірінші және екінші санаттағы режимдік қалаларды қоспағанда, КСРО аумағында еркін
тұруға рұқсат етілсін». Көріп отырғанымыздай, поляктарға бұрынғы тұрғылықты жерлеріне
оралуға рұқсат етілмеді. Сонымен қатар, бұл шешім мәні бойынша орындалған жоқ деп айтуға
болады, өйткені қабылданған қаулыға қарамастан поляктарды жер аудару жалғасып, «соғыстың
алғашқы айларында Қазақстанға тағы 50 мыңға жуық түрлі ұлт өкілдері қоныстандырылды»
(Шотбакова, 2014).
Үкіметтің арнайы қоныс аударушыларға қатысты жүргізіп отырған саясатын нақтылай түсу
үшін 1948 жылғы 26 қарашада «Немістер, поляктар, қалмақтар, ингуштар, шешендер, финдер,
латыштар және басқа да берілген аудандарға қоныс аударушылар мәңгіге көшірілді» және
олардың қоныс аудару аумақтарынан ІІМ органдарының рұқсатынсыз кетіп қалуы 20 жылға дейін
лагерлерде ауыр еңбекпен жазаланды. 1945 жылдың 8 қаңтарында КСРО ХКК-нің «Арнайы қоныс
аударылғандардың құқықтық жағдайы туралы» қаулысы шықты, онда арнайы қоныс
|