1.
|
|
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына
қосқан үлесі үшін» медалі
23. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
24. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен мұнай-газ өндірісінің тиімділігін, шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа ілгерілетуге, өнімдердің, озық технологиялардың жаңа түрлерін игеруге үлкен үлес қосқан және көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамыту және басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің жоғары кәсіби қызметкерлері, білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудағы елеулі үлесі үшін мұнай-газ бейінінің білім беру және ғылыми мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ мұнай-газ кешені еңбеккерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамытуға жеке үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
25. «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн әділет органдарын дамытуда елеулі үлес қосқан әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Еңбек ардагері» медалі
25-1. «Еңбек ардагері» медалімен (нақты салаға байланыстырмай) 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
26. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
27. «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен күнтізбелік есеппен кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар мұнай-газ саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары және ұзақ әрі мінсіз қызметі, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен мұнай және газ саласындағы елеулі үлесі үшін басқа да адамдар марапатталады.
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
28. «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы 15 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
29. «Заңгер» төсбелгісімен жоғары заң білімі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
30. «Заңгер» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) әділет органдары жүйесінде 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Заңгер»;
2) әділет органдары жүйесінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Заңгер»;
3) әділет органдары жүйесінде 7 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Заңгер».
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі
31. «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен әділет органдары жүйесінде 5 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі
32. «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі
33. «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен салық қызметі органдарын дамытудағы елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін салық қызметі органдарының жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген салық қызметі органдарының қызметкерлері марапатталады.
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі
34. «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындап жүрген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, арадагерлері және басқа да адамдар марапатталады.
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі
35. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, мемлекеттік басқарудың жаңа прогрессивті әдістерін енгізгені үшін, көп жылдық жемісті еңбегі мен егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік, қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы көп жылдық ерен еңбегі үшін марапатталады.
«Құрметті авиатор» төсбелгісі
36. «Құрметті авиатор» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындағаны үшін, бұл ретте бастамашылық және кәсібилігін танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп азаматтық авиация саласындағы қызметкерлер марапатталады.
37. Ерекше жағдайларда бұл белгімен азаматтық авиация саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін тұлғалар марапатталады.
«Құрметті жолшы» төсбелгісі
38. «Құрметті жолшы» төсбелгісімен автожол саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметте оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автожол саласындағы қызметкерлер марапатталады.
39. Ерекше жағдайларда бұл белгімен автомобиль жолдары саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі
40. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін және зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан да көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.
«Үздік автокөлікші» төсбелгісі
40-1. «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсіпқойлық танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.
41. Ерекше жағдайларда бұл белгілермен автомобиль көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі
42. «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, су көлігі саласында күнтізбелік есеппен 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі кәсіби шеберлікпен орындайтын су көлігі саласындағы қызметкерлер мараптталады.
43. Ерекше жағдайларда бұл белгімен су көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі
44. «Еңбек сiңiрген энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемiнде 15 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiп объектiлерiн электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi ұйымдастыру мен еңбек жағдайын жасау, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ ерекше сiңiрген еңбегi мен электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесi үшін ұйымдардың үздік мамандары, қызметшiлері, басшылары марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
45. «Еңбек даңқы» төсбелгісімен:
1) саланы дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрлар даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібі саласындағы жұмыскерлер;
2) металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
46. «Еңбек даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) металлургия өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Еңбек даңқы»;
2) металлургия өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Еңбек даңқы»;
3) металлургия өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Еңбек даңқы».
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
47. «Кенші даңқы» төсбелгісімен:
1) тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласының қызметкерлері;
2) тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
48. «Кенші даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Кенші даңқы»;
2) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Кенші даңқы»;
3) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Кенші даңқы».
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
49. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен:
1) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан көмір, дренаж шахталары мен разрездерінде жерасты және ашық жұмыстарда тұрақты істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар мінсіз жұмысы үшін;
2) көмір өнеркәсібі және шахта құрылыс кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін көмір өнеркәсібі саласының басқа қызметкерлері;
3) белсенді ынтымақтастығы мен көмір өнеркәсібін дамытуға жәрдемдескені үшін басқа салалардың қызметкерлері, шетелдік мамандар марапатталады.
50. «Шахтер даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) көмір өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін – І дәрежелi «Шахтер даңқы»;
2) көмір өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІ дәрежелi «Шахтер даңқы»;
3) көмір өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІІ дәрежелi «Шахтер даңқы».
51. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен жаңа техника мен технологияны жасаудағы, енгізу мен игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі айрықша жетістіктері үшін, аварияларды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамашылдығы үшін жұмыс өтілі есепке алынбай марапатталады.
«Құрметті энергетик» төсбелгісі
52. «Құрметтi энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiптiк объектiлердi электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi және еңбек жағдайын ұйымдастыру, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту, өндiрiстiк қуаттар мен әлеуметтiк-тұрмыс объектiлерiн мерзiмiнен бұрын пайдалануға беру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытуда айрықша еңбек сіңірген және жеке үлес қосқаны үшiн қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі
53. «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен:
1) мінсіз қызметі және кемінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін машина жасау өнеркәсібінің қызметкерлері;
2) машина жасау өнеркәсібін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларының қызметкерлері марапатталады.
«Атом саласының үздігі» төсбелгісі
54. «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен 5 және одан да көп жыл еңбек сіңірген атом саласының қызметкерлері және атом саласының ардагерлері белсенді және жемісті ынтымақтастығы, атом саласын дамытудағы жәрдемі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындаған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
55. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелері, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігі және жанқиярлығы үшін, кемінде 40 рет қан беруді және (немесе) кемінде 70 рет қан плазмасын беруді өтеусіз жүзеге асырғаны үшін марапатталады.
56. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
57. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан, денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлес қосқаны, диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны, медицина ғылымын, денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен инновациялық қызметті дамытқаны үшін марапатталады.
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі
58. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
59. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қазіргілерін жетілдіруге қосқан зор үлесі, зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері аясында ғылыми-зерттеу үдерістерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі табыстары, білікті ғылыми кадрларды даярлаудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
60. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын, олардың оқуын дараландыруды қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін және жаңа интерактивтік технологияларды оқу үдерісіне енгізгені, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары, өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагог қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
61. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
62. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі, спортшыларды, спорт-медициналық, спорт-ғылыми және дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқарушы кадрларды практикалық даярлаудағы табысы, спортты насихаттағаны және Қазақстанның спорттық өмірін ақпараттық тұрғыда қолдағаны үшін дене шынықтыру-спорт жұмысында ерекшеленген, 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар адамдар және дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін өзге де адамдар марапатталады.
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
63. «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен туризмнің материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытуда және нығайтуда қол жеткізген табыстары, туристік қызметке жұмыстың осы заманғы нысандары мен әдістерін, интерактивті технологияларды, ұйымдастыру техникасы мен электрондық байланысты енгізгені, Қазақстанның туристік имиджін құру, сырттан келу және ішкі туризмді дамыту, халықты туризмге насихаттау мен тарту жөніндегі жарнамалық-ақпараттық жұмыстағы жетістіктері, Қазақстанның оң имиджін белсенді насихаттағаны және қалыптастырғаны, кәсібилігі мен шығармашылығы, өңірлік, республикалық және халықаралық туристік бағдарламаларды және жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны және қол жеткізген табыстары, туризм саласында еңбекте қол жеткізген табыстары мен туризмнің барлық түрлерін дамытуға сіңірген еңбегі, туристік ұйымдар үшін білікті мамандарды даярлауға және тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, туризм саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі
64. «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен спорт саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар адамдар:
1) ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен танымал спортшыларды немесе командаларды даярлау жөнінде көп жылдық табысты оқу-жаттықтыру және тәрбие жұмысы үшін спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушылар, жаттықтырушылар;
2) балалар-жасөспірімдер спортын, жоғары жетістіктер спортын, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спортты, қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамытуға арналған оқу-әдістемелік әдебиетті, оқу құралдарын әзірлеудегі және дайындаудағы табыстары үшін;
3) дене шынықтыруды және спортты белсенді насихаттаушылар;
4) бұқаралық спортты дамыту жөнінде жемісті жұмыс атқарған спортты ұйымдастырушылар мен нұсқаушы-әдіскерлер марапатталады.
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісі
65. «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын туризм саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары 5 жыл және одан да көп туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі
66. «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтаудағы жоғары кәсіптік сапасы және жеке үлесі, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру және еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы және бастамашылдығы, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін экология саласының қызметкерлері және басқа да адамдар марапатталады.
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі
67. «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен құрылысты дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы құрылыс қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, құрылыс бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, құрылысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндірушілердің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, құрылыс саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, құрылыс өндірісінің жаңа озық технологияларын енгізгені, құрылыс қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, құрылыс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін құрылыс саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар құрылыс саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ құрылысты дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Құрметті сәулетші» төсбелгісі
68. «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен сәулет және қала құрылысын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, сәулет бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, сәулетшілердің, қала құрылысшыларының кәсіптік мүдделерін қорғағаны, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, сәулет және қала құрылысы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін сәулет және қала құрылысы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар сәулет саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ қазақстандық сәулет және қала құрылысын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі
69. «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия өнеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі
69. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Статистика үздігі» төсбелгісі
70. «Статистика үздігі» төсбелгісімен жұмыста жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, статистика саласында заң жобаларын және заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, статистикалық қызметті жетілдіру бойынша теориялық білімдерді тәжірибеге енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін статистика саласының қызметкерлері марапатталады.
«Үздік байланысшы» төсбелгісі
71. «Үздік байланысшы» төсбелгісімен ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсіпқойлық танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 15 жыл және одан көп қызметкерлер марапатталады.
72. Ерекше жағдайларда бұл белгімен ақпараттандыру және байланыс саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар марапатталады.
«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі
73. «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, геологияның дамуына және елдің минералдық-шикізат базасын басқаруға зор үлес қосқан қызметкерлері геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын ғылыми негіздегені, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны және оларды барлағаны үшін, геологиялық барлау жұмыстары практикасына ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізгені үшін, өндірістік қызметте қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін, геологиялық кадрларды дайындау және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін, жемісті ғылыми және қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ геология және жер қойнауын пайдалану саласында шет елдермен табысты ынтымақтастық жасағаны үшін марапатталады.
«Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі
74. «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, жер қойнауын геологиялық зерделеу, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының кен орындарын іздестіру және барлау ісіне жеке зор үлес қосқан қызметкерлері және осы ретте қол жеткізілген жоғары өндірістік, ғылыми, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштер үшін марапатталады.
«Заң саласының үздігі» төсбелгісі
75. «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындайтын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 10 жыл және одан астам еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталады.
«Құрметті кенші» төсбелгісі
76. «Құрметті кенші» төсбелгісімен тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысының қызметкерлері марапатталады. Тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті кенші» төсбелгісі бұрын «Кенші даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.
«Құрметті металлург» төс белгісі
77. «Құрметті металлург» төс белгісі металлургия саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері марапатталады. Металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті металлург» төс белгісі бұрын «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
78. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын ақпарат саласындағы қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу, еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша марапатталады.
79. Ерекше жағдайларда бұл белгімен ақпарат саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар марапатталады.
«Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі
80. «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері жоғары кәсіптік қасиеті мен гидрометеорологиялық қызметтің, Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының ластануын мониторингілеуді дамытуға қосқан жеке үлесі, еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы мен бастамашылығы үшін марапатталады.
|
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі
23. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
______________________________________________________
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
24. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен мұнай-газ өндірісінің тиімділігін, шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа ілгерілетуге, өнімдердің, озық технологиялардың жаңа түрлерін игеруге үлкен үлес қосқан және көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамыту және басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің жоғары кәсіби қызметкерлері, білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудағы елеулі үлесі үшін мұнай-газ бейінінің білім беру және ғылыми мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ мұнай-газ кешені еңбеккерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамытуға жеке үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
______________________________________________________
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
25. «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн әділет органдарын дамытуда елеулі үлес қосқан әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
______________________________________________________
«Еңбек ардагері» медалі
26. «Еңбек ардагері» медалімен (нақты салаға байланыстырмай) 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.
______________________________________________________
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
27. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
______________________________________________________
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
28. «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен күнтізбелік есеппен кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар мұнай-газ саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары және ұзақ әрі мінсіз қызметі, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен мұнай және газ саласындағы елеулі үлесі үшін басқа да адамдар марапатталады.
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі
29. «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтаудағы жоғары кәсіптік сапасы және жеке үлесі, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру және еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы және бастамашылдығы, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін экология саласының қызметкерлері және басқа да адамдар марапатталады.
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі
30. «Еңбек сiңiрген энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемiнде 15 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiп объектiлерiн электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi ұйымдастыру мен еңбек жағдайын жасау, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ ерекше сiңiрген еңбегi мен электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесi үшін ұйымдардың үздік мамандары, қызметшiлері, басшылары марапатталады.
«Құрметті энергетик» төсбелгісі
31. «Құрметтi энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiптiк объектiлердi электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi және еңбек жағдайын ұйымдастыру, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту, өндiрiстiк қуаттар мен әлеуметтiк-тұрмыс объектiлерiн мерзiмiнен бұрын пайдалануға беру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытуда айрықша еңбек сіңірген және жеке үлес қосқаны үшiн қызметкерлер марапатталады.
«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі 32. «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, геологияның дамуына және елдің минералдық-шикізат базасын басқаруға зор үлес қосқан қызметкерлері геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын ғылыми негіздегені, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны және оларды барлағаны үшін, геологиялық барлау жұмыстары практикасына ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізгені үшін, өндірістік қызметте қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін, геологиялық кадрларды дайындау және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін, жемісті ғылыми және қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ геология және жер қойнауын пайдалану саласында шет елдермен табысты ынтымақтастық жасағаны үшін марапатталады. «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі
33. «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, жер қойнауын геологиялық зерделеу, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының кен орындарын іздестіру және барлау ісіне жеке зор үлес қосқан қызметкерлері және осы ретте қол жеткізілген жоғары өндірістік, ғылыми, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштер үшін марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
34. «Кенші даңқы» төсбелгісімен:
1) тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласының қызметкерлері;
2) тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
35. «Кенші даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Кенші даңқы»;
2) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Кенші даңқы»;
3) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Кенші даңқы».
«Құрметті кенші» төсбелгісі
36. «Құрметті кенші» төсбелгісімен тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысының қызметкерлері марапатталады. Тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті кенші» төсбелгісі бұрын «Кенші даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.
______________________________________________________
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
37. «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы 15 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
38. «Заңгер» төсбелгісімен жоғары заң білімі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
39. «Заңгер» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) әділет органдары жүйесінде 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Заңгер»;
2) әділет органдары жүйесінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Заңгер»;
3) әділет органдары жүйесінде 7 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Заңгер».
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі
40. «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен әділет органдары жүйесінде 5 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
______________________________________________________
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі
41. «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі
42. «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен салық қызметі органдарын дамытудағы елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін салық қызметі органдарының жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген салық қызметі органдарының қызметкерлері марапатталады.
______________________________________________________
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі
43. «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындап жүрген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, арадагерлері және басқа да адамдар марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
44. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелері, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігі және жанқиярлығы үшін, кемінде 40 рет қан беруді және (немесе) кемінде 70 рет қан плазмасын беруді өтеусіз жүзеге асырғаны үшін марапатталады.
45. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
46. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан, денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлес қосқаны, диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны, медицина ғылымын, денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен инновациялық қызметті дамытқаны үшін марапатталады.
______________________________________________________
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі
47. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, мемлекеттік басқарудың жаңа прогрессивті әдістерін енгізгені үшін, көп жылдық жемісті еңбегі мен егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік, қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы көп жылдық ерен еңбегі үшін марапатталады.
«Құрметті авиатор» төсбелгісі
48. «Құрметті авиатор» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындағаны үшін, бұл ретте бастамашылық және кәсібилігін танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп азаматтық авиация саласындағы қызметкерлер марапатталады.
49. Ерекше жағдайларда бұл белгімен азаматтық авиация саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін тұлғалар марапатталады.
«Құрметті жолшы» төсбелгісі
50. «Құрметті жолшы» төсбелгісімен автожол саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметте оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автожол саласындағы қызметкерлер марапатталады.
51. Ерекше жағдайларда бұл белгімен автомобиль жолдары саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі
52. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін және зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан да көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.
«Үздік автокөлікші» төсбелгісі
53. «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсіпқойлық танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.
54. Ерекше жағдайларда бұл белгілермен автомобиль көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі
55. «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, су көлігі саласында күнтізбелік есеппен 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі кәсіби шеберлікпен орындайтын су көлігі саласындағы қызметкерлер мараптталады.
56. Ерекше жағдайларда бұл белгімен су көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Үздік байланысшы» төсбелгісі
57. «Үздік байланысшы» төсбелгісімен ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсіпқойлық танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 15 жыл және одан көп қызметкерлер марапатталады.
58. Ерекше жағдайларда бұл белгімен ақпараттандыру және байланыс саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
59. «Еңбек даңқы» төсбелгісімен:
1) саланы дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрлар даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібі саласындағы жұмыскерлер;
2) металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
60. «Еңбек даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) металлургия өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Еңбек даңқы»;
2) металлургия өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Еңбек даңқы»;
3) металлургия өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Еңбек даңқы».
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
61. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен:
1) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан көмір, дренаж шахталары мен разрездерінде жерасты және ашық жұмыстарда тұрақты істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар мінсіз жұмысы үшін;
2) көмір өнеркәсібі және шахта құрылыс кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін көмір өнеркәсібі саласының басқа қызметкерлері;
3) белсенді ынтымақтастығы мен көмір өнеркәсібін дамытуға жәрдемдескені үшін басқа салалардың қызметкерлері, шетелдік мамандар марапатталады.
62. «Шахтер даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) көмір өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін – І дәрежелi «Шахтер даңқы»;
2) көмір өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІ дәрежелi «Шахтер даңқы»;
3) көмір өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІІ дәрежелi «Шахтер даңқы».
63. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен жаңа техника мен технологияны жасаудағы, енгізу мен игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі айрықша жетістіктері үшін, аварияларды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамашылдығы үшін жұмыс өтілі есепке алынбай марапатталады.
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі
64. «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен:
1) мінсіз қызметі және кемінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін машина жасау өнеркәсібінің қызметкерлері;
2) машина жасау өнеркәсібін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларының қызметкерлері марапатталады.
«Атом саласының үздігі» төсбелгісі
65. «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен 5 және одан да көп жыл еңбек сіңірген атом саласының қызметкерлері және атом саласының ардагерлері белсенді және жемісті ынтымақтастығы, атом саласын дамытудағы жәрдемі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындаған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін марапатталады.
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі
66. «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия өнеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
67. «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен туризмнің материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытуда және нығайтуда қол жеткізген табыстары, туристік қызметке жұмыстың осы заманғы нысандары мен әдістерін, интерактивті технологияларды, ұйымдастыру техникасы мен электрондық байланысты енгізгені, Қазақстанның туристік имиджін құру, сырттан келу және ішкі туризмді дамыту, халықты туризмге насихаттау мен тарту жөніндегі жарнамалық-ақпараттық жұмыстағы жетістіктері, Қазақстанның оң имиджін белсенді насихаттағаны және қалыптастырғаны, кәсібилігі мен шығармашылығы, өңірлік, республикалық және халықаралық туристік бағдарламаларды және жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны және қол жеткізген табыстары, туризм саласында еңбекте қол жеткізген табыстары мен туризмнің барлық түрлерін дамытуға сіңірген еңбегі, туристік ұйымдар үшін білікті мамандарды даярлауға және тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, туризм саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісі
68. «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын туризм саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары 5 жыл және одан да көп туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Құрметті металлург» төс белгісі
69. «Құрметті металлург» төс белгісі металлургия саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері марапатталады. Металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті металлург» төс белгісі бұрын «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.
«Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі
70. «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері жоғары кәсіптік қасиеті мен гидрометеорологиялық қызметтің, Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының ластануын мониторингілеуді дамытуға қосқан жеке үлесі, еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы мен бастамашылығы үшін марапатталады.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
71. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын ақпарат саласындағы қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу, еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша марапатталады.
72. Ерекше жағдайларда бұл белгімен ақпарат саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар марапатталады.
______________________________________________________
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі
73. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
74. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қазіргілерін жетілдіруге қосқан зор үлесі, зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері аясында ғылыми-зерттеу үдерістерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі табыстары, білікті ғылыми кадрларды даярлаудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
75. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын, олардың оқуын дараландыруды қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін және жаңа интерактивтік технологияларды оқу үдерісіне енгізгені, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары, өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагог қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.
______________________________________________________
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
76. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
77. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі, спортшыларды, спорт-медициналық, спорт-ғылыми және дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқарушы кадрларды практикалық даярлаудағы табысы, спортты насихаттағаны және Қазақстанның спорттық өмірін ақпараттық тұрғыда қолдағаны үшін дене шынықтыру-спорт жұмысында ерекшеленген, 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар адамдар және дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін өзге де адамдар марапатталады.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі
78. «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен спорт саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар адамдар:
1) ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен танымал спортшыларды немесе командаларды даярлау жөнінде көп жылдық табысты оқу-жаттықтыру және тәрбие жұмысы үшін спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушылар, жаттықтырушылар;
2) балалар-жасөспірімдер спортын, жоғары жетістіктер спортын, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спортты, қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамытуға арналған оқу-әдістемелік әдебиетті, оқу құралдарын әзірлеудегі және дайындаудағы табыстары үшін;
3) дене шынықтыруды және спортты белсенді насихаттаушылар;
4) бұқаралық спортты дамыту жөнінде жемісті жұмыс атқарған спортты ұйымдастырушылар мен нұсқаушы-әдіскерлер марапатталады.
______________________________________________________
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі
79. «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен құрылысты дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы құрылыс қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, құрылыс бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, құрылысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндірушілердің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, құрылыс саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, құрылыс өндірісінің жаңа озық технологияларын енгізгені, құрылыс қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, құрылыс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін құрылыс саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар құрылыс саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ құрылысты дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Құрметті сәулетші» төсбелгісі
80. «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен сәулет және қала құрылысын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, сәулет бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, сәулетшілердің, қала құрылысшыларының кәсіптік мүдделерін қорғағаны, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, сәулет және қала құрылысы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін сәулет және қала құрылысы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар сәулет саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ қазақстандық сәулет және қала құрылысын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі
81. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Статистика үздігі» төсбелгісі
82. «Статистика үздігі» төсбелгісімен жұмыста жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, статистика саласында заң жобаларын және заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, статистикалық қызметті жетілдіру бойынша теориялық білімдерді тәжірибеге енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін статистика саласының қызметкерлері марапатталады.
______________________________________________________
«Заң саласының үздігі» төсбелгісі
83. «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындайтын, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінде жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес қызметкерлері марапатталады.
|
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкестіндіру, сонымен бірге техникалық қателерді жою мақсатында.
|