Жоспар
1.Кіріспе
2 Негізгі бөлім
3.Ғылыми салалары
4.60-70 жылдардағы психология
4.Қорытынды
1.Психология – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі Мақсаты – психиканы субьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.Психологияның зерттеу объекті – осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті – мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл-ой паталогиясынан ажырату – одан әрі күрделі.Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым- қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан аанықтауэБүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі – шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. «Психология» терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732- 1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң де Биғаңның көмегімен кең тараған.
2.Психология ғылымының салалары.Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология – қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.Педагогикалық психология – адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін Нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы – әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:
Даму психологиясы – әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
4. 60-70 жылдардағы психология мен педагогика
Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І- III сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың әдістемесін меңгермеді.Оқушылардың таным кызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі н уйымдастыру түрлерін дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудын аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады.60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин және басқалар). .Талызина,60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың ролі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері дидактикалық және психологиялық зерттеулерде көптеген (И.Я.Лернер, А.М.Мартюшин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б) оқушылардың таны камені мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.
Қорытынды
Соңғы жылдары кеңестік психологияның әр түрлі салалары мен қолданбалы зерттеулеріне қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай бола тұрса да, жалпы психоло-гияның теориялық мәселелеріне әлдеқайда аз назар аударылуда. Сонымен бірге кеңестік психология маркстік-лениндік философияның негізінде қалыптаса отырып, психиканы танудың негізінде болатын болат жаңа тәсілін ұсынып, алғаш рет психологияға жете зерттеуді қажет ететін бірқатар маңызды дәрежелерді (категорияларды) енгізген болатын
Осы дәрежелердің ішінен маңызды мәнге ие болатыны іс-әрекет дәрежесі К.Маркстың Фейербах жайлы айтқан әйгілі тезистерін еске түсірсек, бұрынғы мета-физикалық материали езистерін еске измнің оның сезгіштікті адам іс-әрекеті, тәжірибесі ретінде емес, сырттай байқап қарау формасы ретінде қарастыруы; әрекеттік жақ материализмге қарама-қарсы идеалистік адамның шынайы сезгіштік іс-әрекеті ретінде емес, оны ксіз ным дамыды, 2 де ұғынды.
Достарыңызбен бөлісу: |