2. ДӘріс тезистері


Бірінші, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға негізделеді



бет14/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Бірінші, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға негізделеді.
• «Эстафета». Педагог бұл жарысқа әр түрлі топтағы оқушылардың араласуын (қатысуын) қамтамасыз етеді.
• «Өзара көмек». Ортақ іс-шараның табысты болуы оқушылардың бір-біріне өзара көмек көрсетуіне байланысты.
• «Ең үздік дегенге көңіл бөлу». Педагог оқушылармен қарым-қатынас барысында олардың әрқайсысының жақсы тұстарын айту қажет. Бірақ оның бағалауы объективті және нақты фактілерге негізделуі тиіс.
• «Стереотиптерді бұзу». Қарым-қатынас барысында оқытушы оқушының санасына адамдардың көпшілігінің пікірі үнемі дұрыс бола бермейді дегенді ұқтыру қажет. Мұндай әңгімені анализден бастаған жөн, мысал ретінде «Кім миллионер болғысы келеді?» ойынындағы зал көмегінің үнемі дұрыс шықпайтынын алуға болады.
• «Өзі туралы әңгімелер». Егер оқытушы оқушылардың бірін-бірін жақсы тануы үшін, бірін-бірі дұрыс түсінгенін қаласа осы әдісті падаланады. Әркім өзі туралы қысқаша әңгімелеп береді немесе достарының көмегіменг шағын қойылым қояды.
• «Ереже бойынша араласу». Ұжымдық тапсырманы берерде алдын-ала ережелер бекітіледі, оқушылардың өзін-өзі ұстауы және ұжымда бір-бірімен араласуы, қандай жағдайа сын айтуға болады, қай кезде және қандай тәртіппен өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады. Мұндай ережелер топ ішінде өзара кикілжіңнің алдын алады және барлық қатысушылардың «мәртебесін» қорғайды.
• «Жалпы пікір». Оқушылар әр түрлі адамдармен өз ойын тізбек бойынша жеткізеді: біреуі бастайды, екіншісі жалғастырады, толықытрады, нақытлайды. Қарапайым ойлаудан (пікірталасқа барлық қатысушылардың қатысуы маңызды) аналитикалық ойлауға, одан кейін–
тиісті шектеулерді (талаптарды) енгізу арқылы проблемалық мәлімдемелерді шешуге тырысады.
• «Көзқарасты түзету». Бұл әдіс қатысушылар арасында түрлі өзгерістерді енгізу барыснда, белгіленген рөлдержі өзгерту кезінде, қатысушылар араында кикілжің пайда болған кезде қолданылады (қосымша сұрақ, бастапқы ойға оралу, жеке әрекеттерді еске салу т.б.) .
• «Әділ бөлу». Бұл әдіс барлық оқушылар үшін теңдей жағдаят жасауды қалыптатсырады. Бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады: агрессивті оқушылардың шабуылдары екінші топ оқушыларының бастамасы мен қалауын басып тастаған кезде. Мұндағы басты мақсат әр топ оқушыларының бастамаларының тең дәрежеде болуы.
• «Мизансцена». Бұл әдістің мақсаты қарым-қатынас барысында
Сыныптағы оқушыларды бір-бірімен белгілі бір комбинацияда орналасуы қадағалу. Сол арқылы мұғалім тарпынан берілген жаттығуларды әр кезеңде оқушылардың бірігіп орындауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет