9-билет
1. Абайдың отыз екінші қара сөзі
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері туралы білеміз. Әрбір қара сөз мән мен мағынаға, тәрбиеге, ізгілікке толы. Қайсы бір қара сөзін оқысақ қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық деп айта аламын.
Абайдың 32 қара сөзінінде өнер-білімді, тәлім-тәрбиені сөз етеді. Адам баласы білімді толық меңгеруі үшін не істеу керектігін ашып көрсетіп береді. Әрбір талапқа шарт қояды. Бізді білімге жетелеп, осы қара сөзді бәрімізге арнап жазды.
Ақын білімге құштар болуымыз керектігін, білімді бахасқа үйренбеуімізді, ғылымды үйренуде бар ықыласпен, махаббатпен үйреу керектігін айтады.
Егер сен жақсы нәрсеге құмар болсаң онда, сені ешқандай жамандық күтіп тұрған жоқ. Ал, сен жаман нәрсеге құмар болсаң онда, сені алдында нағыз қиындықтар мен білімсіздік болгалы тұр.
2. Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі
Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтың кезекті әңгімесі "Көшпелі алтын" да оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Көшпелі алтын шығармасы - қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.
Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай "алтын". Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.
Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық таптым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.
3. .Б.Мұқай, «Өмірзая» романы
Баққожа романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесіне
Достарыңызбен бөлісу: |