№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Орман шаруашылық қызметін талдау



бет11/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

2. Параграф. Орман шаруашылық қызметін талдау
324. Орман шаруашылық қызметі орман шаруашылығын жүргізудің жақсы және жаман жақтарын (өткен тексеру кезеңіндегі) анықтап, оны жақсарту шараларын белгілеу мақсатында талданылады.

Сонымен қатар, орман шаруашылық шараларын жүргізу әдісі мен технологиясы бағаланады және Негізгі қағидалар мен өткен орман орналастыру жобасынан ауытқудың себептері мен негізделуі көрсетіледі.

Орман кесу ережелерін бұзушылықтар анықталады. Орман ресурстарын пайдалану толықтығы мен үнемділігі бағаланады.
Сүрекдің шығыны аралап таксациялау нәтижелері бойынша анықталады.
Нақты орындалған орман шаруашылық жұмыстардың көлемдері, оларды өткен орман орналастырудағы орман орналастыру жобасына сәйкес орман қорындағы орналасуы салыстырылады. Ол үшін орман шаруашылық шаралар жүргізілген телімдердің таксациялық мәліметтері, табиғи жаңаруын, орман екпелерінің жағдайын, ормандардың экологиялық және санитарлық жағдайын тексеру нәтижелері, статистикалық есеп беру материалдары және басқа да мәліметтер қолданылады.
Осы жұмыстардың соңында (нәтижесі ретінде) жобаланған және нақты орындалған орман шаруашылық шаралардың негізделуі мен тиімділігі бойынша қорытынды шығарылады, өткен орман орналастыру обасынан ауытқулардың себептері талданады және олардың орман қорының сапалық құрамымен құрылымы бағаланады.
325. Жалпы қорытыдыда орман орналастыру объекті бойынша шаруашылық қызыметке жиынтық баға беріледі. Тиісті қорытындыларында атқарылған орман шаруашылық шаралары мен ағаш дайындау қызметінің негізгі таксациялық көрсеткіштеріне, ормандардың сапасына, өнімділігіне экологиялық және санитарлық жағдайына тигізетін әсері сипатталады.

4 Тарау. Орман орналастыруды жобалау

1. Параграф. Орман қоры иеленушілері үшін жобалау
326. Орман қоры иеленушілері үшін орман шаруашылық шаралар Қазақстан Республикасының Орман кодексі талаптарына, Үкіметтің қаулылары мен шешімдеріне, басқа да директивтік құжаттар мен ережелерге сәйкес жобаланады.

Жоба орман орналастыру жобасындағы түсіндірме жазбаның өкілетті органмен бекітілген бағдарламасына сәйкес, ал орман иеленушілері үшін – олардың тапсырысы бойынша және қосымша төлемге (келісім-шарттағы бағдарлама бойынша) жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет