20 жылғы № Қаратөбе аудан әкімдігінің



Дата04.07.2016
өлшемі104.8 Kb.
#177286
20____ жылғы «___» _________ № ____

Қаратөбе аудан әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде

жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы


  1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Ережесінің 50 тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу тәртібін анықтайды.

  2. Жыл сайын Ж.баз.т. объектінің жалпы алаңның жылына 1 шаршы метріне базалық жалдау ақысы ставкасын есептеуі тиісті жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішіне сай келтіріліп, коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілерін жалдауға (жалға алуға) беру ақысының мөлшерлемесін анықтау.

Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңының жылына объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метрін (Ж.баз.т) есептеу үшін тиісті жылға 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең, жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі белгіленді.

Аудандық коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілер және құрылыстардың жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесі әр нақты объекті үшін, объектінің аумақтық орналасуына, салудың түріне, объектінің түріне, объектінің техникалық жағдайы және ондағы инженерлік-коммуникациялардың бар болуына, мөлшерлемесімен және базалық қолданылатын коэффициент мөлшері негізінде, Жалдаушының объектіні пайдалануы және Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына сәйкес анықталады.

Объектіні бір айға пайдаланудың жалдау ақысының ең төменгі мөлшері 1,5 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінен кем болмауы керек.

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілермен құрылыстардың (Жал) жылдық жалдау ақысының есептеу формуласы келесі түрде беріледі:


Жалбаз.т.*К1*Кс*К2*К3*К4*Кұқн*S, ондағы
Жбаз.т. – тиісті жылына белгіленген 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне теңгемен тең объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;

К1- объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициенті;

Кс- салыну түрін ескеретін коэффициент;

К2- объектінің түрін ескеретін коэффициент;

К3- объектінің техникалық жағдайын және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;

К4- жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент;

Құқн- жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;

Sжалданатын объектінің жалпы алаңы, шаршы метр.
Коэффициенттер түрлері:
Объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициенттің мәні, «К1»




Объектінің аумақтық орналасуы

К1

1

2

3

1

Аудандық орталық

1,5

2

Кент, село (ауыл)

1,0



Салыну түрін ескеретін коэффициенттің мәні, «Кс»




Салыну түрі

Кт

1

2

3

1

Кеңселік

1

2

Өндірістік

0,8

3

Спорт құрылыстары (стадиондар, спортзалдары)

0,7

4

Қойма, гараж, қазандық

0,6

5

Электрмен жабдықтау системаның құрылыстары (жарықтандыру желілерінің тіректері)

2,0


Объектінің түрін ескеретін коэффициенттің мәні, «К2»




Объектінің түрі

К2

1

2

3

1

Бөлек тұрған құрылыс

1,0

2

Жер үсті қабаттарында орналасқан іргелес-жапсарлас салынған үй-жай, қосалқы үй-жай;

-3 тармағын қоспағанда ғимараттың ішіндегі үй-жай бөлігі



0,9

3

Астыңғы қабат (жартылай жертөле), жертөлелік үй-жай

0,7

4

Электрмен жабдықтау системаның құрылыстары (жарықтандыру желілерінің тіректері)

1,0



Объектінің техникалық жағдайын және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициенттің мәні, «К3»




Объектінің техникалық жағдайын және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуын

К3

1

2

3

1

Жақсы жабдықталған (барлық коммуникациялық жағдайлары бар болған кезде)

1,0

2

Инженерлік коммуникацияларсыз (сумен жабдықтау, кәріз жүйесі болмаған жағдайда), бірақ электр және жылу жүйелері болған жағдайда

0,9

3

Инженерлік коммуникацияларсыз

0,8

4

Электрмен жабдықтау системаның құрылыстары үшін (жарықтандыру желілерінің тіректері)

1,0


Жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициенттің мәні, «К4»




Жалдаушының объектіні пайдалануын

К4

1

2

3

1

Брокерлік қызмет және кедендік қызмет көрсету үшін, сақтандыру қызметі, инвестициялық компаниялармен, нотариалдық, адвокат кеңселеімен, бағалы қағаздар нарығымен байланысты айырбастау пункттері мен ұйымдар

3,0

2

Қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үй қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін

2,5

3

Банктердің есептік-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ- үшін

2,0

4

- ғылым және жоғары білім беру

- орта арнаулы, кәсіптік білім беру

- орта білім беру

- мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру салаларында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін



1,1

1,0

0,9

0,85


5

Денсаулық, спорт және мәдениет салаларында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін

0,9

6

Қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру үшін:




6.1

Кіруге шектеу қойылған коммуналдық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында

жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беру



0,5

6.2

мекемелерінде:

- асханалар: заңды тұлғалар үшін

жеке тұлғалар үшін
- буфеттер: заңды тұлғалар үшін

жеке тұлғалар үшін




0,55


0,45
0,75

0,65


6.3

Өзге де қызмет түрлері: - асханалар

- буфеттер



0,6

0,75


7

Халыққа қызмет көрсету (шаштараз, фотосурет, химиялық тазалау, кір жуу, киім, аяқ киім тігу және жөндеу, электр, радио, телеаппаратураларды және ұйымдастыру техникасын жөндеу), тұтыну таурларын, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді және қызметтерді өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу

0,6

8

Шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу

1-7 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда қызмет түрлері үшін



1,9



Жалдауышының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттің мәні, «Кұқн»




Жалдауышының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

Копф

1

2

3

1

Қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар үшін, коммерциялық емес ұйымдар

0,5

2

Мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) бар акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

3

Шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер шағын кісіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер үшін (сауда (делдалдық( қызметті қоспағанда өндіріс қызметін ұйымдастыратын және халыққа көрсету салаларын дамытуды ұйымдастыру үшін)

0,9

4

1-3 тармақтарында көрсетілген Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын қоспағанда ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары үшін

1,0



  1. Аудандық коммуналдық мүлік болып табылатын құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылының жалдау ақысын есептеуы келесі формуламен жүргізіледі:


Жал=Кқ*Пм, ондағы
Жал – бір жылға құрал-жабдықтарды, көлік құралдарымен тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді (заттар) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің төлем сомасы (теңгемен);

Кқ – мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозығын есептеуді есепке алғандағы құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және тағы да басқа жылжымайтын мүліктердің (заттардың) қалдық құны (теңгемен);

Пм- жылдық есеппен Жалдаушының (салалар бойынша) қызмет түріне қарай құрал-жабдықтарын, көлік құралдарын және тағы да басқа жылжымайтын мүліктерін (заттарын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін пайыздық мөлшерлемесі, %.

100 пайыз тозығы есептелген құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан санағанда қалдық құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.


Жалдаушының қызмет түрін ескеретін Пм коэффициент мәні




Жалдаушының қызмет түрлері (салалар бойынша)

Пм, (%)

1

2

3

1

Тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру (асхана, буфет), тамақ өнімдерін өндіру, халыққа медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету, білім беру, спорт, мәдени-ағарту қызметі

28

2

Тұтыну тауарларын өндіру, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен қызметтер, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық – есептеу және ұйымдастыру техникасы, байланыс

33

3

Көтерме – бөлшек және комиссиялық сауда, қоғамдық тамақтандыру (мейрамхана, кафе, бар)

38

4

1-3 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда қызмет түрлері үшін

38

4. Аудандық коммуналдық мүліктер болып табылатын мемлекеттік тұрғын емес қорының обьектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал – жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер(заттар) сағат бойынша мүліктік жалғауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:

Жс = Жал/12/К/24, ондағы
Жс – мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын үй емес қорының обьектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал - жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) бір сағатқа,теңгемен, жалдау ақысы мөлшері;

Жал – мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген кезде жылына жалдау ақысы теңгемен;



К – обьектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) берген кезіндегі айдың ішіндегі жүзеге асырылатын күндер саны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет